Д?ние ж?зі тарихы ?ытай 6 сынып


Күні:
Мұғалім: Шайкенова А.Е.
Сынып: 6
Пән: Ежелгі дүние тарихы
Тақырып: Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы
Сілтеме: қосымша материалдар
Оқулық: Т. Төлеубаев, Р.Құсайынова, М.Дәкенов
Мақсат: Оқушыларға Ұлы Жібек жолы тарихымен таныстыру
Ұлы Жібек жолының маңызын, халықтар бірлігі мен мәдениеттің өзара алмасуына әсерін сезіндіру арқылы дүниетанымын кеңейту.
Күтілетін нәтиже: Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы өзіндік көзқарасын білдіре отырып, сипаттай алады.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Құрал жабдықтар: интербелсенді тақта, маркер, қима қағаздар
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Блум таксаномиясы
кезең уақыт Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Психологиялық ахуал 3 мин
Оқушылармен амандасу:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!
- Көңіл-күйлерің қалай?
Оқушыларды топтарға бөлу мақсатында «Құрақ құрау» ойынын өткізу. Әр оқушыға қима қағаз таратылады.
Сергіту сәті - Сәлеметсіз бе?
- Керемет! (смайлинк арқылы көрсетіп, жауап береді)
Әр оқушы өзінің суретінің жалғасын табуы керек. Оқушылар 3 топқа бөлінеді.

Үй тапсырмасын тексеру 5 мин
«Ыстық орындық» ойыны арқылы тексеріледі. Оқушылар үйден оқып келген параграф бойынша оқушы «ыстық орындық» арқылы бір-бірін тексереді.
Білу 3 мин
Тақырыпқа шығу мақсатында Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы презентациясын көрсету. Оқушылар не түсінгенін, сабақтың тақырыбы қандай екені туралы өз ойларын ортаға салады.
5 мин - Ұлы Жібек жолы туралы не білесіңдер? ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС арқылы оқушылар Ұлы Жібек жолы туралы оқушылар ойланып, әр қайсы жеке жауап жазады. Оқушылар жұптарға бөлініп, өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктіреді. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сыныппен бөліседі.
Түсіну 5 мин
Бейнеролик «Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы» Оқушылар назарын экранға аударады. Бейнеролик «Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы» Осы бейнеролик бойынша оқулықты оқиды.
Қолдану 10 мин Мәтінмен жұмыс. Елшілер
(постер жасау)
«Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы» бейнеролик бойынша оқулықты пайдаланып, постер құрайды. Әр топтың ішінен елші сайланады. Басқа топтарға барып, мәліметтерді жинайды. Әр топтың жұмысын қарсы топтар «екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
Талдау 5 мин Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы буклет шығарады. Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы буклет шығарады. Оқушыларды смайликтермен бағалау.

Жинақтау 3 мин Өткен параграфқа сұрақтар қойылады Сұрақтарға жауап береді.
Бағалау 3 мин «Парақша арқылы бағалау» № Аты - жөні 1 2 3 4 5 6
Рефлексия 3 мин «Блоб ағашы» әдісі.
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен сабаққа баға береді «Блоб ағашы» әдісі арқылы өзінің алған білімдерін ортаға салады. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен сабаққа баға береді.