Ашы? саба? К?рсеткіштік те?деулерді шешу.


Адрестік категория
І Мамандық «Электрмен қамтамасыз ету»
ІІ Курс Бірінші
ІІІ Пән Алгебра және анализ бастамалары
ІV Өткізу мерзімі 21.11.2013
V Бөлім Көрсеткіш және логарифмдік функциялар.
VI Тақырып Көрсеткіштік теңдеулерді шешу.
Типі Жаңа білім игеру сабағы
1-7 Түрі Ойын сабағы.
1-8 Жүргізілу әдісі Кесте, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
1-9 Құрал-жабдықтар, көрнекті құралдар интерактивті тақта
слайд
деңгейлік тапсырмалар
бағалау парағы.
1-10 Оқушылардың қажетті білімдері мен біліктері Білу керек:
дәреже, дәреженің негізі мен көрсеткіші;
функция, функцияның қасиеттері;
1-11 Пәнаралық байланыс әдебиет
информатика
ІІ Мақсаты: көрсеткіштік теңдеулер мен көрсеткіштік теңдеулер жүйесін шешудің тәсілдерін меңгеру
Міндеттері:
3-1 Білімділік: Оқушыларды көрсеткіштік теңдеулерді шешу тәсілдерін қолдана білуге үйрету
3-2 Тәрбиелік: Іскерліктерін, ойлау қабілеттерін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3-3 Дамытушылық: Оқушылардың белсенділігін арттыру
Оқытушы: Кульсейтова Салтанат Амантаевна – математика пәнінің оқытушысы.
Сабақтың барысы
Оқытушы Оқушы
Ұйымдастыру кезені
Саламатсыздарма, құрметті ұстаздар және. Оқушылар! Құрметті ұстаздар сіздердің назарларынызға «Үшбұрыштылар» мен «Төртбұрыштылар» топтарын ұсынып отырмын. Балалар бүгінгі сабағымыз «Ғажайып гүл» саяхат түрінде өтеді.
«Қызығушылықты ояту»
Қызыл шоқ ,
Күші жоқ.
Қолына ұстап жүруге,
Құмартатын кісі көп.
Гүлдің неше түрлерін білеміз? Бірақ , сендер білмейтін бір гүл бар. Алыс өлкеде, асау өзендердің ар жағында, асқар-асқар таулардың ұшар шыңында бір ғажайып гүл өседі екен. Сендер мына қақаған қыста өсетін не қылған гүл деп таңданып отырған боларсыңдар! Ондай гүл бар екен! Ол гүлдің ғажайыптығы өткен қантардың қақаған аязында қалың қарды қақ жарып өсіп шығып, ақпанның аязында, боранында гүл жарады екен. Сол гүлді көргілерің келе ме?
Олай болса біз сол гүлді көруге ну ормандардан, асау өзендерден өтіп баруымыз керек. Яғни, біз саяхатқа шығамыз.Ол гүлдің 1-ші ғажайыптығы сол, ол қатты суықта өседі екен. Одан басқа оның тағы бір керемет қасиеті бар. Оны сендер сол гүлдің өзін көргенде білесіңдер.
Ол гүлге адаспай жету үшін мен сендерге бағыт беруші, жол көрсетуші боламын. Және де адасып қалмау үшін , «сызба бағалау» парағын беремін
Бағалау парағы. _____________________________
Білесің бе? Орманда.
Ойлан! Асау өзендер.
Мақсатына жет! Асқар таулар.
Тоқтама! Қорытынды.
Әр тапсырманы орындағаннан кейін, шыққан жерлеріне бағаларынды қоясындар.Гүл бізге тапсырмаларды деңгеймен жіберіпті.Не ғұрлым көп тапсырма орындасақ, сол ғұрлым біз гүлді көп көре аламыз.
Сонымен саяхатқа аттанамыз! Іске сәт! Балалар орындарыңнан тұрып бас иіп бір біріне қол созып, жылы лебіздерін білдіріп сәлем береді.
Жаңа сабақ
Слайд №1
Бүгінгі өтілетін тақырыбымыз «Көрсеткіштік теңдеулерді шешу»
Айнымалысы дәреженің көрсеткішінде болатын теңдеуді көрсеткіштік теңдеу деп атайды.
Слайд №2 Мысалы, 2x=116; 35x=13125
3x+1+3x=108 және т.б.
Слайд №3
Көрсеткіш теңдеулерді бірнеше тәсілмен шығаруға болады:
Бірдей негізге келтіру
Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
Слайд №4
1 Бірдей негізге келтіру тәсілімен көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін мына алгоритм қолданылады:
теңдеулерді екі жақ бөлігін де бірдей негізге келтіру;
теңдеудің сол жақ бөлігіндегі дәреженің көрсеткішін оң жақ бөлігідегі дәреже көрсеткішіне теңестіріп, мәндес теңдеу алу;
шыққан теңдеуді шешу;
табылған түбірлерді берілген теңдеулерге қойып, тексеру;
берілген теңдеудің шешімін жазу.
Слайд №5
Мысалы: 27x=181 33x=3-43x=-4 x=-43 27-43=181 немесе 13274=181 13312=181 181=181 Жауабы: -43Слайд №6
2. Жаңа айнымалы енгізу тәсілі
Көрсеткіш теңдеулерді жаңа айнымалыны енгізу тәсілімен шығарғанда, төмендегі алгоритм қолданылады:
айнымалыларды жаңа айнымалмен ауыстыру арқылы алгебралық теңдеу алу;
шыққан теңдеуді шешу;
алгебралық теңдеудің табылған түбірлерің алмастырылған теңдікке қойып, алғашқы айнымалының мәндерін анықтау;
табылған мәндердің берілген теңдеуді қанағаттандырылатының тексеру;
берілген теңдеудің шешімін жазу.
Мысалы: 32x+5=3x+2+2
32x+5=32x*35=243*32x және
32x+2=3x*32=9*3x
243*32x-9*3x-2=0
y=3x жаңа айнымалыны енгіземіз
243y2-9y-2=0y1=19y2=-227 теріс, ал 3x<0 болуы мүмкін емес, сондықтан алмастыру шарты бойынша y1=19 түбірін ғана аламыз.
19=3x 3-2=3x x=-2Жауабы: -2 Бекіту тапсырмалары
Слайд № 7 1-кезен «Білесің бе?»
1) 2x=422) 3x=13) (15)x=1254) 2x*3x=365) 2-x=14Слайд № 8 2-кезен «Орманда.Ойлан!»
4x=64(13)x=272x*3x=3636-x=33x-27x+2+4*7x+1=5394x+1+4x=320Слайд № 9 3-кезен «Асау өзеңдер.Мақсатына жет!»
100x-11*10x+10=036x-4*6x-12=0Слайд № 10 4-кезен «Асқар таулар. Тоқтама!»
9X-8*3X-9=0
1) Жауабы: 1
21=42 2=22) Жауабы: 0
30=13) Жауабы: 2
4) Жауабы: 3
22*32=4*9=365) Жауабы: -2
2-2=144x=64 43=64 х=3
(13)x=27(13)-3=27х=32x*3x=362*3x2=36, 6x2=62 , x2=2 , x=4 Жауабы.: 4
36-x=33x-26-x=3x-2, x=2 Жауабы: 2
7x+2+4*7x+1=5397x+1+7+4=539,
7x+1*11=539,
7x+1=49, 7x+1=72, x+1=2, x=1 Жауабы: 1
4x+1+4x=3204x*4+1=320, 5*4x=320, 4x=64,
4x=43, x=3 Жауабы: 3
100x-11*10x+10=0102x-11*10x+10=0t=10xt2-11t+10=0,
t1=10, t2=110x=10, x1=110x=1, x2=0
Жауабы: x1=1, x2=0

36x-4*6x-12=062x-4*6x-12=0t=6xt2-4t-12=0t1=6, t2=-26x=6, x=16x=-2<0 шешуі жоқ
Жауабы: x=19X-8*3X-9=0
32х-8*3x-9=0
T=3x
T2-8t-9=0
T1=9
T2=-1
3x=9, X=2
IV. Сабақты қорытындылау
Балалар бүгінгі өткен тақырыбымызға байланысты мына сұрақтарға жауап берейікші:
Көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін қандай тәсілдерді қолдандық?
Бірдей негізге келтіру тәсілі мен жаңа айнымалы енгізу тәсілінің айырмашылығы неде?
Рефлексия Көрсеткіштік теңдеулерді шығару үшін 2 тәсілді қолдандық.
Бірдей негізге келтіру тәсілі мен жаңа айнымалы енгізу тәсідердің алгоритміне байланысты берілген есептерді дұрыс бағытымен шығару.
V. Үй тапсырмасы
Слайд № 11 №199 VI Оқушылар білімін бағалау
Бағалау парақтары бойынша баға қойылады