2015-16 жж Амир Темир бекіту ?МЖ


Бекітемін:
Мектеп директоры __________
Күні: 25.12.15 Сынып: 7 "Ә" Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мауараннахр билеушісі Әмір Темірдің көрші мемлекеттер- Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстанға жорықтары жайлы баяндап, басқыншылық зардаптарын көрсету.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетінше ой қорытып, оны жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіре отырып, оларды намыстылыққа, қажырлыққа, батылдыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Әмір Темірдің жорықтарының зардаптары туралы ой бөлісе алады.
2. Әмір Темірдің Қожа Ахмет Йассауи кесенесін салдыру арқылы рухани мәдениетке қосқан үлесін біледі.
3. Әмір Темір жорықтарының бағыттарын картадан көрсете алады.
Сабақтың көрнекілігі: "XIV-XV ғ бірінші жартысындағы Қазақстан" атты карта, Әмір Темірдің суреті, қосымша материалдар жарияланған газет-журналдар.
Қолдалынған әдіс: зерттеу конферециясы.
1.Сабақтың барысы:
2.Психологиялық тренинг.
3.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сыныпты 4 топқа бөлу.
Үй тапсырмасы.
4 топқа: үлестірме қағаздарға, жазылған сұрақтар беру
4. Қызығушылықты ояту.
5. Мағынаны ашу.
6. Ой - толғаныс.
Сабақты оқып үйренудің жоспары:
1. Әмір Темірдің Алтын Орда жеріне жасаған жорықтары.
2. Әмір Темірдің Моғолстан хандығына жасаған жорықтары.
3. Әмір Темірдің жорықтарының зардаптары.
I. Қызығушылықты ояту:
1-ші топқа үйге тапсырма ретінде алдын ала сауалнама жасап келу тапсырылады. Оқушылар 8-11 класс оқушыларынан әр кластан 10 оқушыдан сауалнама жүргізіп, оның пайызын анықтайды.
Сауалнама сұрақтары:
1. Әмір Темір туралы естідіңіз бе? (Иә. Жоқ).
2. Әмір Темірді қатыгез, қайырымсыз деп ойлайсйз ба? (Иә. Жоқ).
3. Түркістандағы Қожа Ахмет Йассауи кесенесін Ақсақ Темір салдырғаны есіңізде ме? (Иә. Жоқ).
4. Қожа Ахмет Йассауи кім екенін білесіз бе? (Иә. Жоқ).
Осы сұрақтармен сауалнама алған топ оның қорытындысын ұсынады.
Сауалнамаға жауап берушілердің -
1 сұраққа 85 % - ия, 15 % - жоқ
2 сұраққа 50 % - ия, 50 % - жоқ
3 сұраққа 95 % - ия, 5 % - жоқ
4 сұраққа 90 % - ия, 10 % - жоқ - деп жауап берген.
1. Тәуелсіз зерттеу әдісі бойынша 2-ші топқа үйге алдын - ала Әмір Темірдің жорықтары мен зардаптары, Әмір Темірдің салдырған кесенелері, Әмір Темірдің ұрпақтары (Ұлықбек, Бабыр) туралы зерттеуге беріледі.
2) Қойылым 3-ші топтың үйге берілген тапсырмасы.
Қойылымның тақырыбы: "Әділдік".
3) Тікелей сұхбат әдісі бойынша 4- ші топ интервьюді 2 әлеуметтік топтан алады.
1. Тарих пәнінің мұғалімдерінен.
2. Көшедегі студенттер қауымынан.
Оларға қойылатын сұрақтар бейнетаспаға жазылған.
1. ЮНЕСКО шеңберінде қорғалатын Қазақстандағы тарихи ескерткіштерді білесің бе?
2. Әмір Темір қазақ тарихының рухани мәдениетін дамытуға үлес қосты ма?
3. Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" бағдарламасы қай жылдарды қамтиды?
4. Қожа Ахмет Йассуи кесенесі қай жерде, қай ғасырда салынды, кім салдырды?
II. Мағынаны ашу:
1 топ:
1. Әмір Темірдің өмірі яғни шыққан тегі мен Әмір Темірдің жастық шағы.
Сондықтан да Темірдің жас кезінде өзі секілді жас барластар оның нөкері болуға ұмтылған.
Бағалау: "Екі жұлдыз бір ұсыныс" арқылы.
2-ші топ:
Әмір Темірдің жорықтары, Әмір Темірдің жорықтарының зардаптары, Әмір Темірдің салдырған кесенелері, Әмір Темірдің ұрпақтары.
Бағалау: "Бас бармақ" арқылы.
3-ші топ:.
Қойылым көрсету: Қойылымның тақырыбы: "Әділдік".
Автор: Әмір Темірге суық тиіп қатты ауырады. Елшілер Шираз қаласында ауруға дауа боларлық дәрә барын айтады. Жаушылар аттанып кетеді. Шираз әкімі жаушыларды тыңшы деген қауыппен өлтіруге бұйырады. Әмір Темір қаhарланып қалаға шабуыл жасауға бұйрық береді. Шираз әкімі азғана нөкерімен қашып кетеді. Әмір Темір: Егер кімде-кім Шираз әкімнің басын әкелсе, пәленбай мың ділдә беремін.
Автор: Шамалы уақыттан соң Әмір Темірге күзетші келіп:
Күзетші: Әміршім! Сізге қапшық арқалаған, үсті-басы алба-жұлба, сақал-шашы өсіп кеткен бір диуана келіп тұр. Сізбен жолыққысы келеді.
Әмірші: Кірсін!
Диуана: (тағзым етіп, қапшығын ашып, ішінен Шираз әкімнің басын алып, әміршіге ұсынады).
Әмірші: (риза болып оған сыйлығын ұсынады). Ал батырым қалай өлтірдің?
Диуана: Ей, әмәршім! Онымен мен бала кезден бірге өсіп ем. Ол бір мәрт адам еді. Маған оқу қонбай, білім дарымай, ісім оңға аспай қойды. Ал досымның ісі алға басып ғалым болды. Ақындығымен де аты шықты. Қызғаныштан ішіме от түйдім. Сіз пәленбай мың ділдә береді екен деген хабар алдым. Соңғы рет бағымды сынауды ұйғардым. Тығылып жүрген досымды үйге шақырып, сый-сияпат көрсеттім. Сеніміне кірген соң ұйықтататын дәрі бердім де, басын алдым. Содан өзіңе жетіп, тілегенімді алғанша асығып, арып-ашып жеткенім, осы Әміршім.
Әмірші: Е,е...е пақырым! Жауымды тауып басын әкелгенің үшін рақмет, міне-шекпен, ділдаң дайын, аласың әрине. Бірақ үйге шақырып алдап, қапыда қолға түсіргенің ерлік емес. Мен бұны батырлыққа санамаймын. Досын сатқан адам, қасын да оңай сата алады. Ділдә сенікі пақырым, бірақ..... басың осында қалады.
Бағалау: "Үш шапалақ" арқылы.
4 топ:
1. Әмір-Темір кезіндегі мәдениеттің дамуы, тарихи ескерткіштер.
2. Қазақстан Республикасының "Мәдени мұра" бағдарламасы қай жылдарды қамтиды?
3. Қожа Ахмет Йассуи кесенесі қай жерде, қай ғасырда салынды, кім салдырды?
Бағалау: "Бағдаршам" арқылы.
Сергіту жаттығуы:
1-2 - ші топқа:
4) Жоба плакат - 5-ші топтың үйге берілетін тапсырмасы. Бұл топтың оқушылары өткен тарихымыз бен қазіргі кезді байланыстыра, сабақтастыра отырып, жасаған өздерінің жобасын (салынған сурет тақырыпқа байланысты) қорғайды.
Жоба плакат:
Елді қорғау ісі мен қатыгездігі қоса жүрген қолбасшы Әмір Темірдің тәуелсіздікті аңсаған батыр бабаларымыздың арқасында біз егемен, азат ел болып отырмыз. Күн - еліміздегі бейбіт өмірді көрсетеді. Қыран - бейбітшілікті ту еткен ел басы, бәйтерек - жастар. Әмір Темірдің рухани мәдениетке қосқан үлесін біздер, жастар одан әрі жалғастырамыз.
III. Ой- толғаныс.
3-4 - топтың үйге берілген тапсырмасы - аргументтік эссе жазу. Оқушылар өз тапсырмасын оқиды.
Қорытынды: Қолбасшылық дарыны арқасында 27 мемлекетті жаулап алған Әмір Темір сол жаугершілік заманның ұрпағы. Әмір Темір өз өкіметінің тірегі ретінде ислам дінін барынша қолдап, мешіт пен медреселер салдырды. Ол - Самарқан, Бұқара, Иасы қалаларын көркейтті.
Бағалау: Кретерийлер арқылы бағалау.
Үйге тапсырма: Әмір-Темір туралы газет – журналдардан қосымша деректер жинап келу.
-54356023431500Сабақтан көріністер.
17424401016000
4266565635100