: Бір та?балы ж?не екі та?балы сандар


Математика
Тақырыбы: Бір таңбалы және екі таңбалы сандар
Мақсаты:
Сандар қатары бір және екі таңбалы сан туралы түсініктері, сандар қатары құрылуының заңдылықтары анықталуының, сандар қатарын сандарды салыстыру үшін пайдалануын қалыптастыру.
Математикалық ережелерді ұғынып шығармашылық ойын дамыту, тапсырмаларды мүдірмей орындауға дағдыландыру
Өз бетінше жұмыс жүргізуге,компьютермен жұмыс жүргізуге үйрету.
Сабақтың типі: ұжымдық, топтық
Түрі: Жаңа сабақты меңгерту
Пәнаралық байланыс: әліппе, дүниетану
Әдісі: жеке, топтық жұмыс , түсіндіру, сұрақ-жауап, есептеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулық, магнит тақта, сандар санағын, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық (слайд)
–Балалар, көңіл-күйлерің қалай?
–Біздің сыныптың ұраны:
Хор: Біздер тату баламыз,
Өсіп алға барамыз
Есептерді шығарып,
Білімді шәкірт боламыз.
Мұғалім сөзі.
-Біздің Отанымыз қалай аталады?
-Елбасы кім?
-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағдарламасында 8 нақты тапсырма көрсетілген. Соның 4-шісі мектептерді компьютерлендіру болатын. « Математика – ғылымдар патшасы» десек; « Компьютер - келешектің қожайыны» екен. Қазақстан 50 дамыған елдің қатарына жету үшін білім берудегі жоғарғы технологияны, компьютерді меңгерту керек.
Олай болса, өткенді еске түсіру үщін электронды оқулықты пайдаланамыз.
(IV- слайд. Білім минуты)
Ақпараттану күнбе-күн
Өрге басып келеді
Таппай іздеп жүргенің
Компьютерге енеді.
Электронды оқулық 10 санының құрамы
ІІІ. Жаңа сабақ.
Көңілді санамақ (V-слайд) Магнит тақтадан 0-ден 10-ға дейінгі санап шығу.
0-ден 10-ға дейінгі сандарды ретімен орналастыру
Хормен санату.
-Бұлар сандар қатары.Осы сандар қатарындағы тек бір ғана цифрмен бейнеленген сандар қатарын бір таңбалы сандар деп аталады.
Ал 10 санын жазу үшін екі цифр керек. Ол 1 мен 0 . ендеше, 10- екі таңбалы сан
Сергіту сәті
Электронды оқулық. Сандардың өсу реті
IV. Оқулықпен жұмыс. (слайд)
тапсырмада әйнекшелердің орнына тиісті сандар қойылады.
тапсырма. Салыстыру.
Электронды оқулық.
Тең. Артық. Кем.
3 > 2 , 1 <3, 4 = 4, 3> 0, 1> 0
«Спорт»жазуы шығады
Спорт дегеніміз не?
Спортпен айналысқан адам қандай болады?
Епті, жылдам, білімді болуы керек.
Олай болса, балалар, есепті тез шығаруға дағдыланайық
2 - тапсырма. (Ауызша)
0 < 10, 10 >0, 9 <10 ,10> 9
тапсырма. Салыстыру
Электронды оқулық. (сызғыш)
10 см-лік кесінді сызады
V. Дәптермен жұмыс.
№3
10 см = 1дм 1дм = 10 см
9см < 1дм 10см = 1 дм