?аза? тілі п?нінен ашы? Болымды, болымсыз етістік та?ырыбына саба? 3-сынып


Күні:10.03.2016
Сабақ:қазақ тілі
Тақырыбы: Болымды және болымсыз етістік
Мақсатымен міндеттері:оқу және жазу дағдыларын қалыптастасқан, жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
1.Білімділік: сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болымды және блымсыз етістік туралы түсініктерін қалыптастыру;
2.Дамытушылық: сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; етістіктерді ажырата білу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер: , қималы карточкалар., сызбалар,
Әдіс-тәсілдер: жұптық, топтық, өзіндік
Сабақ барысы
1.Оқыту үрдісінің маңыздылығы: Сабаққа дайындықтарын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру-тексерушілердің рапорты.
Өзіндік жұмыстың қорытындысын жасау.
2.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:
Дәптермен жұмыс :
Каллиографиялық минут: әріп элеметтерін жазу
Топтастыру стратегиясы:
Етістік
қимыл-іс әрекетті білдіреді не істеді? қайтты?

дара-күрделі негізгі-туынды
Етістік

болымды болымсыз+
-ма,ме,-ба,бе,-па,пе
Мысал келтірейік: бар-барма, кел-келме..
Ережені оқу-172бет
28-жаттығу етістіктерді оқы, қосымшалы етістіктерді жаз, түбірін, қосымшасын белгіле.
Жүз-жүзбе күл-күлме төк-төкпе
29-жатттығу сөйлемдерді көшіріп жаз:
Б-з е.
Білмегеніңді сұрауға арланба.т. с.с.

30-жаттығу мына етістіктерден болымсыз етістік жаса:
Ал, аш, жап, сөйле, шақыр, тарт, үз, үрле, кес.
31-жаттығу
Мақалды жатқа жазып, болымсыз етістіктердің астын сызу
Болмы, мақтанбааа
Сергіту сәті:
32-жаттығу ауызша
Тыйым сөздердің мәнін ұғу, етістіктердің болымды және болымсыз екенін анықтау.
3.Жаңа білімді бекіту:
33-жаттығу көп нүктенің орнына асықпа етістігін жаз:
Мен асықпадым Мен асықпаймын
Сен.. Сен
Сіз.. Сіз
Ол... Ол
34-жаттығу
Ребусты шешу

Шешуі: баспа- болымсыз етістік бола алады
Баспа: 1. Лайды баспа (етістік)
Баспа – тамақ ауруы/ангина – латынша анго «қысамын, тұншықтырамын»/ (зат есім)
Баспа – кітап, газет, журнал, плакат және т.б. баспа өнімдерін шығаратын кәсіпорын. Ол шығаратын өнім түрлеріне қарай:
кітап баспасы
газет-журнал баспасы
(зат есім)
Үйге тапсырма: Болымсыз етістіктері бар 5 мақалдан тауып жазу.