Математикадан дарынды о?ушылармен ж?мыс жоспары 2016 — 2017 о?у жылы Т?сінік хат «Тегінде адам баласы адам баласынан а?ыл, білім, ар, мінез деген ?асиеттерімен озады», деген Абай. ?лы а?ын с?зі еш уа?ытта ?з м?нін жой?ан емес. Озы? ойлы білімдар адамдар


Математикадан дарынды оқушылармен жұмыс жоспары2016 - 2017 оқу жылыТүсінік хат
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», деген Абай.  Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді  Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын, мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті», - деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.
 Оқушының танымдық /білім/ іс-әрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы Психологиялық жоғары дамуы Дені сау, жан-жақты толық дамуы Ойлау қабілетінің озық болуы Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
 Туа бітті шығармашылық қабілеттің
Дарындылықтың түрлері
 Интеллектуалды Академиялы Шығармашылық
 Көсемдік /лидер/
 Көркем орындаушылық
Дарындылықты анықтау критерийлері Теориялық материалды толық игеруі Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі /бастап кетпеуі/
 Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы Өзіне-өзі талап қоя білуі Тапсырылған жұмысты сапалы орындауыДарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
 Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі Тақырып бойынша модель құруға үйрету
 Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
 Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы Өзіне – өзі талап қоя білуі Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.
МАТЕМАТИКА ПӘНІ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ,
ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
№1
АТЫ-ЖӨНІ: Жалғабай Назгүл
СЫНЫБЫ:7
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы. Оқу озаты. Математика пәні бойынша үлгерімі өте жақсы.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады, тәуелсіз ірі адамға көп бағына бермейді; өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады. Тез жалыққыш, бос тұра алмай бір нәрселерді ұнатады, есте сақтау қабілеті өте жоғары.
№2
АТЫ-ЖӨНІ: Бекболатқызы Айдана
СЫНЫБЫ:7
Оқуға ынтасы жоғары, зерек және ынталы. Оқу озаты. Математика пәні бойынша үлгерімі өте жақсы.
Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары
№3
АТЫ-ЖӨНІ: Сағатқызы Назерке
СЫНЫБЫ:7
Оқуға ынтасы жоғары, зерек.
Ерекшелігі: тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
7 СЫНЫПТЫҢ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА
АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ
№ Тақырыбы Мерзімі Жұмыстың түрі Ескертпе
1. Логикалық есептерОқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 2. Есептер шығару 3. Алгебралық өрнектерді ықшамдау 4. Есептер шығару 5. Арифметикалық амалдарДәріс 6. Арифметикалық амалдарЕсептер шығару 7. Функция 8. Қысқаша көбейту формулалары 9. Олимпиадалық есептер 10. Есептер шығару 11. Бірмүше.Көпмүше 12. Рационал бөлшектер 13. Есептер шығару 14. Олимпиадалық есептер 15. Логикалық есептер Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 16. Логикалық есептер Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 17. Есептер шығару 18. Үшбұрыш элементтері 19. Үшбұрыш түрелері. 20. Үшбұрыштың ауданы 21. Олимпиадалық есептер22. Олимпиадалық есептер23. Олимпиадалық есептер24. Олимпиадалық есептер 25. Олимпиадалық есептер26. Логикалқы есептер Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру 27. Теңдеулер құрастыруға арналған есептер28. Мәтін есептермен жұмыс 29. Есептер шығару 30. Өткен тақырыптарды қайталау 31. 8-сыныпқа шолу жасау