Внекласный урок на тему Не? ?айда? ?ашан? интеллектуалды? сайысы


Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебі
1242060276860

(мұғалімдер арасында)
Өткізген: Гульджикова А.
Кылычжанова А.
2013/2014 оқу жылы
Мақсаты:   Сайыскерлердің туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Қазақстан Республикасының жетістіктерімен танысу, патриоттық сезім ояту, тарихын құрметтеуге баулу. Топта бірлесе жұмыс істеуге үйрену, ойлау қабілетін шындау, шапшандық пен нақтылыққа бейімдеу.
 Жақсылық адамдардың тілегі екен,
Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.
Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған
Жобасын сайыскерлер білеме екен? – деп келе cайысымыздың жобасымен таныстырып өтейік. 
Сайыс үш кезеңнен тұрады:
І кезең “Ғаламтор сұрақтары” – бұл кезеңде еліміздің түпкір – түпкірінен тұрғындар өз сұрақтарын жолдайды.
ІІ кезең “Құпия конверттер” – бұл кезеңде конвертке жасырылған сұрақтарға жауап беру керек.
ІІІ кезең “Сиқырлы сандық” – сайысқа қатысушылар сандық ішінен тандап алған сұрақтарына жауап береді.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ- қазылар алқасымен таныстырып өтейік.
                   Армандарға қол созумен келеміз,
                   Өмір мұхит, жүзіп келет кемеміз
                   Білімменен қаруланған жастармыз.
                   Қарсыласты қалайда біз жеңеміз – дей отыра сайып қырандарымызды ортаға шақырамыз.
1 – топ: «Информатиктер» тобы
2 – топ: «Математиктер» тобы







Б.з.д. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынған 146метрлік Хеопс пирамидасы қайда орналасқан? (Египет астанасы Каирдің оңтүстігінде)
Бұдан 2500 жыл бұрын пайда болған бірінші есептегіш құрал абак ең алғаш қайда кеңінен танылды? (Қытай, Египет, Греция)
Бірінші рет шеңбер 3600 – қа қайда бөлінді? (Вавилон)
Әлемдегі ең үлкен кітап қайда? (Австралия)
Әлемде ең үлкен шырша қайда орнатылған? (Рио-де-Жанейро)

Алғаш мектеп күнделігі Ресейде қашан пайда болды? (1872ж)
АҚШ – тың тұңғыш президенті қашан сайланды? (1789ж)
Ғарыштық Хаббл телескобы қашан жасалды? (1990ж)
Астанадаға Атамекен галереясы қашан ашылда? (2001ж)
Астана қай жылдары Целиноград деп аталды? (1961-1992жж)
Қорытындылау.
Сайысымызды қорытындылап, жеңіске жеткен топты марапаттаймыз!