9 сынып?а арнал?ан саба? жоспары Ш?к?рім ??дайберді?лыны? «Е?лік — Кебек» дастаны



03.12.2014 ж
Сыныптан тыс ашық сабақ
4-сабақ 3-күн
9 «А»-сынып
Сабақ тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік - Кебек» дастаны
Жалпы мақсат: Дастанның мазмұнын меңгереді, көркемдік ерекшелігін ашады.Өзіндік ой-пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 43-51б
2.Қазақ әдебиеті оқулығы. 10-сынып. Қ. Алпысбаев, Б. Әбдіғазиұлы, Б. Сманов, Ж. Сәметова 89-102 бет
3.Үлестірмелі материалдар. Екінші апта.
4.Әдебиетті оқыту әдістемесі. Т.Қ. Жұмажанова.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: Дастанның мазмұнын, идеясын түсінеді. Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Негізгі идеялар: Дастанның идеясын түсініп, талдау арқылы сабаққа қызығушылығы артады.
Сабақта қолданылатын ресурстар 1.А-4 парағы
3.Стикерлер
4.Оқулық
5. Роwer point таныстырылым, бейне көрсетілім
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер
АКТ
СТО
Оқыту үшін бағалау 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
4. Рөлдік ойын
Тапсырмалар: «Ой шақыру» стратегиясы, пікірталас
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу
(3 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1.Сыныпты топқа бөлу. Түстер бойынша 4 топқа бөлу.
2.Әр топтың өздеріне топ басшысын сайлату.
3.Топ ережесін құру. 1. Түстерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді.
2.Өздері топ басшысын сайлайды.
І. Қызығушылықты ояту»Миға шабуыл.
(5 мин) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Ой шақыру» стратегиясы
Дастан дегеніміз не? Оқушы берілген сұрақтарға жауап береді.
ІІ.Мағынаны тану
20 минут
Бейне көрсетілім. (2 минут)
Пікірталас ұйымдастыру
«Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?»деген тақырыпта пікірталас жүргізу. Ру басылары кінәлі.- Сен Кеңгірбай болсаң қандай шешім қабылдар едің? ( үзіндіге байланысты сұрақ)
Екі жастыңөздері кінәлі (Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады).
Сарапшы – қазылар ( қай топ ұтымды пікір айтады, соларға баға береді, қорытынды шығарады).
Оқушылар пікірі:
1-оқушы: Екі жастыңөліміне, менің ойымша, ру басылары кінәлі. Себебі, ру басылары екі жастың жалындаған махаббатына қарсы болып, оларға келісім бермейді. Ру басылардың пікірінше, екі жастың бұл ісі қылмыс, қателік болды және оларға өз ризашылықтарын бермеді.Егер ру басылары келісім бергенде бақытты да баянды өмір сүрер еді және жас сәбидіңөліміне де себепкер болмас еді.
2-оқушы: Менің пікірімше, бұған екі жас кінәлі деп ойлаймын. Өйткені екі жас ата-анасының келісімінсіз алты айдай кездесіп жүріп, тауға қашып кетіп, балалы да болады.Ата-анасының келісімін алмай, нәтижесінде олардың зардабын сәбилер тартты.Әрбір адам дүниеге келген соң ата-анасыныңүмітін ақтап, ризалығын алу керек.Сонда ғана барлығы жақсы болады деп ойлаймын.
3-оқушы: Менің пікірімше, екі жастыңөліміне ру басылары кінәлі.Себебі олар әрбір сүйген жандарды қоспай, қарсылық танытты. Бұл меніңше дұрыс емес. Шын сүйген жандарға ақ батасын беріп келісімін беру керек еді.Еңлік пен Кебекті ру ақсақалдары өлтіргенше, олар нағыз махаббаттыңқандай екенін біліп, бақытты ғұмыр кешті. Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде флипчартқа жазып шығады және қорғайды.
ІІІ. Ой толғаныс
(10мин)
РАФТ
І-ІІ топқа
Р- оқушы
А- Кеңгірбай
Ф- хат
Т- би кесімі туралы
ІІІ -ІVтопқа
Р- оқушы
А- қазаққа
Ф- хат
Т- жастар махаббаты
Оқушылар берілген тапсырма бойынша жеке тапсырма орындайды. Дәптерін қасындағы оқушымен ауыстырадыБірін-бірі бағалайды.
Қорытынды
(5 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті
Эссе “Дастаннан алған әсерім”
Авторға немесе ұнаған кейіпкерге деген ой – пікірлерін жазу.
Ой-пікірлерін жазу
Бағалау
(1 мин)
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау. Тапсырма орындау барысында топтарға екі жұлдыз бір тілек айтылып, стикерге жазылады. Рефлексия
(1 мин ) Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Жыр саған несімен ұнады?Бүгін не білдің? Не қиын болды?
Кері байланыс парағы арқылы оқушы ойын тыңдай отырып, сабақты қорытындылау. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.