Сыныптан тыс К?рікті к?ктем аруы



«КӨРІКТІ КӨКТЕМ АРУЫ»! САЙЫСЫ
Жангир: Армысыздар, құрметті әріптестер, аяулы ата – аналар, көрікті қыздар. Көктемнің алғашқы 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Өмірдің иесі сен ғана ғазиз ана,
Келтірген дүниеге нелер дана.
Анасыз батыр да, жоқ ақын да жоқ,
Өмірдің алтын кілті сонда ғана.
Деп жырлағандай бүгінгі « Көрікті көктем аруы» қыз сыны сайысына қош келдіңіздер!
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі - деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық. Қатысушыларды таныстырып кету.
Қоржыннан реттік нөмірлерін алады.
Мерхат: Өнерпаздар өнерін салыстырып,
Бәйге үшін терлетер шабыстырып.
Әділдікті қолдайтын баға беріп,
Жіберейік әділқазыларды таныстырып.
Жангир: әділқазы алқаларымен таныстырады.
Сайыс 5 - бөлімнен тұрады.
1. Таныстыру. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін - өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс - тұрысы сынға түседі.
2. «Өнерлі өрге жүзеді» Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді
3. «Бәйге» Ару қыздарымыз салт-дәстүр,әдет-ғұрып,жөн-жоралғы жөніндегі сұрақтарға жауап береді.
4. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісін көрсетеді.
5. «Дәм - думан». Бұл бөлімде дайындап алып келген тағамды қалай жасағанын айтып қорғау.
Мерхат: Сайысымыздың алғашқы бөлімі «Таныстыруға» кезек берейік.
Өнер қуып арулар өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа түскен қыздар кезектесіп,
Өздерін таныстырып өтер дейміз.
Жангир: Ендігі кезекте « Өнерлі өрге жүзер» бөліміне ару қыздарымыз дайын болғанша ер балаларымызға кезек берейік.
Мерхат: Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады
Аруларымыз кезекпен ортаға шығады. Жүргізуші реттік нөмірмен шақырып тұрады.
Жангир: Құрметті қонақтар, сайыскерлерімізді сахнаға шақырамыз. Ендігі сайысымыз «Бәйге» деп аталады. Қоржынның ішінен сұрақтарды алып 1 минут ішінде жауап беру керек.(реттік нөмірмен кезек-кезек жауап береді, жауап бергендер сахнадан кетіп, келесі кезеңге дайындалады).
Мерхат:Сайысымызды ары қарай жалғастырамыз «қыздарға әсемдік жарасады» аруларымыз қазақ халқының ұлттық киім үлгісін көрсетуге шақырамыз. Бұл байқаудың ерекшелігі ұлттық киімді таныстыру.
Сұлулық табиғаттан басталады,
Көктеммен олар бірге шаттанады.
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған.
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырамыз.
Жангир: Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен нәрсе жоқ. «анасын көріп, қызын ал. Ыдысын көріп, асын іш» демекші қыздарымыздың бал бармағынан жасалған «дәм-думан» атты кезеңге кезек берейік. Қыздарымызды ортаға шақырамыз. Өздері дайындап келген дәмдерін таныстырып кетеді.
Мерхат: Құрметті қонақтар. Әділқазылар алқасы сайысымыздың қорытындысын шығарғанша қыздарымыздың биін тамашалайық.
Балалар аналарына гүл шоқтарын сыйлайды.
Жангир: «Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау.
Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Сау болыңыздар!
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.