РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ??НДЫЛЫ?ТАР «М??ГІЛІК ЕЛ» ДАМУЫНЫ? НЕГІЗІ


РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАР
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Исатаев Д.К.
«Қарағанды гуманитарлық колледжі» КМҚК
директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары,
Қарағанды қаласы
Біз қоғамымызда рухани-адамгершілік құндылықты тек білім арқылы
ғана жаңғыртқымыз келеді. Әр адам туа біткен қабілетін толыққанды жүзеге асырғанда ғана өз мемлекетімізге ғана емес, бүкіл жер
бетіндегі адамдарға да пайдасын тигізеді.
С.А. Назарбаева
Қазіргі қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі – жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру болып саналады. Өскелең  ұрпақты тәрбиелеуде негізгі   мақсат қоғамға  пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор  бола  білетін, жан-жақты  шығармашыл, рухани бай  жеке тұлғаны қалыптастыру.
Осы орайда, «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2014 жылғы Жолдауында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы ұсынылды. «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы – Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті, қоғамдық келісімді қалыптастыратын құндылықтар жүйесі. [1]
«...Оқу үдерісіндегі тәрбие компонентін күшейту өте маңызды. Патриотизм, адамгершілік пен мораль нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, рухани және физикалық жағынан даму, заңға бағынушылық. Бұл құндылықтар жекеменшік түріне қарамастан, барлық оқу орындарында молая түсуі керек... Бұл біздің жастарға өмірлік қажеттілік» - деген болатын Елбасы.[3]
Бүгінде Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» пәні жобасы аясында іске асып жатқан рухани-адамгершілік білім жүйесінің мәні Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасының қойған мақсат міндеттері мен өзара ықпалдастықта екенін аңғаруға толық негіз бар.
Олай дейтін себебіміз, ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына, ең жақын адамдарына, жалпыадамзаттық құндылықтарға құрметпен, сүйіспеншілікпен, махаббатпен, достық секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеуінен байқауға болады. .[2]
Бүгінгі таңда Қарағанды гуманитарлық колледжі «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 20 тамыз 2014 жылғы №356 бұйрығына сәйкес пилоттық жобаға енгізіліп, білім беру жүйелерінде пәнаралық ықпалдастыруды (интеграция) жүзеге асыруда.
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының теориялық негіздерін меңгеру мақсатында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының және «Өрлеу» Біліктілікті арттыру Ұлттық орталығының акционерлік қоғамы филиалы Қарағанды облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты мамандарының қатысуымен әдістемелік семинарлар мен курстар ұйымдастырылды, жалпы колледж бойынша 68 оқытушы 9 сағаттық, 4 оқытушы 36 сағат, 20 оқытушы 72 сағаттық курстан өтіп біліктіліктерін арттырды.
Сонымен қатар, Республика көлемінде өткізілген Ш.А.Амонашвилидің «Білім беру кеңістігіндегі балаларға деген жеке адамгершілік негіз» тақырыбындағы авторлық семинарға колледж оқытушылары қатысты.
Колледждің білім беру кеңістігіне «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Республикалық жобасын енгізу үшін 2014-2016 оқу жылдарына арналған колледждің стратегиялық жоспарын іске асыру кезеңдері әзірленіп, бекітілді.
Колледжде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жобасын енгізу бойынша стратегиялық жоспарға сәйкес, негізгі бағыттар анықталған:
Оқу іс-әрекетіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар интеграциясы;
Колледждің сабақтан тыс іс-әрекет кезіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар интеграциясы;
Біртұтас педагогикалық үдерістегі рухани-адамгершілік білім беру интеграциясы;
Колледждің білім беру үдерісінде рухани-адамгершілік әдістерін қолдануды талдау;
Колледждегі моральдік-психологиялық ахуалды (махаббат, сенім, шығармашылық шабыттану атмосферасы) жақсарту.
Жоба шеңберінде колледж оқытушылары болашақ мұғалімдерге пәнаралық ықпалдастыру негізінде рухани-адамгершілік тұрғыдан білім беруде.
Студенттердің қабілеті мен дарынын ашудың ең бастысы – оны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту болса, осы аталған бағыт бойынша Қарағанды гуманитарлық колледжінде рухани-адамгершілік білім беру оқу-тәрбие үдерісінің барлық жүйесінен көрініс табуда.
Атап айтар болсақ, колледждің жылдық жұмыс жоспары да «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын басшылыққа ала отырып, «Өзін-өзі тану» рухани -адамгершілік білім беру бағдарламасы негізінде дайындалған.
-13525550165 Колледж іс-шараларының барысына қысқаша шолу жасайтын болсақ, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асыру барысында 2015 жылдың 10 желтоқсанында «Білім, ғылым және өндірістің бірігуі негізінде техникалық және кәсіптік білім беру сапасын қамтамасыз ету құрылымы» атты ІV облыстық ғылыми-практикалық конференциясының шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Тәуелсіздік күніне арналған студенттер арасында «Ұлы даладан – Мәңгілік Елге» тақырыбында ғылыми - теориялық конференция төменде көрсетілген үш бағыт бойынша өткізілді.
«Ел Басы жолы – дамудың жарқын кепілі» (Елбасының  өнегелі өмір  жолы, экономикалық – әлеуметтік дамуындағы тың бастамалары);
«Қазақстан халқы Ассамблеясы - татулық  пен  бірліктің  кепілі» (ішкі саяси тұрақтылық, азаматтық  татулық және этносаралық келісім қағидалары негізінде); 
4187825902335«ЭКСПО – 2017» көрмесі - Қазақстан үшін елдің экономикасы мен білім саласының дамуындағы елеулі табысы. (білім, ғылым, ізденістер мен оқытудың жаңаша технологиялары жөнінде).
«Технология» бөлімі оқытушылары мен студенттерінің ұйымдастыруы мен өткізілген Ұлт болашағы – ұлағатты отбасы және «EXPO -2017»:болашаққа ой салатын қадам» атты сабақтан тыс шара мазмұны сутденттерге жағымды көңіл-күй сыйлады.
Сондай-ақ, колледж студенттерінің рухани-адамгершілік шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Адам - өз өмірінің суретшісі» атты эссе байқауының ережесі бекітіліп, қазіргі таңда жоспарлы кестеге сәйкес өткізілуде.
Бұл аталған эссе байқауына колледждің барлық бөлімдерінде оқитын студенттері қатысты. Қазіргі сәтте 250-ден астам эссе жазылса, аталған жобаға студенттердің барлығы қатысуға ынталы екені байқалады. Әлбетте, студенттердің еңбектері арнайы жинақ болып басып шығару жоспарлануда.
Сөз түйіні, жас ұрпаққа тәрбие мен білім беруде оның жүрегіне жол таба білу, бұл әрбір білім беру мекемесінің мақсаты болса, ал оқытушының басты бақыты деп білемін. Сондықтан да «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы ұрпақ тәрбиесінде маңызды роль атқарады.
Ойымды ұлы ойшыл Ж.Баласағұнның «Адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре білсе, қоғамды да жақсартуға болады» деген дана сөзімен қорытындылағым келеді.
Әдебиеттер тізімі.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы. Астана. /2015 ж/
Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал,Өзін-өзі тану.KZ./2014ж/
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты. /2012ж/