Конспект по казахской литературы на тему Ахмет Байт?рсынов ?ара б?лт


Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 6 «ә»
Сабақтың тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов «Қара бұлт».Сабақтың мақсаты: 1. А. Байтұрсынұлының өмірбаянымен таныстыру; «Қара бұлт» мысалының мазмұнын меңгерте отырып, идеясын ашу. 2. Оқушыларға өз ойын ашық айтуға көркемдеп еркін сөйлеуге, мәнерлеп, рөлге бөліп оқуға дағдыландыру, ойлау әрекеттерін қозғалысқа түсіру.3. Автор көтерген идея арқылы жас ұрпақты қайырымдылыққа, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, жаман әдеттен жирендіру.Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағыСабақтың түрі: мотивациялық, танымдық сабағыСабақтың формасы: топтық жұмысСабақтың әдісі: сыни тұрғысынан ойлау, оқу мен жазуды дамыту.
Көрнекіліктер: Ахмет портреті, оқулық

Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі 1. Сәлемдесу. 2. Кезекші мәлімдемесі.  З. Журнал бойынша түгелдеу.ІІ. Мақсат қою
ІІІ.Жаңа сабақ. Бүгінгі танысатын мысалымыз А. Байтұрсыновтың «Қара бұлт» өлеңі.Сөздікпен жұмысАптап - өте ыстық, көк - аспан, құр - жәй, пәрменінше - бар күшімен, қайран қалу - таңқалу, қайыр - пайда.Жалпы география пәнінен бұлт туралы не білесіңдер? Оның табиғаттағы маңызы туралы айтып кету.Миға шабуыл1. Өлеңде не туралы айтылғаны жөнінде, қандай кейіпкерлер қатысқанын сұраймын.(Бұлт, шаруалар, қурап тұрған егін)2. Әр шумағын оқыта отырып, мазмұнын аштырамын. Өз сөздерімен мазмұнын баяндап береді
3. Рөлге бөліп сахналандыру. Екі оқушы: бірі - тау, екіншісі - автор.
ІV.Түсінігін тексеру
Поэтикалық талдау жасау. (Шумақ, бунақ, ұйқас түрлерін ажыратып, көркемдегіш тәсілдерін мәтіннен табу. Бұлттай – теңеу, әпитет, кейіптеу)Мәтінді тағы бір мәрте мәнерлеп оқыту. Сұрақтарға жауап:1) Ақын қара бұлт арқылы өмірдегі қандай адамдарды бейнелеген?2) Тау сөзімен адамдардың қандай қасиетін көрсетпек болған?Жаңа сабақты бекіту.Ү. «Венн диаграммасы»БҰЛТ адам ТАУойындағы қасиеттер● Бұлт пен таудың астарында қандай адамдар жатыр?● Бұлтқа ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?● Тауға ұқсағысы келетін оқушы бар ма екен?● Бұлт қандай бейне?● Тау қандай бейне?
● Абай атамыз айтқандай адам бойындағы бес асыл іс пен бес дұшпанды қане, кім атап береді?
Бұл мысалда ғибрат алар қай шумақ? Оқыту.Егерде сол қадарлы жаусаң жерге,Су берсең шөлдеп тұрған егіндерге.Көк шығып, жер отайып, егін өсіп,Қандай зор тиер еді пайдаң елге.Венн диаграммасы арқылы Тау бойындағы, бұлт бойындағы қасиеттерді тапқызып, таудың, бұлттың мінез - құлықтарын ашқызу. Адам бойындағы қасиеттермен, өмірмен байланыстыра айтқызу.Ақын мысалындағы байлық үшін, мансап үшін, жақсылығы өз басынан артылмаған, сусап, құрғап тұрған егінге тамбай, онсыз да суы көп теңізге барып бар пәрменінше жаңбырын құя салған қара бұлтты адам бойындағы қандай қасиетке теңер едіңдер?«Дәптермен жұмыс» мәтіннен синоним, антоним сөздерін теріп жазу.Синоним - тамбау, жаумау; пайда, қайыр;Антоним - жаумай - құя салу;«ҮІ. «Ой қорыту» (пікіралысу)- Қайырымдылық деген не?Қазіргі заманда қайырымдылық керек немесе керек емес.Түйін:Адам - өмірге қонақ.Мақсат - бүгінгі айтылған жаман қасиеттерден аулақ болып, қайырымды, адал өмір сүру.VІІ. БағалауVІІІ. Үйге тапсырма: 1. Тақырыптық сурет салып келу.2. «Анама хат» өлеңін талдап келу.