Біз мектепке барамыз мектепалды даярлы? тобыны? ерте?гілігі


Тақырыбы Біз мектепке барамыз
Мақсаты 1 Жыл бойы алған білімдерін бекіту.
2 Отанын елін сүюге дағдыландыру; тіл байлығын дамыту
3 Балаларды адамгершілікке, ұқыптылыққа зейінді болуға дағдыландыру.
Ертеңгілік барысы
Жүргізуші құрметті ата-аналар қонақтар бүгін біз қанаттарын кеше ғана көтерген кішкене балапандарымыз мектепалды даярлық сыныбын бітіріп бірінші сыныпқа қадам басқалы отыр. Бүгінгі мектепалды даярлық сыныбының «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Өтті қызық көп жылдар
Жетіге енді жеттіңдер
Барасыңдар мектепке
Бір белестен өттіңдер
Айналайын балалар
Алда Мектеп-Ана бар
.Өздеріңнен өседі.
Өнерпаздар даналар деп кішкене балапандарды қарсы алыңыздар
Би балапандар
Жүргізуші
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді бастайық
Жүздеріңнен көрдім шаттық арайын
Өтсін солай әрбір күнің әр арайың
Жалқаубек жүгіріп келеді балалар жалқаубекті қоршап әндетеді
Анау бала
Үстін қара
Қір қожалақ қапқара
Жалқаубек мені келемеждемей жұріңдер ойнаймыз бәрлерің әдемі балапан болып киініп алыпсыңдар қайда барасыңдар, менде көп ойыншықтар бар ойнаймыз
Жоқ ,Жалқаубек сен неге жуынбай киінбей жүрсің біз күзде бірінші сыныпқа барамыз мектепалды даярлықпен қоштасып жатырмыз
Мұғалім- қане олай болса Жалқаубек сен жуынып келгенше біз жиналған қауымға өнерімізді паш етейік.
Әдебй мантаж
1-оқушы Нұрберген Шапағат
Мектепке енді барамыз
Үлгілі оқушы боламыз
Жақс оқып сабақты
Кілең бестік аламыз
2-оқушы Аяжан Өмірқан
Мен тәртіпті баламын
Түгел қағаз қаламым
Бір күн қалмай сабақтан
Кілең бестік аламын
3-оқушы Махабат
Мен талапты баламын
Мектепке енді барамын
Үйретткенін үйреніп
Ұстаздан көп аларым
4-оқушы Арлен
Елдің атын жазамын
Жердің атын жазамын
Биыл күзде шаттанып
Біріншіге барамын
5-оқушыБалым
Қолыма қалам аламын
Әріптерді жазамын
Біріншіге барғанда
Жақсы оқушы боламын
6-оқушы Ералы
Мен оқушы баламын
Мектепке енді барамын
Жақы оқып әрқашан
Мен мектепке барамын
7-оқушы Аяжан Т
Бітірдім мектепалдыны
Мектепке енді барамын
Айтпағандада басқаны
Кітап оқуға жарадым
8-оқушы Қыдіралі
Бірге оқып ойнаймыз
Ертегі айтып тыңдаймыз
Қырық екі әріпті
Үйрендім оқу жазуды
9-оқушы Аида
Біз кішкене баламыз
Біріншіге барамыз
Ақылды боп әрқашан
Кілең бестік аламыз
10- оқушы лаура
Талай талай баспалдақты аттармыз
Ата-ананың ұміттерін ақтармыз
Апайдан алған ақылды
Есімізде өмірбақй сақтаймыз
Жүргізуші
Мектеп менің байтағым
Күліп ойнап кайтамын
Ән саламын би билеп
Тақпақтыда айтамын енді балапандардың білімдерін тексерейік
Берілген есептердің жауабын табу
Жүргізуші
Балапандардың билерін тамашалаңыздар
Қыздар би
Жүргізуші
Шалқан ертегісін тамашаланыздар
Жүргізуші
Келесі тамашалайтындарыңыз балалардың қаншалықты мақал -мәтел білетіндерін көрейік
Балым
Білікті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Білім таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Айда
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Аяжан N
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ақыл озбайды,
Білім тозбайды.
Аяжан Ө
Өнер алды қызыл тіл.
Ана тіліңді ұмытқаның-
Өз ұлтыңды құртқаның
Тіл - көңілдің кіліті.
Шапағат
Халықтың ортақ үйі -Отаны.
Отан оттан да ыстық
Қыдырәлі
Бабасы еккенді баласы орады.
Еңбегі аздың –өнбегі аз.
Махаббат
Бейнетің қатты болса,
Татқаның тәтті болар.
Лаура
Ел көркі - мал,
Өзен көркі - тал
Ел құраған -елу
Арлен
Ырыс алды – ынтымақ
Ынтымақ түбі береке
Ералы
Бірліксіз ел тозады
Бірлікти ел озады
Жүргізуші
Әрбір әріп нұрланып,
Бізге сырын ашады.
Әр әріптен бір жарық
Шұғыласын шашады.
Дей отырып ендігі кезек балаларда
Балым
Абай атам өлеңін
Апама оқып беремін.
Аяжан Ө
Әуезов Мұқтар атаның
Әлем білді атағын.
Қыдыралі
Білгір ғалым ақын еді
Байтұрсынов Ахмет.
Лаура
Ғабиден, Ғабит еңбегі,
Ғұмырлық байлық елдегі.
Ералы
Дәуірден тұр тіл қатып.
Дулат ұлы Міржақып.
Шапағат
Жүсіпбек Аймауытов- ұлы дарын,
Жұртына берсем деген білім нәрін.
Арлен
Зерек болсаң, замана бәрін берер,
Зейін Шашкин- жазушы әрі дәрігер.
Аяжан Т
Иірімі өлеңнің ғажап еді,
Исаны ұмытпайды қазақ елі.
Аида
Қажмұқандай алыпты
Қалмақан ата жазыпты
Махаббат
Мағжан дәуір перзеніті,
Мағжан елдін келбеті.
Ән Балапан
;Жүргізуші
Мектепалды даярлық сыныбында балаларымен бірге оқыған ата-аналар әжелер бар осы кісілермен шағын ойын ойнайық. Сұрақтарға жауап беру керек.
Балаңызбен бірге тақпақ жаттадыңыз ба?
2 Балаңыз бірінші сыныпқа баруға дайын ба?
3 Бір шумақ тақпақ айтып беріңіз?
4 Отан туралы мақал айтыңыз?
Ән Құтықтаймын мама туған күніңмен
Ойын : «Күн шуағы» Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, күннің айналасына шуақтарын жапсырада.
1-Аптада неше күн бар?
2-Үй жануарларын ата?
3-Қандай ертегі білесің?
4-Жабайы аңдар қайда мекен етеді?
5-Жыл мезгілін ата?
6-Қандай мерекені жақы көресің?
7-Қазақ тілінде неше әріп бар?
8-беске бесті қосқанда неше болады?
9-Күзде сен қай сыныпқа барасың?
10-Дос болу үшін қандай болу керек
Жүргізуші Жарайсыңдар, балалар! Міне күн құрастырдыңдар. Әрқашан күн сөнбесін! Күн шуағы сіздерге нұр сйласын! Сапарларың сәтті болсын балалар
Вальс
Ән Жас дәуірдің түдегіміз
Жүргізуші Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені дей отырып сөз кезегін мектебіміздің директоры Сендалиев Түрабек Тұрдақынұлына береміз
Келесі сөз кезегі ата-аналарда
Жүргізуші Қуанышымыз біздің мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектепалды даярлық қош-сау бол !
Жүргізуші: Міне балаларыңыздың жүректері үлпілдеп мектепке қадам басқалы отыр. Бойларындағы бар өнерлерін сізднрден аямай барынша тырысып көрсетті. Сенднрге ақ жол тілеймін балапандарым сапарларың оң болсын Осымен біріншіге барамын атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар.