Х.Досм?хамед?лыны? шы?армаларында?ы патриотты? т?рбие диплом ж?мысы


Х.Досмұхамедұлының шығармаларындағы патриоттық тәрбие
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..............................................................................................................5
Х. Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен еңбектеріндегі
патриоттық рухта тәрбие берудің тағылымдары
1. 1 Х. Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен еңбектері арқылы
патриоттық тәрбие беру тағылымдары.................................................10
1. 2 Х. Досмұхамедов – жалынды патриот, ағартушы педагог................22
2. Х. Досмұхамедовтың еңбектеріндегі отансүйгіштік ұстанымдары
және оны оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану
2. 1 Оқушыларға патриоттық тәрбие берудiң теориялық-әдiснамалық
негiздерi...................................................................................................28
2. 2 Х. Досмұхамедовтың еңбектеріндегі отансүйгіштік ұстанымдары және оны оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану...............................................41
3. Орта мектепте патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық
негіздері және Халелтану тағылымдарын оқытудың мазмұны мен
формасы
3. 1 Орта мектепте патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық
негіздері...............................................................................................48
3. 2 «Халелтану тағылымдарын» оқытудың мазмұны мен формасы…..51
Қорытынды..................................................................................................59
Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................61
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Патриоттық тәрбие мәселесі – адамзат тарихының өнбойында ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат. Бүгінде адамзаттың өркениеттің өзгеше биігіне көтерілген, үшінші мыңжылдыққа қадам басқан кезеңінде де жас мемлекетіміз үшін асыл мұрат болып қазақстандық патриотизм, азаматтық парыз, ар тазалығы қала бермек.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қалың елім қазағым» атты жинағында мемлекеттік идеология мәселесін ұдайы есте ұстауымызды ескерте келе, былай деп жазады: «Бес арыстарымызға арналған тарихи зерде кешенінде мен қазақстандық отаншылдық сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлген едім. Қазақстанда тұратын әрбір адам өзін осы елдің перзенті сезінбейінше, оның өткенін біліп, болашағына сенбейінше біздің жұмысымыз ілгері баспайды...[1, 12] Сондай-ақ «Қазақстан – 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөлімінде былай айтылған: «Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар... күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады... Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды...». Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің міндеттері: ... азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге» тәрбиелеу делінген. «Білім» мемлекеттік бағдарламасында «Тәрбие жүйесін жетілдіру» бөлімінде былай деп көрсетілген: «Мақсаты – қазақстандық патриотизм, азаматтық, ізгілік және жалпы азаматтық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға ретіндегі сапа қасиетін қалыптастыру».
ХХ ғасырдың басындағы бодандықтың бұғауындағы бейқам халықты өркениеттің өріне сүйреген көсемдердің көзге шалынар басты қасиеті – олардың қай-қайсысы болмасын жан-жақты «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлғалар болатын. Саяси күрескер, жалынды патриот, әрі ғалым, әрі киелі өнер иесі және өз мамандықтарының білгірі болуы – халқымыздың маңдайына біткен осы үркердей шоқ жұлдыздарының несібесі. Осындай алып тұлғалардың бірі, әрі бірегейі – Халел Досмұхамедов.
Қазақ ағартушыларының өмірі, ғылыми шығармашылық жұмысы, саяси әлеуметтік, философиялық, әдеби көзқарастары Қазақстан ғалымдары зерттеулерінен кең де, терең шешімдерін табуда. Философтар, тарихшылар, әдебиетшілер ағартушылардың көзқарастарын жан-жақты зерттеді.
Ал қазақтың ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы ағартушылардың еңбектеріндегі педагогикалық көзқарасын алғаш зерттеуші ғалымдардың ішінде Қ.Б.Бержанов, К.Қ.Құнантаева, А.Н.Ильясова, Т.Т.Тәжібаев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, С.Мусин, И.Б.Мадин, Ә.М.Мұқанбетжанова, Ә.Сытдықова, А.И.Сембаев, Қ.Б. Сейталиев, С.Қалиев, Л.К.Керимов, Б.И. Мұқанова, Н.Сабитов, Т.С.Сабиров, Н.Р.Рамашов, Б.Абдікаримов т.б. зерттеушілер ерекше үлестерін қосты.
Х.Досмұхамедовтың ғылыми-педагогикалық және ұстаздық мұрасын зерттеу, жинақтау, бір жүйеге келтіру мен патриоттық көзқарасы тұрғысынан қарау жұмысымыздың мақсатын айқындайды.
Профессор Х.Досмұхамедов сынды елдің елдігі мен ертеңін ойлап, қам жеген, туған халқының көкірегіне сәуле құюды мақсат еткен қазақтың көптеген асыл азаматтары ХХ-шы ғасырдың 30-жылдары тағдыр тауқыметін тартып, жалаға, жауыздыққа ұшырап, қиянаттың құрбандары болды. Сол ғасырдың 2-ші жартысында сол бір зұлматтардың беті ашылып, жазықсыз жазаланған аяулы арыстарымыздың есімдері ортамызға қайта оралды. Алайда, ұзақ жылдар бойы Х.Досмұхамедов сынды перзенттерінің атын ататпау, оның ел алдындағы еңбегін елеусіз қалдыру саясаты, зерттеушілердің қаламына тұсау болып келді. Еліміз тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Халелден қалған мол мұралары жан-жақты зерттеліп, кандидаттық диссертациялар дәрежесі деңгейіндегі жұмыстар қорғала бастады. Бұл бағытта тұңғыш рет 1998-жылы 30-қаңтарда, профессор Қ.Б. Жарықбаевтің жетекшілігімен А.Б.Тұрсынова «Х.Досмұхамедұлының педагогикалық мұрасы» деген тақырыпта педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация жұмысын қорғады. Диссертацияның негізгі мәселесі ретінде Х.Досмұхамедұлының еңбектеріндегі этнопедагогикалық және этнопсихологиялық идеялары зерттелінді.
Х.Досмұхамедов сан-салалы білімдарлығы арқасында халқымыздың оқу- ағарту ісін, ғылымын, әдебиетін, өнерін дамытуға ерекше үлес қосқаны баршаға мәлім. Осы орайда филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін үш диссертациялық жұмыс қорғалды: Р.Әлмұханова «Х.Досмұхамедұлы - әдебиет зерттеушісі» (1998) және А.Қ.Мектеп «Х.Досмұхамедұлының публицистикасы (1999) атты зерттеу жұмыстарын қорғады, К.Т. Қабатаева «Х.Досмұхамедұлы еңбектеріндегі қоғамдық-саяси, мәдени-әлеуметтік терминдер» (2000) атты тақырыпта тілтану тұрғысындағы диссертациялық жұмыспен толықтырды.
Күні бүгінге дейін профессор Х.Досмұхамедовтың еңбектерінің ішінде жинақталып қайта басылып қалың оқырманға белгілі болғандары мыналар: «Аламан» (1991), «Исатай-Махмабет» (1991) «Оқушының денсаулығын сақтау» (1993) және 1996 жылы профессор Қ.Нұрпейісов, М.Құлкенов, Б.Хабижанов, А.Мектепов сынды елжанды азаматтарымыздың құрастыруымен «Х.Досмұхамедұлының өмірі мен шығармашылығы» атты кітабы жарыққа шықты. Бұған қоса 1998 жылы Х.Досмұхамедұлының таңдамалы шығармалары (Алматы, «Ана тілі», 1998) жинағы жарық көрді. Бұл жинақ «Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы» жылына орайластыра шығарылып, Халелтану мұраларын зерттеушілер мен жалпы оқырмандар қауымына үлкен тарту болды [2, 25].
Профессор Х.Досмұхамедовтің өзі де: «Бұл дүниеде түрлі данышпан, шешендер, шеберлер, батырлар, ақындар көп өткен. Осындай адамдар өзіміздің қазақ арасында да аз болмаған. Өз жұртына қызмет етіп, еңбегін сіңірген адамдарды қадірлеу – елдіктің белгісі», - деп көрсеткен екен. Тәуелсіз ел тұғырының биік болуы үшін жан аямай еңбек еткен Х.Досмұхамедов сынды біртуар азаматтарымыздың рухын еске алып, үлгі тұтып, есімін қастерлеу, кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу бәрімізге ортақ парыз болуға тиісті. Х.Досмұхамедов – еліміздің тарихында өзіндік өшпес із қалдырған, сан қырлы талант иесі. Ол өз өмірінің кемелді кезеңін шығармашылық жұмысқа да арнағаны белгілі. Бұл – бір сөзбен айтуға сыймайтын, кеңірек талдауды қажет ететін күрделі мәселе. Халелтану туралы арнайы басқосулар мен ғылыми-практикалық конференцияларда айтылып та, мерзімді баспасөз беттерінде жазылып та жүр.
Біз қазақстандық патриотизмді «Отанын, жері мен суын шексіз сүю, халқының өнеге дәстүрін, әдет-ғұрпын, елдің тарихын құрмет тұту, мүддесін көздеп, бостандығы мен құқын қорғау, әр адамның күш-жігерін ел бірлігін нығайтуға, азаматтық татулықты баянды етуге және ұлтаралық татулықты тұрақтандыруға жұмсау» деп түсінеміз. Халқымыздың алтын діңгегі, әйгілі тарихи тұлғаларды, заманында кез келген сыртқы ортасында тұрып, елін жау қолына шарпытпаған, бодандыққа қарсы бой көрсетіп, жанын пида еткен хандар мен батырлар, отан ұлылығын дәріптеп, перзенттік парызын адал атқарған кемеңгер билер мен ғұламалар халқын шын сүйген ерлер еді. Осындай тұлғалардың ішінде Х.Досмұхамедовтың еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары арқылы жас ұрпақ тәрбиесіне бағыт-бағдар беретін дүниелер мол деп есептейміз.
Сондықтан да өз зерттеулеріміздің өзектілігі мен қажеттілігі қазіргі заман талабына сай, өзекті проблемалық тақырып деп толық айта аламыз. Осыған байланысты Х.Досмұхамедовтың мұрасындағы патриоттық тәрбие ұстанымына талдау жасап, зерделемекпіз. Дейтұрғанмен, Х.Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлері мен шығармашылық еңбектерінде патриоттық тәрбие идеялары тарихи педагогикалық әдебиеттерде зерттелмеген. Осыны ескере отырып, ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбы «Х.Досмұхамедұлының шығармаларындағы патриоттық тәрбие» деп аталады.
Зерттеудің мақсаты: Жалынды патриот, ағартушы педагог, Х.Досмұхамедовтың еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеяларын жүйелеп, педагогикалық тұрғыдан негіздей отырып, талдау жасау. Әмбебаб ғалым, профессор Х.Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен ғылыми шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеялары арқылы жастарға елжандылық, отансүйгіштік рухта тәрбие беруге және оның қосқан үлесіне лайықты баға беру.
Зерттеудің міндеттері:
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанда педагогикалық ой-пікірлердің қалыптасуының алғы шарттарына шолу жасау;
Халел Досмұхамедовтың жеке тұлға болып қалыптасуының педагогикалық негіздерін анықтау;
Халел Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық идеяларын ашып көрсетіп, талдап бүгінгі күн талабы тұрғысынан негіздеу;
Х.Досмұхамедовтың рухани-адамгершілік тәрбие идеяларына байланысты педагогикалық мәні зор «елжандылық», «отансүйгіштік» ұғымдарының мазмұнын ашып көрсету;
Әмбебаб ғалым Х.Досмұхамедовтың мұралары негізінде «Халелтану тағылымдары» атты курстың бағдарламасын ұсыну;
Жас ұрпаққа ғалым мұрасындағы патриоттық рухта тәрбие беру жолдары мен мүмкіндіктерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: Х.Досмұхамедовтың өмірі, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірлері мен шығармашылық еңбектеріндегі отансүйгіштік ұстанымы.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер профессор Х.Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі жастарға педагогикалық тәрбие беру идеяларына талдау берілсе, қазіргі жоғары және орта мектептердің педагогикалық оқу-тәрбие процесінде Х.Досмұхамедов жазған оқулықтар мен оқу құралдары заманымызға қарай сәйкес өңделіп, оқушылар мен студенттер қауымына ұсынылса, мұндағы отансүйгіштік, елжандылық тұрғыдағы тәрбие берудің үлгілері, жеткіншек ұрпақтың ғалымды жан-жақты танып, ұлағаты мол құндылықтарды бағалауына, өзін-өзі ұлттық рухта тәрбиелеуге, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасайтын мүмкіндіктер туар еді.
Зерттеу көздері: ХХ-шы ғасырдың басындағы 1905-1907 жылдардағы төңкеріс кезеңінен бастап жазылған баспасөздердегі мақалалардан бастап, кейінгі тарихи еңбектер мен ғылыми монографияларға шолу жасалды. ТМД елдеріндегі ғалымдардың еңбектерімен таныстық. Жазықсыз жапа шеккен, сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болған халқымыздың елжанды асыл азаматтары хақындағы ғылыми мақалалар мен тарихи-педагогикалық сипаттағы жеке ғалымдар зерттеулері басшылыққа алынды. Сонымен қатар республикалық ғылыми-практикалық конференциялардың материалдары қарастырылды.
Зерттеудің теориялық маңызы:
Ғұлама ғалым Х.Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен шығармашылық еңбектерін пайдалана отырып, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің жетілген отансүйгіш жас буындарын тәрбиелеудің ғылыми-теориялық үлгісі жасалды;
Х.Досмұхамедовтың ағартушылық-педагогикалық қызметі мен шығармашылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие ұстанымы анықталып талданды;
Х.Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен шығармашылық ғылыми еңбектерін оқыту, үйрету арқылы жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудің үлгісі анықталды.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
- Х.Досмұхамедовтың педагогикалық-ағартушылық еңбектеріндегі патриоттық тәрбие идеяларын педагог кадрлардың әдіскерлік шеберлігін шыңдап, білімін жетілдіру практикасында кеңінен қолдануға болады;
- Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған «Халелтану тағылымдары» атты курстың бағдарламасы Халел Досмұхамедов атындағы №24 қазақ орта мектебінің оқу жоспарына енгізілді;
- Зерттеу материаларын жоғары және арнаулы орта оқу орындарында педагогика тарихы, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту үрдісінде және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Х. ДОСМҰХАМЕДОВТЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ МЕН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ПАТРИОТТЫҚ РУХТА ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТАҒЫЛЫМДАРЫ
1. 1 Х. Досмұхамедовтың ағартушылық қызметі мен еңбектері арқылы патриоттық тәрбие беру тағылымдары
Қазақстанда болып жатқан саяси әлеуметтік-экономикалық өзгерістер тәуелсіздігімізді одан әрі қамтамасыз ету үшін еліміздің тізгінін берік ұстауға қабілетті, парасатты отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеп шығаруды талап етеді. Ғасырлар бойы жинақталған халықтың бай рухани қазынасын және ғұлама ғалымдардың патриоттық тақырыптағы еңбектерін, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан патриоттық ой-пікірлері мен отансүйгіштік тәрбие мұраларын зерттеу бүгінгі таңда жалпы ғылымаралық проблема болып табылады. Әр тарихи кезең өз ұландарын тудырады. Қоғамның заңы бойынша, уақыттың талап етуі бойында қабілеті бар жастардың тезірек өмір сахнасына шығуына негіз қалайды. ХХ ғасырдың басында жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, О.Жандосов, С.Сейфуллин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Н.Төреқұлов, С.Қожанұлы, Т.Рысқұлов және т.б. уақыт тудырған отансүйгіш азаматтары еді.
Сонымен, жалынды патриот Х.Досмұхамедовтың отансүйгіш азамат ретінде қалыптасуы, қоғамдық-саяси істерге араласуы, ұлт зиялыларының қасында өтті. Демек, оның азаматтық тұлғасы өзіндік сананы ұлттық санаға ұластырудағы биік парасат өлшемімен көрінеді. Екіншіден, Х.Досмұхамедов ХХ ғасырдың 20-30 жылдарда әртүрлі саяси идеологияның, айтыс-тартыстардың бел ортасында жүрген адамдардың бірі. Ол ағарту майданында, қайсібір саяси, мәдени, әдеби жиындарда болсын, еркін сөйлеп, өз ойын ашық айтып отырған. Бұдан шығатын қорытынды – Халел ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ахуалға, саяси «климатқа» ықпал етуші, бірден-бір бағыт беруші. Үшіншіден, Х.Досмұхамедов - әр ұлттың өзіндік бет-бейнесін сақтап қана қоймай, соны дұрыс насихаттап, терең білім беруге жан-жақты көрсете білген бірден-бір ұлт жанашыры болған білімдар ғалым. Оның осындай қырлары зерттеу барысында нақты көрсетілген.
Педагогикада жеке адамның дамуы мен қалыптасуы үшін ықпал ететін әр түрлі факторларды білеміз. Олар тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, тәрбие т.б. жатады. Олай болса, Х.Досмұхамедовтың заманында Сырым батырға ақылшы болған аға билердің бірі – Алдар бидің бесінші ұрпағы болып келуі, оның білімдарлық қасиеті мен дарынды болуы заңды құбылыс деп есептейміз. Бұдан соң Халелдің ауыл молдасынан сауат ашып, білімпаз ағасы Дәулетімбеттің ықпалымен, жергілікті орыс-қазақ мектебін тәмамдағаннан кейін, Теке (Орал) қаласындағы реалдық училищесіне түсіп, 1902 жылы 16-шы қарашада үздік аттестатпен бітіреді. Бұдан соң Х.Досмұхамедов бір жылдай қосымша жоғары оқу орнына түсу үшін дайындық курсында оқиды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің бір ғана Петербург университетінде 20-жуық қазақ студенттері оқыған: Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев және басқалар. Сондай-ақ Мәскеу мен Санк-Петербургтың басқа да жоғары оқу орындарын Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев сияқты қазақ жастары бітірген. 1903 жылы Санк-Петербургтегі әскери медициналық академияға барып, қыр баласының қабылдау сынағынан қиналмай өтуі көпті таңқалдырады. Студенттік кезең Х.Досмұхамедовтың небір ғұлама ғалымдармен, зиялылардың алдын көріп, сөзін тыңдап, қоғамдық-саяси өмірге ынталана араласып, дүниетанымы кеңейіп, сана-сезімі шарықтап өскен жылдары болды. Осы ортада патша отаршыларының тепкісінде келе жатқан қазақ халқының тарихына, әдебиетіне, дініне және тіліне деп қойып, сарыла зерттеуді бастайды, ғылымға бой ұрады. Оның әскери-медициналық академияға оқыған жылдарына бүкіл Ресейді ұйқысынан оятқан әйгілі оқиға болған 1905-1907 жылдардағы революция тұспа-тұс келіп, жиырмадан жаңа асқан студент қанды қақтығыстарды, бұқара халықтың серпілістерін көзбен көреді. Бұл Х.Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуына, ақ пен қараны айыра білуіне игі әсерін тигізбей қоймағаны сөзсіз [3, 45].
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қауымының рухани және саяси сұраныстарына мүмкіндігінше толық жауап беруге ат салысқан ұлттық интелегенция 1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында барлық деңгейдегі орыс әкімшілігімен бетпе-бет келіп отырды. Сондай-ақ, олардың қоғамдық саяси көзқарастарының, бірыңғай саясатпен араласуына осы 1905-1907 жылғы орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Бұл жөнінде профессор Қ.Нұрпейісов «Алаш һәм Алашорда» атты монографиясында құнды деректер келтіреді. Осы жылдары Х.Досмұхамедов Орал облысында үгіт жүргізеді, жергілікті «Фикр» (Пікір), «Уральский листок» газеттері бетінде патшалықта болып жатқан саяси толқулар мәнін халыққа түсіндіреді. 1905 жылдың соңында Орал қаласында бес облыстың делегаттары бос қосып, съезге жиналып, Ресей кадеттер партиясының жергілікті бөлімшесі есепті «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясының» тоғыз адамнан тұратын Орталық комитетіне Б.Қаратаев, М.Бақтыгереевтермен бірге сайланды.
Х.Досмұхамедов алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан-салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы.
Халел Досмұхамедов-Машақов 1883 жылғы 24 сәуірде Атырау облысы (бұрынғы Гурьев) Қызылқоға ауданының Тайсойған құмындағы Жарыпшыққан өзенінің бойында дүниеге келді. Халелдің әкесі Беріш тайпасының Жайық руынан тарайтын Тумаш тайпасынан өрбіген Байнақтың баласы Машақ пен анасы Үйкен заманының парасатты адамдары болған.
Ағасы Дәулетүмбет Машақұлының ықпалымен әкесі Досмұхамед ауыл молдасынан хат таныған Халелді жергілікті орыс-қазақ мектебіне береді. Мектепті жақсы бітірген Халел 1894 жылы Теке қаласындағы Орал әскери-
Диплом жұмысының толық нұсқасын жүктеу ақылы.
Ол үшін халық банкінің 4402 5735 5419 3229 шотына
(ЖСН 750115401055) немесе
Qiwi кошелек арқылы 8-701-859-48-75 (телефонға емес) номеріне
2500 теңге аударып, осы номерге телефон соғып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын айтасыз немесе saulealt@mail.ru поштасына не ватсапқа ақша аударылған түбіртектің сканерленген түрін салып, қажетті диплом жұмысының тақырыбын жазып жібересіз.
Хабар алынысымен Сіздің поштаңызға қалаған диплом жұмысының толық нұсқасы салынады.
(Диплом жұмысы барлық талапқа сай, жоғары сапада дайындалған)
Осы сайттан басқа да диплом жұмыстарын, сабақ жоспарларын, сан алуан тақырыптағы қызықты ғылыми жобаларды кезіктіреcіз!