Планирование по технологии Ыдыс-ая?тар.?а?аздан ыдыс-ая?тар жасау


Бекітемін: _______________ Күні: 05.03.2015ж
№249 мектеп-лицейдің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары: Ж. Жарылқаған
Сабақ жоспары
Сыныбы: 4г
Пәні: Еңбекке баулу

Сабақтың тақырыбы: Ыдыс - аяқтар. Қағаздан ыдыс - аяқ жасау. Сабақтың мақсат-міндеттері: А) білімділік:
Оқушыларға еңбекке баулу сабағында қағаздан ыдыс-аяқ жасаудың жолын үйрету. Ә) дамытушылық:
Оқушылардың ой - қиял қабілетін,шығармашылығын дамыту. Б) тәрбиелік: Оқушыларды сабақ барысында ұқыптылыққа, жинақылыққа, тазалыққа, еңбек, өнер сүйгіштікке тәрбиелеу Сабақта қолданылатын педагогикалық технология: Дамыта оқыту технологиясы Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың әдістері: Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап Сабақтың формасы: Жеке,ұжымдық Сабақтың пәнаралық байланысы: Бейнелеу өнері,математика
Сабақтың көрнекілігі мен қажетті құралдар: Қағаздан жасалынған ыдыстың үлгісі,50мл су,2 ас қасық ұн,қағаз немесе газет,кез-келген ыдыс,қайшы.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі -амандасу;
-түгелдеу;
-оқушының назарын сабаққа аудару;
-оқу құралдарының
дайындығын тексеру ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Оқушылардан киізден қуыршақ жасау туралы түсінгендерін сұрау,жасаған қуыршақтарын тексеру.
ІІІ. Жаңа материалдарды қабылдауға дайындық - Балалар,ыдыстың қандай түрлері бар?
- Оны неден жасайды?
- Қағаздан ыдыс жасауға бола ма?
Балалар,ыдыстың металдан,қыштан,шыны,пластмассадан жасалған түрлері бар.Қағаздан ыдыс жасау шыдамдылық пен төзімділікті талап етеді.
Оны жасау үшін жұмыс жасау барысындағы реттілікті анықтап алайық.
Жұмыстың жасалу реттілігі:
1.Газет парағын қиып аламыз.
2.50мл суға 2 ас қасық ұн салып,араластырып,желім дайындап аламыз.
3.Таңдаған ыдысымызды төңкеріп қойып,ыдысқа газет қиындылары жапсып қалмауы үшін вазелин майын жағамыз.
4.Газет қиындыларын ұннан жасалған желімге малып,ыдысқа айналдыра желімдейміз.
5.Осылайша 3-4 рет қабаттап,ыдысты бөлме температурасында кептіреміз.
6.Кепкеннен кейін қағаздан қабатталып жасалған қалыпты ыдыстан түсіріп аламыз
7.Дайын кесеге ою-өрнек желімдейміз..
Ереже:
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережесін есіңе түсір.
Балаларға өз бетінше жұмысты аяқтату
- Сонымен,қағаздан қандай ыдыс жасалады екен?
- Жасағанқағаз ыдысыңа не салуға болады?
- Жасаған ыдысыңды қалай әшекейледің ?
VІ. Үйге тапсырма. Келесі сабаққа түйме,бау,жіп,ілгек,қайшы ала келіңдер. ҮІІ.Бағалау Сабаққа қатысу белсенділігіне қарай бағалау.