Сыныптан тыс шара К?ктем аруы


«Көрікті көктем» аруы
Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру. Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Көршілік алдында өзін-өзі ұстай білуге, әдептілікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Көрнеклігі: «Қыз қылығымен көркем» нақыл сөздер, шарлар, гүлдер
Әдісі: байқау
Барысы: Сәлеметсіздер ме, оқушылар, ұстаздар және ата-аналар!
ІІ ж. Армысыздар ма, бүгінгі сайысқа қатысушылар, көрікті де әдемі, сұлу қыздар
Іж: Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз Халықаралық аналар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
ІІж: Қыз баланы құрметтеген қазағым,
Аурларға ақындар жыр жазатын
Қошеметтеп шақырайық ортаға
Бүгінгі көктем аруларын
Мінезі ашық жарқын, жүзі жылы
Түрінен кқрінеді ішқі сыры
Келді міне өнерлі қыз
Аспаннан шашылғандай күннің нұры
Жас ботаның көзіндей мөлдіреген
Қызғалдақтай құлпырған кезі ме екен
Ортаға шықты міне
Көктемдегі бәйшешектей уілдеген
Атына ақылы сай аруым бар,
Қарасаң қанша үзіліп қанбас құмар
Ару көрсетші өнеріңді
Тамашалар көңілденіп отырғандар
Алдыңызға келді міне
Өскенінде қуантады ел жұртын
Сүйкімді кішіпейіл, қарапайым
Белсенділікпен білімге құштар әрдайым
Қандай әсем көрікті үлбіреген
Билейді ән әуенімен тебіренткен
атты аруым шықты ортаға
Дайындықпен сайысқа бүгін келген
Көктемде жердің беті қырмызы,
Қыз дегенің ата-ананың құндызы
Бұл сайыста бар өнерін салатын,
Ару болар деген бір қызың
Іж. Енді бүгінгі байқаудың шарттарымен таныс болыңыздар.
Таныстыру
«Өнерлі өрге жүзеді»
Сұрақ-жауап
Үй тапсырмасы. «Салт дәстүрім-қазынам»
Қыздарға әсемдік жарасады
ІІж. Ал, халайық, ықыласпен демелік
Арулардың бүгінгі сайыстарын көрелік
Сыры мен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берелік,-деп бүгінгі байқаудың бағасын берер қазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.
Іж: Гүл көңілдер қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді
Жыр ұшқындап тұр ғойі әне үніңнен
Көпшілікке таныстыршы өзіңді
Сайыстың бірінші кезеңі бойынша арулар өздерін таныстырып өтеді.
ІІж: Жадырап сәуле бейне күн дидары
Бұлбұлдай дауысыңмен ән салады
Күй тартып, биде биле, өлең оқы
Аруға қай өнерде жарасады,-дей отырып аруларымызды өнерлері бойынша ортаға шақырамыз.
Іж: Арусыңдар таудай биік талабың
Қызысыңдар еркін өскен даланың
Ал, кәнеки, мүдірміңдер сайыста,
Тез табыңдар қойған сұрақ жауабың
Бұл бөлім екі турдан тұрады. Біріншісі, сұрақ-жауап, екіншісі әр тұрлі ұлт өкілінің биін билейді.
ІІ ж: Үй тапсырмасы. «Салт дәстүр» бойынша көрнісі қойылады.
Іж: Келесі бөлім «Қыздарға әсемдік жарасады»
Сұлулық табиғаттан басталады
Көктемнен олар бірге шаттанады
Бәйшешектей құлпырып, гүлдей жайнаған
Сүйкімді қыздарымызды ортаға шақырайық
Қорытынды. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап әділ бағасын беретін әділқазылар алқасына береміз.
Іж:Би билеп ән мен күйде жырланды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген бұл мереке
Бүгінгі сайысымыз аяқталды
ІІж:Бойларында от бар екен байқадық
Жүректерде шоқ бар екен байқадық
Әрқашанда осы шоқты өшірмей,
Жалындатып шарықтаңдар әрдайым,-деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.