?лтты? ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен ?рпі.


Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәні: Сауат ашу
Күні:
«Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ
Мұғалім: Қалиасқарова Қ.Қ.
Сабақтың тақырыбы Ұлттық ойындар туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту
1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту
1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Сабақтың мақсаттары Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Музыка, ана тілі , орыс тілі
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Ойын-игра
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут 1.Шеңбер болып тұрайық
Алақанды ашайық
Күннің жылуын салайық,
Мейірім жылуын салайық,
Таза ауа жылуын салайық.
Жиналған бар жылуды,
Бір-бірімізге сыйлайық!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
2.Топқа бөлу
3. Экранға назар аударайық.
(Велосипед тепкен бала слайд)
Балалар, суреттен кімді көріп отырсындар?
Ол не істеп жүр?
Бала велосипед теуіп жүр.
Велосипед деген сөзді буынға бөліп көрейік.
Ве-ло-си-пед 4 буын.
Бұл сөзге дыбыстық талдау жасайық.
В , е , л о с и п е д (дауысты, дауыссыз дыбыс екенін айту)
Жақсы балалар. Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Тыңдалым.
Балалар, біз бүгін жаңа дыбыспен танысамыз. (В көрсету)
Бұл Вв әрпі.
Вв-ның баспа түріне назар аударайық. Қанеки, барлығымыз хормен в-в-в деп айтып көрейікші.
(Балалардың жауаптары: Вв дегенде үстіңгі тіспен астыңғы ерінді ақырын тістейміз Ввв.
В дегенде кеуде қуысынан шыққан дыбыс кедергіге шалынады.
Ол дыбыс созылмайды, вв дыбысы әндетілмейді.
-Тақтаға назар аударайық,бұл Вв –ның жазба түрі.
Жүмыс істемейтін жолдың жоғарғы жағынан бір нүкте белгілеп, тқмен қарай көлбеу түзу сызық жүргіземіз. Жұмыс істейтін жолды қиып өтеміз. Жұмыс істейтін жолдың төменгі жағына жетпес бұрыс, сол жаққа ілмек жасап, оны жоғары қарай көтереміз, алғаш белгілеген нүктені қиып өтіп, оң жаққа қарай жарты дөңгелек жасап, оны жұмыс істейтін жолдың жоғарғыжағына әкеліп, көлбеу сызыққа тигіземіз. Жұмыс істейтін жолға жарты дөңгелек жасап, оны көлбеу сызыққа қарай әкелеміз. Бірақ ол көлбеу сызыққа тимейді. Енді бұл әріпті ауада жазып көрейік. Бұл әріп үш элементтен тұрады.
Енді кіші в-ны жазайық. Жұмыс істейтін жолдың жоғарғы жағынан нүкте белгілеп, оны көлбеу қылып, жоғары қарай жазамыз. Жұмыс істемейтін жолдың жоғарғы жағына апарып, сол жаққа қарай ілмек жасап, астыға қарай көлбеу тұзу жүргіземіз. Жұмыс істейтін жолдың үстіңгі жағын қиып өтіп, жұмыс істейтін жолдың астына жетпес бұрын, оң жаққа ілмек жасаймыз. Жарты дқңгелек жасап, жұмыс істейтін жолға жетпес бұрын, солға қарай ілмек жасап, жұмыс істейтін жолдың үстіңгі жағына дейін апарамыз.
№2Оқылым.
Экранға назар аударайық. Балалар қалай ойлайсыңдар, қонағымыз ат жарысына тқмендегі қай көлікпен келеді?
І топ: велосипедпен келуге болады.
ІІ топ: трамваймен барған ыңғайсыз, өйткені қаланың шетінде жолдың үстінде тоқ жүрмейді.
ІІІ топ: Бала басқа адамдармен ат жарысына автобуспен де бара алады.
- Иә, дұрыс балалар
-Балалар,алдарыңда жатқан мозаикаларды түсіне байланысты таңдап алып, топқа бөлініп отыра қалайық.
Енді осы мазаикалардан сурет құрастырып көрейік.
Қане, кімде не шықты?
Велосипед, трамвай, автобус.
Бұл сөздер бізге қай тілден келген?
І топ: Әр топ осы көлік түрлері туралы сипаттап айтып берсе. (Бұл велосипед, менің велосипедім бар. Велосипед тепкен өте ыңғайлы. Велосипедке бензин керек жоқ, кез келген жерге тез жете аласың, ол ауаны ластамайды.)
ІІ топ: (Бұл трамвай, трамвай тоқпен жүреді, ол қалалы жерде адамдарды тасиды, біздің Шар қала болса да, бізде трамвай жоқ.)
ІІІ топ: Бұл автобус, автобусқа көп адам сияды, автобус қалалы ауылды жерде де жүре береді.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Қайырлы таң достар
Доброе утро, друзья.
Гуд мониң (3 тілде музыка пәнінің мұғалімі ұйымдастырады.) Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут Қызықты тапсырма
8 минут
№1 Оқылым 106 беттегі №2 мәтінді оқу.
Балалар оқулықты ашамыз, 106 беттегі №2 мәтінге қараймыз. (Өзім оқимын, іштей оқиды.)
Ролмен оқыту. (Дана, Дильназ, Талант)
№3 Ат жарысың жеңімпаздарына берлген заттың не екенін жұмбақты шешу арқылы таба аласың?
(Аквариуим)
№4 Әр вагонға тиісті сөздерді орналастыр.
Оқулық, дәптерлер.
Кері байланыс Ыстық микрофон
В қандай дыбыс?
В дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?
Ат жарысының жеңімпазына не сыйланды?
В дыбысы қай тілден енген?
В дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
В дыбысы бар көліктің қандай түрін ұнатасың?
Велосипед деген сөзде неше дыбыс бар? Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бағдаршам әдісі бойынша Кеменің суреттері
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
ті Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.