Разработка урока по казахской литературы ?абдеш. Ж?маділов ?озык?ре?


Қысқа мерзімді жоспар
5-сынып
Тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов. «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан)
Пәні Қазақ әдебиеті 5-сынып 1-сабақ
Сабақтың тақырыбы

Қабдеш Жұмаділов. «Қозыкүрең» («Сәйгүліктер» романынан)
Мақсаты «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын түсінуге, білім алуда өз бетінше іздене білу, ой түйінін айтуда, ойын тұжырымдап, қорытынды жасау машығын дамыту.
Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы жайлы Табиғат перзенті жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастарын дамыту.
Оқыту нәтижелері «Қозыкүрең» әңгімесінің мазмұнын толық түсінеді. Өз бетінше іздене біледі. Қорытынды, тұжырым жасауда ойын жинақтап ретімен сөйлей алады. Қазақ-қырғыз халықтары арасындағы тарихи қалыптасқан қарым-қатынастың, адал көңіл-ниеттің, шынайы бауырластығы туралы мәлімет алады.
Жылқы малына деген сүйіспеншілік көзқарастарын қалыптастырады.
Сілтемелер
Қазақ әдебиеті 5 сынып.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
 ( үшінші негізгі деңгей)
Жылқы малының ерекшелігі: https://www.youtube.com/watch?v=XWEa0Dd_Vxs
http://www.cpm.kz/ru/portal/piggy/massload.php?ID=222560&backurl=portal/&furl=Y
Түйінді идеялар өмірі мен шығармашылығын білу.
Жылқының қасиеттілігін ұлықтау, ұлт достастығын сезіну.
Тапсырмалар Сергіту сәті: би билейді.
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Дөңгеленіп тұрады бір –біріне жақсы сөздер айтады.
Оқушылар әр қайсысы осы сөздерді қайталап өздеріне сәттілік тілейді.
Сыныпты топқа бөлу: 4 түрлі конфеттің түсімен, 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасына: Жылқы малының қасиеті, пайдасы,зияны т.б туралы ізденіс жұмысы
Тапсырманы «Өрмекші торы» арқылы бір –біріне сұрақ қойып, білімдерін толықтырады.
Блум таксономиясы бойынша:
Білу. Жаңа тақырыпты бейнероликті көрсету арқылы табу.
Миға шабуыл
Әңгіме дегеніміз не?
Қазақ халқы неге жылқы малын жоғары бағалаған?
Түсіну. Тақырып бойынша оқушының оқытылу деңгейіне сәйкес деңгейлік тапсырмалар беріледі.
Жоғары деңгей – Жылқы малына жазбаша сұрақтарға әр топ жауап береді.
1.Жылқыны жеті қазынаның бірі деп неге қастерлеген? Жылқы туралы не білеміз?1. Елестетеді.2. Бұрынғы біліміне сүйенеді.3. Еске түсіреді.4. Жазады.(Оқушылар өз ойларын топпен айтады)
2. 1. «Қозыкүрең» әңгімесінде қай тау бөктеріде қазақ-қырғыз халқы қанаттас отырған?
2. Әңгіме кейіпкелерін ата?
3. – Бұлар менің жиендерім ......-деп кімдерді таныстырады?
4. –Жігіттер , мен бірдеңе білсем, сендер осы Қозыкүреңнен айырыласыңдар ,-деген кім еді?
5. Неліктен жылқы «Қозыкүрең» - деп аталды.
6. Қозыкүрең неліктер қаша жөнелді?
7. Сағыныш сөзін қалай түсінеміз?
Орташа деңгей – шығарма кейіпкерлеріне сипаттама беру. Әр кейіпкерге тоқталып мінездеме беру.
Төменгі деңгей – бір топ екінші топқа қойылған сұрақтарға жауап беру. Жылқы малының қасиетін көрсету үшін үш топқа да жылқы туралы бес жолды, бір шумақ өлең шығару.
Қолдану
«Қозыкүрең» шығармасынан не білдік? Білімдерін жинақтап постерге түсіреді.
Көзімізге нені елестеттік. Өмірде қандай жағдаймен салыстыруға болады?
Жазушы не себепті осы шығарманың атын «Қозыкүрең» деп атады?
Постер қорғау
Талдау. Постерді сурет арқылы немесе сызба арқылы түсіргендерін талдау, сұрақ қою.
Синтездеу. Бағдаршам бойынша қолдарындағы түстерді көтереді.
Инсерт әдісі: Нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді? Менің көзқарасым.
Жасыл – мен жақсы түсіндім және басқаға да түсіндіре аламын
Сары – мен түсінемін, бірақ барлығын емес.
Қызыл – мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбей қалдым
Жылқы малы жайында белетінім Жылқы малы жайында білгенім
Бағалау критерийлері 2 жұлдыз, 1 тілек әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.
Бағалау парағын үлестіріп, қорытынды бағасын қою.
Эдвард де Бононың «Алты қалпақ» әдісін пайдалану.
Келесі оқылым Үй тапсырмасына: «Ат –ер қанаты» тақырыбына сурет салу, өлең жазу немесе әңгіме жазу.