Та?ырыбы: «Бауырса?» ертегісіні? кейіпкерлері


«Құлыншақ» ортаңғы тобында ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 09.11.2016ж.
Білім беру саласы: Коммуникация.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Драма.
Тақырыбы: «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.
Мақсаты: Ертегіні тыңдауға қызығушылықтарын арттыру. Қолданылатын көрнекі құралдар: Бауырсақ ертегісінің суреттері, материалдар.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Педагогтің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекетіМотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбер:
Қайырлы күн!
Жарқырап күн ашылды,
Алтын сәуле таратын.
Қайырлы күн!
Біз нәзік қыздармыз.
Қайырлы күн!
Біз ер жүрек ұлдармыз. Шаттық шеңберге тұрады, бір- бірімен амандасады.
Шеңберге тұрып, тақпақты қимылмен айтады.
Ұйымдастырушылық-
ізденістік
Балалар өткен ұйымдастырылаған оқу іс-әрекетімізде Ертегіге саяхат жасадық, Жетілақ ертегісіне. Қане еске түсіріп өтейікші.
-Біз бүгін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде ертеден келе жатқан «Бауырсақ»ертегісі. Бұл ертегіні бәрімізде білеміз. Ертегіні есімізге түсірейікші. Ертеде шалмен кемпір болыпты, шалы кемпіріне бауырсақ пісіруін сұрайды. Кемпір бауырсақ пісіріп, суысын деп терезе алдына қояды. Жата-жата жалыққан бауырсақ, терезеден секіріп түсіп домалай жөнеледі. Жолда қоянға, қасқырға, аюға кездеседі, түлкі бауырсақты жеп қояды. Міне балалар, бауырсақ сәтсіздікке ұшырайды. -Түлкі қандай? -Бауырсақты жеп қойғаны аянышты ма? Ал енді бүгін «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасында бауырсақ сәтсіздікке ұшырамайды, керісінше жақсылыққа кенеледі.Олай болса, «Бауырсақ» ертегісінің жаңа нұсқасымен таныс болайық. Балаларымыз рөльдерге бөліп ойнап көрейік. Кемпір: -Неден пісірейін?Ұн жоқ қой! Балалар жауап береді.
Балалар еске түсіреді.
-Айлакер, қу.
-Әрине.
Балалар рөльдерге бөлінеді.
Шал: Әй,кемпір-ай!Қойманың түбін қырнап көрсең ғой бауырсақтық ұн табылып қалар. Педагог:Кемпір солай істейді,қойма түбін қырнап-қырнап екі уыс ұн табады да,қаймақ қосып,қамыр илеп,бауырсақты майға пісіріп,терезе алдына суытқалы қояды.Жата-жата жалыққан бауырсақ терезе алдынан домалап түседі де,одан әрі жолмен зырлай жөнеледі.Бауырсақ жолда зымырап бара жатса,қарсы алдынан қоян шыға келеді. Қоян: Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: Жоқ,сен мені жеме саған өлең айтып берем. -Мен бауырсақ,бауырсақ, Атамнан қаштым, Әжемнен қаштым. Ал сенен қашу,қоян, Қиын емес маған. Осылай әндетіп бауырсақ домалай жөнеледі. Бауырсақ жалғыз аяқ жолмен келе жатса,оның алдынан қасқыр шыға келіп. Қасқыр: Бауырсақ!бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: -Сен мені жеме,мен саған өлең айтып беремін. -Мен бауырсақ,бауырсақ Мен атамнан қаштым Әжемнен де қаштым Қасқыр,сенен де құтылам-деп домалай жөнеледі. Бауырсақ орман ішімен домалап келе жатса оған аю қарсы шығады. Аю: Әй,бауырсақ!Мен сені жеп қоямын! Бауырсақ: -Сен мені жеме, мен саған өлең айтып берейін. -Менен бауырсақ,бауырсақ -Менен бауырсақ,бауырсақ Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Мен атамнан қаштым, Мен әжемнен қаштым. Қояннан да қаштым, Қасқырдан да қаштым Аю сенен де қашам-деп Педагог: Осылай бауырсақ әрі қарай домалай жөнеледі. Түлкі: Амансыңба,бауырсақ!Көргендерге ұнайды, жүзің қызыл шырайлы! Педагог: Бауырсақ мақтағанға мәз болып,өлеңін айта бастайды.Түлкі болса қыбырын білдірмей,жақындай береді. Түлкі: -Оңай құтыла алмайсың,менің тапсырмаларымды орында, сені жемеймін. Мен жұмбақ жасырамын.
Күнде жейміз.
Тәтті дейміз.
Қадір тұтып құрметтейміз.
Жарайды бауырсақ мен сені жемеймін,сенің достарың көп екен. Сау болыңдар! Сергіту сәті. Мынау-менің жүрегім, Бәрі осыдан басталған. Мынау-басым ақылды, Бәрін осы атқарған. Мынау-менің оң қолым, Мынау-менің сол қолым, Барлық істі атқарған.
Ғажайып сәт!
Бауырсақтың келуі Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.
Бауырсақ жауап береді.
-Нан.
Балалар таңдана қарайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік Балалар бүгін біз қандай ертегімен таныстық.
Жарайсыңдар, балалар.
-Бауырсақ неден жасалады? -Ұнанан жасалатын тағамдарды атаңдаршы?Бауырсақ кандай аңдарға кездеседі?
-Түлкі қандай?
Ертегі сендерге несімен ұнады?
Балаларды жеке-жеке мақтап, мадақтау. Балалардың жауабы.-Бауырсақ ертегісімен.
-Ұннан жасалады.-Бауырсақ,нан,торт,печенье.
Балалар түлкімен қоштасады.
-Қоян.-Қасқыр.-Аю.-Айлакер,қу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: балалар жағымды, жағымсыз қасиеттерді айыра білді. Игерді: кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалай білуді.
Меңгерді: ертегінің мазмұнын айта білуді.