Ашы? саба?.Та?ырыбы:С дыбысы ж?не ?рпі мектепалды даярлы? тобы


Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс – әрекетінің тақырыбы: «С» дыбысы және әрпі
Оқу іс әрекетінің мақсаты: «С» дыбысы және әрпімен таныстыру; балаларға дыбыстық талдау жасауды, буынға бөлуді үйрету; ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:үлгі суреттер, жұмыс дәптері
Оқу – іс әркетінің барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: балалардың көңілін сабаққа аудару
Психологиялық жаттығу:
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз,
Жайнап шықты күніміз.
-Балалар, әліпбиден бізге қонақ келіпті.
Әуеден сары шар ұшып келеді. Ішінде «с» дыбысының әріп таңбасы бар.
-Балалар, қараңдаршы, мына шардың түсі қандай?
-Шардың түсі сары.
-Сары сөзі қандай дыбыстан басталады?
-«С» дыбысынан басталады.
-Міне, «с» дыбысының әріп таңбасы. Неге ұқсайды?
-Айға, ораққа, білезікке ұқсайды.
-Кәне, бірге «с» деп айтайық. «С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясы мынадай: ерін езуге қарай тартылып, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, арасынан «с» дыбысы қысылып шығады. «С» дыбысы - дауыссыз дыбыс. Дауыссыз дыбыстарды қандай түспен белгілейміз?
-Дауыссыз дыбыстарды көк түспен белгілейміз.
Тілді жаттықтыру: Са – са – сана
Се – се – кесе
Со – со – сона
Ес – ес – пышақпен кес.
-Балалар, сендер «с» дыбысынан басталатын сөздер айтыңдаршы.
-Сиыр, сана, сона, сөз, сегіз, сырға.
Айтылған сөздерді буынға бөлгізу. «С» дыбысының әріп таңбасын тақтаға жазып көрсету және ауада жазу.
Сергіту жаттығуы: Тікірейген құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып, керіліп,
Беті – қолын жуады.
-Балалар, енді, әріп қималарымен сөздер жазайық. Сара, сағат, сан, са, со, сона. Осы сөздердің ішіндегі сан сөзіне дыбыстық талдау жасайық.
-«С» дыбысы қандай дыбыс?
-С – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.
-«А» қандай дыбыс?
-А – дауыссыз дыбыс, қызыл түспен белгілейміз.
-«Н» дыбысы қандай дыбыс?
-Н – дауыссыз дыбыс, көк түспен белгілейміз.
Дидактикалық ойын: «Мен айтайыншы».
Ойын шарты: ауада өткен әріпті жазып көрсету, балалар сол әріпті тауып айтып береді.
Дәптермен жұмыс:жұмыс дәптердегі тапсырмаларды орындау. Сөздерді оқып, оларға дыбыстық талдау жасау. Берілген суреттерде «с» дыбысы бар сөздерді сәйкестендіру.
Оқу іс- әрекетін қорыту:
-Бүгін қандай дыбыспен таныстық? «С» дыбысы қандай дыбыс?
Сабақ туралы әр баладан өз ойын сұрау, барлық балалардың сөйлеуіне мүмкіндік жасау.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: сөз ойлап айтуды, буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды.
Түсінеді: «С» дыбысы жайлы мәліметтерді.
Қолданады: «С» дыбысы кездесетін сөздерге мысалдар келтіре білу дағдыларын.
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ КЕРБҰЛАҚ АУДАНЫ
САРЫБҰЛАҚ ОРТА МЕКТЕБІ МДШО КММ
Ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Сауат ашу және жазу негіздері
«С» дыбысы және әрпі
Мектепалды даярлық тобы
А.Ж.Жумадилова

2015-2016 оқу жылы