Внекласный урок по информатике на тему Жа?сыдан ?йрен


«Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» информатикалық сайысыМақсаты: Білім алушылар шығармашылық іскерлігін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, қойған мақсатына жете білуге дағдыландыру, білімдерін шыңдау.Жоспары: І тур. Топты таныстыруІІ тур. Сергіту сәті.ІІІ тур. «Жылдам бол »ІҮ тур. Сандар арифметикасыҮ тур. Инфо бюросы.ҮІ тур. Бетпе - бетҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»Барысы:
Техника дамып ғарыштаған,Қонып жатыр бүгінде ғарышқа адам.Компьютерлік ғажайып виртуальдық,Өзіндік өрнегіммен өріс табам,
- дей отырып, барлықтарыңызды «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» информатикалық сайысы көріп тамашалауға шақырамыз!
Әділдікпен баға берер сіздерге,Әділдікпен қара қылды жаруға.Әділқазы алқаларын сайлайық,Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
І тур. Топты таныстыру: Компьютерде келешек,Ұғып, білгіш елгезек.Әр кластың білгірлері,«Принтерге» бер кезек,- деп ортаға «Принтер тобын» шақырамыз.Информатика пәнінен,Көрсетер бізге алғырлық.Ой толғайтын жүйелі«Сканер» тобын шақыралық,- ортада «Сканер» тобы.Тобының жоғын мұңдайтын,Ертеңі жайлы ойлайтын.Болашақтың арманын,Бүгіннен бастап сайлайтын,- «Модем» тобын ортаға шақырайық.Ендігі сөз кезегі топтардың таныстыруларында.1. Топтың аты: «Принтер» (Қ. Нұртас «Телефон» әнімен)Топтың ұраны:Сәттілік тілейміз біз жарыста.Қане, достым сенде сайыстан қалыспа!«Принтерміз» Чарлз Беббидж құраған,Тайсалмаймыз компьютерлік тартыста.Топтың әні:1. Армысыңдар ақ көңілді көрермен,Келіп қалдық сайыстарға өлеңмен.Әділ - қазы алқасына мың сәлем,Хабары бар есеппенен өнерден!2. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,Өлеңменен осы әнімді арнадым.Информатика – ғылымдардың патшасыОй - сананың түсінетін астарын.Қайырмасы:Ех, «Принтер» атқарасың жұмысты.Сенсіз бастамаймыз бір істі.Драйверлік бағдарлама боламыз,Орнатылған компьютерге келісті.3. Топтың аты «Принтер» ғой достарым,Өлеңменен осы әнімді арнадым.Информатика - ғылымдардың патшасыОй – сананың түсінетін астарын.4. Болашаққа бірге қадам басамыз,Білімменен асулардан асамыз,Жарыстарға үмітпенен қарап - ап,Сәттілікті жолдас қылып аламыз!2. Топтың аты: СканерҰраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,Әрқашанда ұмтыла біл жеңіске.Тотың әні: (Қ. Нұртас «Сағыныш моншақтары» әнімен)1. Жүректің жалынымен,Қал сұрап амандасып,Сіздермен қауыштырған,Информатика апталығы.Принтер мен Модем топтарыҚарсылас емес бізге.Достармыз біз әрқашанЖазылмас жұбы мүлде.Қайырмасы.Сен барда ұмытпаймыз біз.Мектептің қызық шақтарын.Сканер тобы ұмтыл алға,Шыға бер биік шыңға.2. ХХІ ғасырТехнология заманы.Ақпараттар БүгіндеИнформатика саласы.Ұмтылыңдар сендер деИнформатиканы білуге.Кибернетикасы атасыНорберт Винер ізімен.3. Біздің топ: МодемБіздің ұран:Егеменді елімнің ұланымыз,Тәртіпті болп, жақсы оқу ұранымыз.Біздің ән: (Қ. Нұртас «Сүйіп едім» әнімен)Амандасып алайықЖалпыңызбен халайықМодем тобы келгенде,Қол соғып қарсы алайық.Модемдерді көргендеИнтернетке кіргенде,Білесіңдер пайдасынСол кездерде сендер де.Қайырмасы:Модем деген керегі,Интернеттің тірегі.Кез келгені біледі,Модемдерді үнемі.Ғылымдардың патшасы,Жаңа өмір қақпасы,Компьютерді өмірдеҚолданады баршасы.Қорытынды кеш бүгінгі,Топтар өзіне сенімді.Тілейміз біз сәттілікҚарсыласқа бүгінгі.Қайырмасы.ІІ тур. Сергіту сәті. 
Информатика бұл кейде басты талап,Ол дегенің ізденгенге қару - жарақ.Енгізу - шығару құрылғысын,Көрейік қайсы топ жазар тез - ақ,
- деп «Сергіту сәтін» бастайық.1 минуттың ішінде компьютердің енгізу және шығару құрылғыларын жазу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.(Тапсырманы орындау парағы таратылады.)ІІІ тур. «Жылдам, тағы жылдамырақ» 
Ақпараттану күнбе-күн,Тез - ақ дамып келеді.Таппай іздеп жүргенің,Компьютерге енеді.Керек емес демессің,Аздаған болса хабарың.Үйрену керек бәрін де,Ақпараттық заманың,-
деп ІІІ - турымызды бастаймыз. «Жылдам бол» деп аталатын бұл турда 1минуттың ішінде таңдап алынған әріптен басталатын информатикалық терминдер жазу керек. (Әділқазы алқасынан әріптерді таңдап алады. Тапсырманы орындау парағы таратылады.)ІҮ тур. Сандар арифметикасы.
Информатика пәнінен,Алғырлық біздер көрсетіп.Әр түрлі санау жүйесінен,Тастайық есеп шығарып,-
деп «Сандар арифметикасы» турын бастайық. Оқушылар санау жүйелерінен тапсырмалар орындайды. (Тапсырмалар әділқазылар алқасында).1. «Принтер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең үлкен үш разрядты санды жаз және оны ондық санау жүйесіне көшіріңіз.2. «Сканер» тобына: 8-дік санау жүйесіндегі ең кіші төрт разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.3. «Модем» тобына: 16-лық санау жүйесіндегі ең үлкен екі разрядты санды жаз және ондық санау жүйесіне көшіріңіз.Ү тур. Инфо бюросы
О, информатика, сен қандай ғажап едің,Сенсіз өткен күндерім азап менің,Жоғымды интернеттен іздеп тапсам,Мен сені қалайша жырламаймын,-
деп толғана отырып, кезекті жанкүйерлерге береміз.(Жанкүйерлер сайысы. Өздерінің шығарған өлең жолдарын оқиды. Әділқазылар алқасына жұмыстарын өткізеді).Компьютерге арнау («Принтер» тобы)Армысыңдар замандастар!Апталықтың додасына қадам басқан.Бүгінгі бұл сайыста біз жеңбесекҰстаздан алған білім бекер болмақ.Лунара апай емес қой сондай бөтен,Танымаған адамдар оңбайды екен.Жалғыз ғана мұғалім компьютерденКомпьютерден басқа ұстаз болмайды екен.Біз міне армандарға жеттік бүгінАлып жүрген жоқпыз ғой бекер білімОсы жұрт біле ме екен, айтып көрсінБар байлықтың компьютерде екендігін.Айғайлап айтып жатыр оқушы әнінЖырға қоссақ білімнің атырабынБар адамды шетелдік кино емесКомпьютерді білуге шақырамын!Компьютер....Менімен егіз бе едің?Мен сені сезесің бе, неге іздедім?Мультимедия, физикадан сені іздедім.Мен ақымақ компьютерге ғашықпын,Үйден шықсам, мектептегі компьютерге асықпын,Күні - түні көз алдымнан кетпес бейне,Сезімнің толқындарын тасыттым.Компьютерсіз күн қараңАқпарат жоқ сол жаман.Егер білсең пайдасынЕшқашанда қиналман.Интернетке кіресіңӘлемнің бәрін білесіңКөп қиналмай барлығынБір минутта көресің.Оқу жайын байқалықБіз жүрейік жайқалыпАпталықта мың алғысҰстаздарға Айталық!Біз бақытты баламыз,Биік біздің санамыз,Компьютер біздің ақылшы,Ол да біздің панамыз.Керемет бұл бала шақОқушы кез тамаша,Білімді бол достарым,Біз кейінгі болашақ!Информатиканы жырлаймын («Сканер» тобы)Апталықтың ең соңғы күні бүгін,Информатикадан жетілдірдік ілім - білім.Ада Лавлейс программистің ізімен,Үйренеміз информатика ілімін.Информатика пәнінің жетекшісіЛунара апай ұстазымыз есепші.Білмегенді сұра деп аянбайтын,Бағындырған небір қиын белесті.Мынау заман ақпараттың ғасыры,Интернетсіз бағынбастай бар шыңы.Бэббидж, Лейбниц, Гейтстер ойлап тапқан,Информатика ғылымдардың асылы.Брайен менен Деннис Ритчи құрған тіл,Программалау емес пе оны да біл.Томастың атындағы арифмометр,Бізге мәлім бүгінгі калькулятор.Информатика ғылымының бір саласы,Есептерін шығаруға ешкімнің жоқ таласы.Паскаль тілінің ерекшілігін қарастырып,Орындайды компьютерді әр адамзат баласы.Информатика жадымызда біздердің,Ұмытпаймыз ешқашанда сіздерді.Осы менен аяқтайық жырымызды,Жүректен шыққан ән – сырымызды.Информатикаға арнау («Модем» тобы)Болашақ білім – ғылым тұтқасындаМұны әр кез, әр кез ұстасындаЗаманның компьютердей кезеңіндеИнформатика тағы тұр көш басында2. Компьютермен басқарылар бәрі деМеңгереді оны жаста, кәрі деХХІ ғасыр дамыған мынау замандаКөш басында компьютер тұр әлі де.3. Заманның бүгін талабыОзық ұлттар ойынныңҮлгісін соған саладыЖұмбақ сырын ғылымның,Компьютермен табадыҚиын деген есептіШемішке шағадыЖетістігі ғылымныңБұл ғасырдағы ең бағалыЖанындай жақсы көретінЖасампаз жарқын жаңаныШетінен сондай болсам депҚазақтың барлық адамы.ҮІ тур. Бетпе-бет.
Ақпараттандыру ғылымы,Информатика жайында.Сұрақтар қойсақ нақтылы,Жауабыңды дайында,-
дей келе, «Бетпе-бет» турына кезек берейік.(Әр команда қарсыластарына сұрақтар дайындап әкеледі.)ҮІІ тур. Шығармашылық жұмыс «Қазақстан - 2050 стратегиясы»Аспан ашық, жер мамық жастанарға,Біздің қазақ ұқсамас басқаларға.Ақылшысы атойлап алда тұрса,Арыстандай ерлері жасқанар ма?,- деп жас ақынымыз жырлағандай, еліміздің ертеңі, болашағы болар мына жастарымыздың Елбасы жолдауын қалай насихаттайтынын тыңдалық.(PowerPoint - та жасаған презентацияларын қорғайды.)
Білімдіден шығады білгір маман,Оқы - тоқы білгенің болмас жаман.Ақпараттық ғасырың – болашағың,Ақыл - ойды жинақта міне, соған,-
дегендей сайысымыз осымен мәресіне жетті.Сайыс қорытындысын жасауға сөз кезегін әділ қазыларға береміз.