Разработка урока по казахскому языку для 2 класса Мені? о?у ??ралдарым


АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: МЕНІҢ ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫМ.
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Әлімбаева Г.И.
Сынып: 2
Күні: 13.02.17ж.
Сабақтың тақырыбы: Менің оқу құралдарым. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту. 2.Дамытушылық:оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту; 3.Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын сауатты, таза ұстауға тәрбиелеу; Сабақтың әдісі-тәсілдері: оқу- аудару, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үлестірмелі кәртішкелер. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі -. Оқушылармен амандасу.  Сұрақтар: Балалар! Қазір қай жыл мезгілі? Көктем айлары қандай? Көктемде құстар не істейді? Көктемде ауа райы қалай болады? Ауа райы қандай? Үйге қандай тапсырма берілді ? 3. Үй тапсырмасын тексеру: Апта күндерін атау.4.Жаңа сабаққа дайындық:Нелерді көріп тұрсыңдар? Бір сөзбен қалай атаймыз? Дұрыс, бұл оқу құралдары. Біздің сабағымыздың тақырыбы: Менің оқу құралдарым.. Сабағымыздың мақсаты: оқу құралдары туралы білімдерімізді жинақтап, дидактикалық ойын түрлері арқылы бекіту.  5. Жаңа сабақБалалар! Дәптерлерін ашыңдар,бүгінгі күнін, айын жазыңдар. Жаңа сөздермен жұмыс істейміз. Оқу құралдар өте көп, әр сабаққа қажетті оқу құралдармен танысайық. 
Сөздік жұмысы:Ермексаз-пластилин Түрлі түсті-цветные  Бояулар-краски Желім-клей Сурет дәптері-альбом для рисования 
Оқулықпен жұмыс: 134б. 3 тапсырма мәтін «Оқу құралдары» Мұғалім мәнерлеп оқиды, мәтінмен жұмыс: 1 қатар: мәтінді тізбектеп оқы. 2 қатар: мәтінді аудар. 3 қатар: мәтіннен жаңа сөздерді тап. Сергіту сәті: Кәне,балалар, тұрамыз Қалам, қарындаш аламыз Оңға бұрыл, солға бұрыл Біз демалып қаламыз. Ал, балалар, қазір біз дидактикалық ойындар жасаймыз. Тақтаға назар аударыңдар. 1 тапсырма: Сөздердің дұрыс аудармасын тап. 2 тапсырма: Сөйлеп үйрен көрсет.Сабақты бекіту: . 1-Кітап не үшін керек? Кітап оқу үшін керек. 2-Өшіргіш не үшін керек? Өшіргіш өшіру үшін керек. 3-Сызғыш не үшін керек? Сызғыш сызу үшін керек. 4-Дәптер не үшін керек? Дәптер жазу үшін керек. 5-Түрлі түсті қарындаш не үшін керек? Түрлі түсті қарындаш сурет салу үшін керек. 6-Оқу құралдар не үшін керек? Оқу құралдар оқу, жазу, сызу ,өшіру,сурет салу үшін керек. 
. 4 тапсырма. Өлеңді оқуКітап, дәптер, қаламым, Сөмкеме оны саламын. Күтетін оқу құралын, Мен әдепті баламын. 
Қорытынды. 
Үйге тапсырма: жаңа сөздер жаттау Бағалау.