Сіз деген-?деп,біз деген-к?мек (3 сынып)


Тақырыбы:Сіз деген –әдеп,біз деген-көмекСабақтың мақсаты:Оқушыларды қарым қатынас мәдениетіне үйрету, олардың туралы түсініктерін кеңейту.Сабақтың міндеттері:- оқушылардың әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету- оқушылардың эстетикалық қарым - қатынасын дамытуға ықпал ету- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу- Cәлeмeтciңдep мe, бaлaлap, Ceндepмeн кeздecyгe қyaныштымын. Бүгiнгi күн бiз үшiн қызықты дa, қyaнышты дa бoлaтынынa ceнeмiн.Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.Нұрға бөленуЫңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.Шаттық шеңберіӘрбір баланы өздеріне таныс үлкен достық шеңберіне тұрғызып, өздеріне сенім артып және өзгелердің де сеніміне ие болғанын сезіндіру мақсатында бүгінгі шаттық шеңберін әрқайсысының жеке басындағы қасиеттеріне тағы бір зер салып қарап, өз - өздеріне есеп беру мақсатында ұйымдастыру.Әңгімелесу«Әдеп», «Әдеп сақтау», «әдептілік» сөздері мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашып, жан - жақты тиянақтап алғаннан соң ендігі кезекте бұл құндылықтың адам өміріндегі мәні мен қажеттілігін түсіндіру мақсатында оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген төмендегідей сұрақтар негізінде әңгімелесу жүргізіледі.Әдеп, әдеп сақтау, әдептілік деген не?Әдептілік адамның іс - әрекетінде қалай көрініс табады?Адамның әдептілігін қалай білуге болады?«Әдептілік - әдемілік» дегенді қалай түсінесіңдер?Мәтінмен жұмыс«Тістелген алма» Ел аузынан. Мәтінімен жұмысТоптық жұмыс жүргізіледі. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр топқа сұрақтар дайындау. Оқушылар мәтіннің негізгі мазмұнын қысқаша мазмұндап береді.Жігіттің қылығын қалай бағалайсыңдар?Бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?Жігіт пен бақ иесінің жігітті ұнату себебі неде?Жігіт пен бақ иесі қызының қандай ортақ қасиеттері бар?ОйынОқушылардың сыныпта құрбыларымен жағымды қарым - қатынас жасау дағдыларын дамыту мақсатында «Бір - бірімізді мадақтайық» атты ойынды ойнату. Бұл ойын барысында сыныптағы барлық балалар өзгелер тарапынан жақсы сөздер, мадақтаулар естуге мүмкіндік алады.Дәйeкcөзбeн жұмыc oқyлықтaғы бepiлгeн дәйeкcөздi тaлayмeн caбaқты жaлғacтыpy.Адамда жақсы қасиет болмаса,Оған бақ та, бақыт та қонбайды.ТапсырмаОқулықта берілген бұл тапсырманың мақсаты оқушыларды логикалық ойлаудың негізгі әдістерін пайдалана отырып, оқушылардың ізденуін ұйымдастыру.Нақыл сөзді оқып, негізгі ойын анықтап, бүгінгі өмірмен байланыстырып, қорытынды жасаңдар.Ізгі мінез, түзу құлақ болғанда,Пайда түгіл екі бірдей жалғанда.Екінші – ұят, сосын шындық – үшінші,Үшеуімен ел көгерер түсіншіБиязыны халық сүйіп, ұғады.Ісі түзу кісі төрге шығады
ТүйіндемеМұғалім сабақ бойы өткен материалдарды жинақтап, жүйелеп, тиянақтау мақсатында «Назар аударайық» айдарындағы ақпаратқа оқушылардың назарын аударып, талқалатады.Дәптермен жұмысСабақтағы меңгерген білім, біліктерін тиянақтап, қорытындылап, оқушылардың ойларын жинақтап дәптерлеріне «Сіз деген –әдеп,біз деген-көмек» тақырыбында сурет салу.
Үй тапсырмасыОқушылардың осы сабақтан түйген ойларын үйде пысықтауы үшін үй тапсырмасы беріледі.«Әдептілік - әдемілік» тақырыбында эссе жазу.Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады.- Көзімізді жұмып, тыныштықта бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Бүгінгі сабақтан алған қасиеттерімізді жүрегімізге жеткізіп, сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да боладыЖүректен жүреккеМұғалім сабақты қорытындылап, оқушылармен бірге шеңберге тұрып, А. Асылбековтің «Мен әдепті боламын» өлеңін хормен айтады.