Саба?ты? та?ырыбы Е ?рпі ж?не дыбысы (мектепалды даярлы? тобы)


Күні.
Пәні: Сауат ашу
Тақырыбы: «Е » дыбысы және әрпімен таныстыру.
Мақсаты:
1) «Е» дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.
2) Балалардың сөзге дыбыстық талдау жасауын одан әрі дамыту.
3)Ұғымталдыққа тәрбиелеу.
Түрі : жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: суреттер ,ойыншықтар.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері:
Арайлап таң атты,Алтын сәуле таратты.Жарқырайды күніміз.Жарқырайды даламыз.Қайырлы таң,Қайырлы күн, балалар!
II Мақсат қою кезеңі.
«Е » дыбысы және әрпімен таныстыру.
III Жаңа сабақ
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қай ай?
-Аптаның қай күні?
-Біз қандай дыбыстармен таныстық?
-Дыбыстар нешеге бөлінеді?
-Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді?
-Ал дауыссыз дыбыстар ше?
-Мен сендерге дыбыс айтамын ал сендер дыбысты айнаға қарап қайталайсыңдар «е» дыбысын айтады.
-«Е» дыбысын әндетіп айтсақ болады.
-Е-е-е.Өйткені «е» дыбысы дауысты оны қызыл түспен белгілейміз.
«Е» дыбысын көрсетіп тақтаға іледі.
-«Е» әрпі ешкі, елік, ерін, етік, есек, ел сөздерінің басында кездеседі.
Кесе, күрек, бел, сөздерінің қай жерінде кездеседі?
-Бие, шие, түйе, сөздерінің қай жерінде кездеседі?
Сергіту сәті.
Мен өркешті түйемін,
Басымды басыма иемін.
Маң-маң басып далада.
Жантақ жеуді сүйемін.
Дәптермен жұмыс.
Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға түсіндіру.
Жеке жұмыс жүргізеді.
ІV Түсінгендерін зерттеу кезеңі.
-Балалар ,енді біз тең сөзіне дыбыстық талдау жасаймыз.
-Бірінші дыбысты қаттырақ оқимын, т-т-тең.
-Сөздегі бірінші дыбыс қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбысты қандай түспен белгілейміз?
-« Е» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-Енді тағы бір дыбыс қалды, тең-ң-ң.
-«Ң» дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
-«Тең» сөзінде барлығы қанша дыбыс бар?
Тақтаға кеспе әріптермен ер сөзін жазып, балаларға оқытады.
Ер сөзіне өз беттерімен дыбыстық талдау жасатады.
V Бекіту кезеңі
-Қандай әріпен таныстық?
-Дауысты ма, дауыссыз ба?
-Қандай сөздерге дыбыстық талдау жасадық?
VI Балаларды мадақтау