Сыныптан тыс шара К?ктем Аруы


Тақырыбы: «Көрікті көктем аруы»
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.Қыздардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік алдында өзін – өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.1 – жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, көктем гүліндей жайнаған апайлар, аяулы қарындастар! Сіздерді көгілдір көктемнің шуақты күндерімен өткен 8 – наурыз мерекесі халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күні сіздерге мерекелік көңіл – күй тілей отырып, халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналып өткелі отырған «Көрікті көктем аруы» атты қыздар байқауын тамашалауға шақырамыз!Арулар – аяулылыр, ардақтылар,Өмірге жылу болып қалмақ болар.Арулар – тіршілікке күре тамыр,Өмірді бір – біріне жалғап тұрар.Сұлулыққа қарап көз тоймайдыСұлулыққа өзін – өзі баяндайдыЕстілер құдіретті бүгінгі сөзҚыз жайлы, ана жайлы, келін жайлы.Той пердесін ашайықЖырдан шашу шашайықАруларды құрметтепӘн маржанын шашайық – деп ән жолдаймыз.Мұхитұлы Алмаздың орындауында тамаша ән.Құрметті қауым! Бүгінгі өткелі отырған «Көктем аруы» атты Қыз сыны 2017 байқауын бастауға рұқсат етіңіздер!
1 – жүргізуші:Әділдікпен баға берер аруғаӘділдікпен жол береміз сынауғаАлқасын қазылардың біз сайлайықАқ аруды таңдап бүгін алуға – деп бүгінгі сайысымызға баға берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар.Қазылар алқасы
Мектеп психологі – Оғылбаева Сәнім
Қыздар ұйымы жетекшісі – Қалберген Гүлдәурен
Бастауыш сынып мұғалімі – Жанқылыш Жаңагүл
Мектеп кітапханашысы – Төлегенова Айнур
Құқық пәнінің мұғалімі – Қалыбекқызы Әсел
1 – жүргізуші:Қос бұрымы аш беліне төгілген,Келбеті бар кермаралдай керілген.
Қазақ қызы – инабатты ару қызАқ жүзінен аппақ сәуле төгілген.
Тіл байланып қалатындай көргенде,Сұлулықты соған ғана берген бе!Кімде болса бас иеді мойындап,Қарсы алдына қазақ қызы келгенде – дей келе бүгінгі байқауға қатысушыларға сәттілік тілей отырып қошеметпен ортамызға шақырайық.
 
1 – жүргізуші:№ 1 аруымыз – 6 сынып оқушысы Санабайқызы Динара
2 – жүргізуші:№ 2 аруымыз – 6 сынып оқушысы Ахау Жұлдыз
1 – жүргізуші:№ 3 аруымыз – 7 сынып оқушысы Құрманғалиева Айымгүл
2 – жүргізуші:№ 4 аруымыз – 8 сынып оқушысы Мұқанбетсадықова Ақтілек
1 – жүргізуші:№ 5 аруымыз – 8 сынып оқушысы Кенжеғали Шатнұр
Қатысушылар жеребе тартады.
2 – жүргізуші: Бүгінгі байқауда аруларымыз мына бөлім шарттары бойынша сынға түседі:І – бөлім: «Сәлемдесу»  деп аталады. Байқауымыздың бұл бөлімінде аруларымыз өзін – өзі таныстырады. Бұнда аруларымыздың тіл көркемдігі және сырт сымбаты, жүріс тұрысы сынға түседі.ІІ – бөлім «Білімділер сайысы». Бұл бөлімде аруларымыз мақал – мәтелдерді, шешендік сөздердің мағынасын ашуы тиіс.
ІІІ – бөлім: «Өз өнері» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді. (Ән айту, би билеу, әзіл-ысқақ т. б өнерлерін көрсетуге рұқсат етіледі)ІІІ – бөлім: «Сұрақ – жауап» Бұл бөлімде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді.
 ІV бөлім: «Сән үлгісі» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән үлгісін көрсетеді.
V-бөлім: «Үй тапсырмасы» деп аталады. Бұл бөлімде аруларымыз өз қолдарымен жасалған тағамдарын ұсынады.
1 – жүргізуші:Баурап алар бір ақ ауыз сәлеміҚазақ қызы – әдепті де әдеміҚазақ қызы – ақылына көркі сайТұнып тұрған сұлулықтың әлемі – дей отырып байқауымыздың бірінші бөлімі «Сәлемдесу» бойынша аруларымызды өзін – өзі таныстыруына рұқсат етейік. Қарсы алыңыздар!Сұлулықтың дүниеде барын қарапАққайың да ұрлана таңырқамақПай – пай, шіркін! Қыздардың құдіреті – ай!Ес еркінді әкеткен барымталап.
Білімділер сайысы
№1
Құлашын кеңге салды. Мағынасын түсіндір.
Қазақтың ұлттық киімдерін ата.
Отбасы неден басталады?
№2
Жібектей есілді. Мағынасын ашып түсіндір.Ұлттық ойындарды ата.
Құлпырса қадірлейді, аялайды
Қураса ештемеге жарамайды. Жауабына мақал тап.
№3
Көктем айларын ата.
Жаңбырмен ел көгерер ....
Қол астына алды. Мағынасын түсіндір.
№4
Төрт түлік пірін білесің бе?
Көктемде алғашқы болып гүлдейтін гүл.
Іргесін аулақ салды. Мағынасын түсіндір.
№5
Қыздардың ұлттық сәндік киімін ата.
Әке асқар тау ...
Айы оңынан туды. Мағынасын түсіндір.
2 – жүргізуші. Әділ қазылар бағаларын береді. Екінші бөлім.
Өнері өрге жүзер талаптыныңДарыны талмай ұшар қанаттыныңӘлди әуен әлемі өнер атыШарпып өтсін лебімен қанатының – деп сайыскерлердің өнерін тамашалауға шақырамыз. 
 
1 – жүргізуші
Сайысымыздың «Сұрақ-жауап» бөлімінде аруларымыз қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді№ 1 аруымыз
Ат тергеу деген не?
Түйенің пірі?
Асар жасау дегеніміз не?
Байғазы беру деген не?
Тұсау кесу дегеніміз не?
 
№ 2 аруымыз
Аузына түкірту деген не? Қалай түсінесіз?
Ен салу деген не?
Жол беру дегеніміз не?
Көрімдік беру дегенді қалай түсінесіз?
Келін түсіру, қыз ұзату дәстүрінде айтылатын салт жырларды ата.
 
№ 3 аруымыз
Аяғына жығылу дегеніміз не?
Қазан шегелеу дегеніміз не?
Сүйінші сұрау дегеніміз не?
Ұлыс күні жасалатын тағам?
Жылқы атасы№ 4 аруымыз
Сәндік бұйым жасайтын адам?
Жиен кім?
Жүннен жасалған бұйым.4. Түйенің сүті?5. Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?
 
№ 5 аруымыз
Қазақ қыздарының бас киімі2. «Төрт аяқты бота тату, Екі аяқтыдан бөле тату» деген сөздегі «бөле» кім?
Ең құрметті, қасиетті, жанашыр адамТеріден тігілген киім5. Сәлемдеме деген не? 
2 – жүргізуші.
«Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем  ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой саларӘнді сүйсең менше сүй» – дегендей Жумадилова Динара орындауында күй тыңдайық.Күй «Балбырауын» (Құрманғазы күйі)
Күй – «Ата толғауы»
 
1 – жүргізушіҚазақ қызы – тамсандырған талайды,Тоғжан болып ғашық қылған Абайды.Қазақ қызы күлкісі күн, тілі бал,Ай секілді асқақ ару арайлы – деп сән үлгісін көрсетуге аруларымызды ортаға шақырамыз.
2 – жүргізушіV бөлім «Сән үлгісі» Бұл бөлімде байқауға қатысушы бүгінгі заманға сай тігілген кешкі сән киім үлгісін көрсетеді. Қатысушының шаш үлгісіне де ерекше мән беріледі.
 Ас мәзірі.
Көрсетті өнер әр салада сайысып
Қимылдары жүргендей бір жай ұшып.
Мерекелік ас мәзірін жасапты
Қыздарымыз саусақтары майысып.
1 – жүргізуші:Халқымыздың ежелгі үрдісі барАдастырмас оң жолдан үлгісі барҮлкен сыйлау ұққанға соның бәрінЗердерлі ол, зейінді келіп сынар – дей келе қазылар алқасының қорытындысын тыңдайық.
2 – жүргізушіКөркемдікке көмілген келбетіне,Көз тимесін деп достым сен де тіле.Көздері – күн, кірпігі сәуле сынды,Айна көктен жететін жер бетіне.
1 – жүргізушіҚұрметті көрермендер! Бүгінгі «Көрікті көктем аруы» байқауы өз мәресіне жетті. Әрқашанда құшақтарыңыз гүлге, көңілдеріңіз шаттыққа толы болсын! – дей отырып бүгінгі кешімізді аяқтаймыз