Саба?ты? та?ырыбы ?ыс мектепалды даярлы? сынып


Білім беру саласы:Әлеуметтік
Бөлімі:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Қыс
Мақсаты: балалардың қыс мезгілінің белгілері туралы түсініктерін арттыру, қардың неден, қалай пайда болатыны қыстың табиғатқа әсері турал түсінік беру; ол белгілерді өз беттерінше табуға, талдау, салыстыру, қорытыңды шығаруға үйрету; табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: жыл мезгілдер суреттері, жаттығу тақташасы, қоян.
Сөздік жұмысы: қар көшкіні, көктайғақ.
Сабақтың барысы.
Балалар бізге кім келгенін қараңдаршы! (қоян)
Қоян орманнан адасып қалыпты, біз орманды табуына көмек береміз бе?
Балалар : көмек береміз.
Олай болса біз қоянға өз өнерімізді көрсетсек , орманды тез таба алады екен.
Шаттық шеңбер
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды даламыз,
Жарқырайды қаламыз.
Қане балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап, бір-бірімізге жылулық береміз.
Әңгіме жұмбақ.
Қазір менің әңгімемнен қандай мезгіл туралы айтып жатқанымды аңықтаңдар.
Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басты. Жолдар аппақ болып, өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленді. Қарағайлар мен шыршалар қардан тон киіп, ақ қалпақ киіп алғандай. Төменде өскен бұталар, жас ағаштар балалар секілді олар да аппақ киім киген. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр.
-Қай мезгіл туралы айтылды? Оны қалай білдіңдер? Ағаштар киген тон мен қалпақтар не деп ойлайсыңдар?
-Бір жылда неше мезгіл бар?
-Бір аптада неше күн бар?
-Мынау не? (қар)
-Қарды зерттеу.
Дыбыс тыңдау «Қысқы боранның дауысы»
Балалар бұл ненің дауысы екен? (боранның дауысы)
Барлығымыз көзімізді жұмып, боранды күнді елестетеміз.(балалар көздерін жұмады)
Балалар 1-2 күннен кейін шапанын сүйретіп қыста келеді екен ғой. Қыста күн суық болады. Ал біз тобымызда тоңбау үшін бір-бірімізді жылытып отырамыз.
Балалар қоянға қыс туралы тақпақтар айтып бересіңдерме?
1 бала:
Жауды, міне, қар аппақ,
Айналаның бәрі аппақ.
Жасырыпты жолдарды,
Тегістепті оларды.
2 бала:
Қонақтайды бақтарға,
Ақ көбелек, ақ мамық.
Аунап таза ,ақ қарға,
Балалар жүр мақтанып.
3 бала:
Тазартып бар кір,шаңнан,
Қыс өнерін бастады.
Терезеге қыраудан,
Сурет салып тастады.
4бала
Аяз келді қаһарлы,
Айналаны қар жапты.
Ақ тон киіп орман тұр,
Дәл атамдай салмақты.
5 бала:
Жабысқақ қарлар болғанда,
Домаланып қалғанда.
Аққаланы жасаймыз,
Шыр айналып ойнаймыз.
6 бала:
Тауда аппақ,
Бауда аппақ,
Аппақ тал мен теректе.
Ақшақар –шебер,
Ақ қырау өнер,
Керемет сурет керек пе?
7 бала:
Аяз қысып,
Өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Балдырғандар ойнайды.
8 бала:
Қыста қар жауғанда,
Аппақ қарлар толғанда.
Қар атысып ойнаймыз,
Атысып біз қоймаймыз.
9 бала:
Қызыл шұнақ аталған,
Қыс аязы басталды.
Күн орнына бұлыңғыр,
Суық жайлап аспанды.
10 бала:
Қармен ойнап балалар,
Далада жүр алысып.
Шана ,шаңғы,конькилер
Бір-бірімен жарысып.
Қане балалар қоянға өзі туралы жаттығу жасап көрсетейік!
(ұзын құлақ сұр қоян)
Ойын: жапсыру арқылы орындалады.
Өте жақсы, ал енді «тез , ойлан,тап» ойынын ойнаймыз.
Балалар үстелге отырамыз, алдымызда тұрған суретті көрдіңдерма? (шырша мен гүл)
Мынау аққаланы қай сурет жанына жапсырамыз? (аққаланы жапсырады)
Сергіту сәті
«Қимылды қайтала!»
Тақташадағы суретті қайталау.
Ойын: «не артық?»
Суреттерден не артық екенін табу.
Қане балалар , енді қоянды орманына шығарып салайық.
Қорытынды кезең:
Балалар сендерге сабақ ұнадыма?
Бізге кім қонақ болып келді?
Сендерге ойынымыз ұнадыма?
Күтілетін нәтиже:
Балалар жыл мезгілдерін ажырата біледі.
Ойындарды дұрыс ойнауды меңгереді.
Тақпақтарды жатқа айтуды игереді.
№19 орта мектеп