Внекласный урок по физькултуре на тему Тола?ай


«Толағай» отбасылық сайысы
Жүргізуші:Армысыздар, ағайын, ата - аналар!Бармысыздар, жанкүйер, әз қауымдар!Бүгінгі күн әуенін бастайықСайыста көңілменен қол соғайық!Біздерде ойын - сауық басталады,Тамаша ән шырқалады.Қошеметтеп, қол соғып отыралықҰмытарсыз күн бойғы шаршағанды.Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар және жанкүйерлер! Бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымыздың ақтық мәресіне қош келдіңіздер!Бұл – байқау емес, бұл – отбасы мерекесі. Біздің мақсатымыз ата - аналарды сынап, мектеп өміріне қатыстыру және ата - аналардың ақылдығын, білгіштігін, әртістік қабілеттерін, достығын көру болып табылады.Жүргізуші:Спорттық күнге арналған,Бүгінгі бәйге қандай – ды!Кім келер екен алдында,Жарыс тек жүйрікті таңдайды, - дей отырып, сайысты бастауға рұқсат етіңіздер. Сонымен ортаға сайысқа 2, 3, 4 сыныптардың жеңімпаз қатысады.Жүргізуші:1. Қарсы алыңыздар! 2 сыныптардан шыққан жеңімпаз «Қыран» тобын шақырамыз, Байысовтар отбасы.2. Қарсы алыңыздар! 3 сыныптардан шыққан жеңімпаз «Жас қанат» тобын шақырамыз, Оспановтар отбасы.3. Қарсы алыңыздар! 4 сыныптардан шыққан жеңімпаз «Қабылан» тобын шақырамыз, Жағыппаровтар отбасы.Жүргізуші:Бүгінгі сайысымызда әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.1. 2. 3. Алғашқы сөз мектеп директоры ------------------------Ескерте кетейік. Бағалау ұпайлары 1, 2, 3, 4, 5 ұпай аралығында бағаланады.Жүргізуші:Бүгінгі сайысымыз 10 кезеңнен тұрады. Әр кезеңнен кейін топтардың ұпайлары айтылып отырылады. Ендеше сайысымызды бастаймыз.1-кезең – «Дәл түсу» (Баскетбол доппен кедергілердің арасынан өтіп кольцоға доп лақтыру)Отбасылар: Байысовтар отбасы «Қыран» тобыОспановтар отбасы «Жас қанат» тобыЖағыппаровтар отбасы «Қабылан» тобыҰпай сандарын сұрау2 - кезең – «Қаппен секіру» (Қаппен секіріп барып шырынды ішіп қаппен секіріп қайту)Ұпай сандарын сұрау3 - кезең –« Өрмекші сайысы» (әкесі мен ағасы кезектесіп допты алдыға қарай жылжытып баласын көтеріп оралып қайту)Ұпай сандарын сұрау4 - кезең – «Ракетка» (әкесі және анасы кезектесіп допты алдыға қарай жылжытып баласын қолына көтеріп қайтарып оралу)Келесі кезекті әділ қазылар алқасына сөз кезегін беріп, ұпай сандарын сұраймыз.Ұпай сандарын сұрау5 - кезең – «Кім жылдам?» (Баскетбол добымен кедергілердің арасынан барып, скакалкамен қайту)Ұпай сандарын сұрау6 - кезең - «Мергендер» (Волейбол добымен барып шелекке допты 3м қашықтықтан салу)Ұпай сандарын сұрау7 - кезең – «Дәл түсу» (кегляны қойып қою арқылы допты кегляга лақтыру)Келесі кезекте әділ қазылар алқасына сөз кезегін беріп, ұпай сандарын сұраймыз.Ұпай сандарын сұрау8 - кезең – «Шарикті алып жүгіру» (үлкен ас қасықтың ішіндегі теннис добын түсіріп алмай, кедергілердің арасынан өтіп келесіге береді)Ұпай сандарын сұрау9 - кезең – «Допты аяқ арасынан өткізу» (отбасы бір қатарға түзу бойымен тұрады да, аяқтарын иық көлемінде ашады. Әкесі допты аяқ арасынан өткізеді, оны соңғы баласы алып келіп, алдыңғы қатарға тұрып, тағы да допты аяқ арасынан өткізуі тиіс. Осылайша жарыса береді, өз орнына келгенше ойын жалғаса береді)Ұпай сандарын сұрау10 кезең – «Арқан тартыс» (отбасылар арқан тартысады)Ұпай сандарын сұрауЖүргізуші: Сөз кезегі әділ қазылар алқасында. Бүгінгі сайысымыздың қорытындысын айтсаңыздар.Жүргізуші: Осымен «Толағай» отбасылық сайысы аяқталды. Өмірлеріңіздің әр күні осындай жеңістер мен сәттіліктерге толы болсын. Көп рахмет!