Ата-аналармен мастер-класс Отбасы – рухани т?рбие негізі


Ата- аналармен өткізілген «Мастер класс»
Тақырыбы : Отбасы – рухани тәрбие негізі
Сабақтың мақсаты: Ата – аналар мен балалардың арасында отбасы құндылығы , рухани – адамгершілік қарым – қатынас қасиеттерін кеңейте отырып ,жанұяға деген ыстық ықылас , өзара сыйластық туралы түсінік қалыптастыру . Отбасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Түрі: Пікірталас
Әдіс – тәсілі :Баяндау ,сұрақ – жауап , ойын , сөзжұмбақ , шығармашылық жұмыс.
Көрнекі құралдар : Интерактивті тақта , ватман , қарындаштар , желім , үлестірмелі карточкалар , мазмұнды суреттер , бейнефильм .
Өту барысыс : І-. Ұйымдастыру кезеңі:
А/ Сәлемдесу
Ә/Ойын «Өтірікші »
Б/ Шаттық шеңбері /Жәйлі әуен ойнап тұрады. /
Кіріспе сөз : Сәлеметсіздер ме , қымбатты ата- аналар . Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін сіздермен өткізілгелі отырған «Отбасы құндылығы – рухани адамгершілік тәрбие негізі » атты сыныптан тыс іс- шарамызды бастаймыз.
/Себеттегі әр түрлі заттарды алып жанындағы адамға тілек айтады /
Мұғалім : -Рахмет , ата- аналар ! Ал , ата- аналар осы тілектер орындалғанда отбасында қандай күндер орнамақ.
Сөзжұмбақты шешу :
Осы сөзжұмбақты шешпес бұрын мынандай сұрақтарға жауап беріп көрелік .
Отбасы деген ұғымды қалай түсінуге болады ?Жалпы , отбасына кімдер жатады ?
- Өз отбасыңыздағы сіздің орыныңыз қандай ?
«Отбасы» сөзіне назар аударайық . Отбасы сөзіндегі әр бір әріптің өзіндік мағанасы бар . Ендеше оны тауып көрейік .
О- - - - - -
Т- - - - -
Б- - -
А - -
С- - - - - - - - Ы- - -1. ші әріп бойынша : Отбасының тірегі Жанұяның жанашыры , қамқоршысы , «Әке» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады . /Отағасы/2- ші әріп бойынша: тал бесіктен басталатын , біліммен қатар жүретін не ? /тәрбие/3-ші әріп бойынша : Әке – шешенің ұрпағы ? /бала /
4-ші әріп бойынша : Біз үшін ең қымбатты , ең ардақты адам кім? /ана/5-ші әріп бойынша : Отбасында бір – бірін түсіну үшін ,жақсы қарым – қатынас жасау үшін қандай қасиет қажет ? / сыйластық /
6-ші әріп бойынша : «Үй» сөзіне мағынасы жуық сөздермен қалай атап айтуға болады ./шаңырақ/Мұғалім : Бәрекелді барлық сұрақтарға шапшандықпен жауап бердіңіздер. Отбасының басты қазығы , алтын тіреу діңгегі – бала екен . Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол . Сондықтан , бала тәрбиесінің қамқоршысы , өнегесі – ата- аналарымыз екен .Ата- ана ның балаға берер тәрбиесі мол. Ендеше , экрандағы сурет бойынша ата-аналарымыздың ойын тыңдайық .
- Құрметті ата – аналар экрандағы суретте не бейнеленген ? Сіздер бұл суретті бүгінгі біздің тақырыпқа байланыстыра отырып қандай ой айта аласыздар ?/Тақтада түзу өскен ағаш пен қисық өскен ағаштың
ана өз ойларын айтып өтеді /
Мұғалім : Иә , шынында да , ата- бабаларымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың » деп бекер айтылмаған .
Мұғалім : Ал , осы жағдайға байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын тауып көрейік .
1. Әдепті бала – арлы бала , /Әдепсіз бала – сорлы бала/2. Қозы баққан озар , /Доп қулаған тозар/3, Анаңа ауыр сөз айтпа ! /Атыңа ауыр жүк артпа /
4, Аға әдепті болса , іні әдепті , /Апа әдепті болса , сіңілі әдепті/
5. Қисық ағаш қиыспайды , /Қыңыр адам сыйыспайды /
Мұғалім: Осы айтылып жатқан мақал – мәтелдердің отбасыға берер тәлім – тәрбиесі , үлгі өнегесі мол .
Ендеше , алдарыңыздағы «Өнегелі отбасы » сөзі берілген . Осы тақырыпқа әр ата- ана өз отбасына минездеме береді.
Мақсаты : ата – аналармен топтық жұмыс жүргізе отырып . «Өнегелі отбасы» тақырыбында отбасы тәрбиесі туралы түсініктерін қалыптастыру
4510437235714
Мұғалім : Әр топтың бір мүшесі қорғайды .
Шығармашылық жұмыс :
Мұғалім : Баспана болмаса ., ешбір тіршіліктің мәні жоқ деп ойлаймын .Отбасы шаңырақтан құралады .Ендеше өз баспанаңыздың шаңырағы биік , босағасы берік болу үшін қандай қасиеттерді қалар едің із ? Үй моделін жасау мақсатында ата- аналардың ой – пікірмен үй құрылысы тұрғызылады.
Шарты: Үй моделін жасау мақсатында ата-аналар шаңырақты биікке көтеріп лентаға қасиетті сөздерді жазып жақсы тілекпен шаңырақ жиектеріне іледі. «Жүректен-жүрекке» .
Мұғалім: Міне ата-аналар отбасы- адам баласының өзіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі.Отбасының беріктігі ең бірінші шаңырақ көтерген екі адамның бір-біріне деген сүйіспеншілігі, сенімділігі, жауапкершілігі, құрмет-сезім қасиеттерді бойына дарытып нағыз босағасы берік отбасы бола алады.
«Жаңа жылға саяхат» жаңа жыл кешінің4 – сыныптарға арналған әзірлемесі
.1-жүргізуші :Аппақ бүгін қыр, далам, Ақ дастарқан жапқандай  Халық біткен қарбалап Қонақ күтіп жатқандай
2-жүргізуші : Көңілде көп қуаныш Әр көңілде-жақсылық Кетер жылға мың алғыс Әкелген көп жақсылық.1-жүргізуші : Құрметті қонақтар,ұстаздар мен оқушылар!.Кележатқан мешін жылы мерекесімен құтықтаймыз. Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін. Кешімізді ән мен сүйемелдей отырып, бәріміз ортаға шығып би билеп, көңілімізді бір сергітіп алайық.Ән « Жаңа жыл».
2-жүргізуші : Жаңа жыл –ең қызықты,қуанышты, ерекше мереке. Бұл мерекеге мектебіміздің 4- сынып оқушылары қатысып отыр. Мен қазір атаған топтар орындарыңыздан тұрып, жаңа жылдық қошеметке ие болыңыздар.
1топ- « Көз тимесін » тобы , 2-топ «Бес саусақ» тобы , 3-топ «Пысықтар» тобы , 4 – топ «Жарасқандар» тобы, 5 – топ «Аялы алақан» тобы Ата- аналардан құралып отырған топ , 6 – «Алтын ұя»тобы .Бірақ балалар
« Алтын ұя » тобының қонақтары кешігіп жатыр , қазір келіп қалар .Дуқолшапалақ,қошыметтеріңізді аямаңыздар .
1-жүргізуші: Біздің биылғы жаңа жылымыз жылдағыдан ерекше келесі жылы орта буынға қосылғалы отырған 4- сынып оқушылары .Біз осы кешімізде сынып бойынша емес, топ бойынша өнерімізді көрсетеміз. Кешіміздің соңында белсенді отырған топка ерекше сыйлығымыз бар.Ендеше осы мерекемізде төрелік ететін әділқазлар алқасын қошеметпен «Алтын ұя » тобының үстеліне шақырамыз .
2-жүргізуші : Кешімізді бастамастан бұрын 5 - үстелден 1-1 адам ортаға шықсын, ол - өзі желаяқ, сөзге шешен, тапқыр, яғни жан-жақты оқушы болсын. Себебі жаңа жылымыздың сәнін келтіретін аяз ата мен ақшақарды іздеп , тауып алып келу керек. Аяз ата мен ақшақар қайда мерекелеп жүргенін білмейміз, сіздер осы хатты оларға апарып беріп, аяз ата мен ақшақарды бірге алып келесіздер. Уақытымыз шектеулі, сіздерге 15 минут уақыт беріледі.Сіздер сағат 15 минут өткенде осында ертіп әкелулеріңіз керек, таба алмаған жағдайда қайта оралып үстелге отыра бересіздер.(5-қатысушыны шығарып жібереміз)Ал жолдарыңыз болсын, іске сәт достар.
1-жүргізуші: Енді кешіміз әрі қарай көңілді болуы үшін, ойын ойнайық. Әр топтан 1-1 адам шығады . Әзіл айтып жарысу .2-жүргізуші: Қатысқан топтарға мың алғыс, орындарыңызға отыра беріңіздер.Қандай тату өздері Күлімдеп көздеріКәне, кәне , келіңдерБір би билеп беріңдер.1-жүргізуші: Рахмет достар. Орындарыңызға жайғасыңыздар. Біздің банағы межелеген уақытымызда таяды, ал біздің барлаушыларымыз қайда екен?( Іздеп кеткен оқушылар келеді. біреуі айқайлап айтады)2-жүргізуші: Міне, міне, мен жақсы хабар естіген сияқтымын. Сіздер ше? ( Тапқан баланың сөзі: Біз таптық! Біз таптық! Біздің кешіміздің құрметті қонақтарын алып келе жатырмыз.)
1-жүргізуші: Мінекей біздің көптен күткен қонақтарымызда келеді. Олай болса орнымыздан тұрып , қонақтарымызды қошеметпен қарсы алайық.2-жүргізуші: Бәріміз бірге «Аяз ата, Ақшақар» деп оларды ортамызға шақырайық.Аяз ата: Амансыңдар ма, балалар!
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Дендеріңіз сау болып, сабақтарыңызды тек қана 4пен, 5ке оқыңыздар! Біз сіздердің жіберген хаттарыңызды алып, естіген бойда жолға шығып, сіздерге де келіп қалдық.Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме , балалар! Орманды көктей өтіп жеттік-ау сендерге! Қандай әдемі, неткен сұлу шырша!
Өздерің де жайнап құлпырып отырсыңдар.Аяз ата: Біз сіздерге жеткенше біраз шаршапта қалдық.Енді бізге қай төрден орын табылады екен?1-ші жүргізуші :Қош келдіңіз Аяз - Ата , Қарсы аламыз орын беріп .
Ән салыңыз бізбен бірге , Би билеңіз бізге еріп. Ортамыз нұрға толып,  Төрт құбыламыз түгел болды.
2-жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар достарымыздың сіздерге арнап дайындаған өнерлерін тамашалауға « Алтын ұямызға » жайғасыңыздар .  1-жүргізуші: Жаңа жылда алдағы Көңіл өсіп кеңейсің.Ортақ ойы, арманыЖақсы дәстүр көбейсін- дегендей кешіміздің шарты бойынша өнер көрсетуді 1-ші үстелден бастайық.2-ші ,3-ші ,4-ші ,5-ші топтар өз өнерлерін ортаға салады .
 Ақшақар: Балалар барлығыңызда өнерлі екенсіздер. Аяз ата: Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip куантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.Ал енді біз жолға шығайьқ. Бізді басқа да сендер сияқты балалар да күтіп отыр. Тағы да жаңа жылдарыңыз құтты болсын!Ақшақар: Жаңа жылда, балалар, Тек жақсылық көріңдер.Жылау, ауру, жамандықҚастарыңда болмасынСау болыңдар, балалар!Аяз-Ата:Қош сау болыңдар балалар!2-ші жүргізуші: Көңілді кешімізді әрі қарай қызықты ойындармен жалғастырайық. КОНКУРС-Қонақтармен ойналады. Бұл ойын «Тосын сый» деп аталады. Мына тұрған шардың ішінде құпия тапсырма жатыр. Сіздер бұл шарды қолдың көмегінсіз шарды жаруларыңыз керек, және де аяқ киіммен де басуға болмайды. Айланы өздеріңіз ойлап табасыз. Шарды жарып болған соң, қағаздағы тапсырманы орындайсыздар . Ал енді ойынды бастайық. Ойын шарттары: Мына қағазда әр түрлі сөздер бар.Сіздер сол сөздерді алып рет-ретімен ән айтасыздар және би билейсіздер. Бастайық!!!!Ән: 1. Жаңа жыл 2. Мектеп 3. Арман 4. Қар
Би: 1. Қара жорға 2. Сыған биі 3. Шығыс биі 4. Твис.....................1-жүргізуші: Ендігі кезекте Жаңа – 2016-ші жылдың Ханзадасы мен Ханшайымын анықтайтын кез де келді. Бүгінгі кештің қонақтарында бір-бір гүл шоғы бар. Бұл гүл шоғын қыздар осы кеште ұнатқан жігіттеріне, ал жігіттер ұнатқан қыздарына ұсынады. Ең көп жапсырмаларды жинаған жігіт пен қыз Жыл Ханзадасы мен Ханшайымы атанады. .(Ханзада мен Ханшайым анықталған соң)2-жүргізуші: Сонымен Бұл кештің Ханшайымы......... және Ханзадасы......... атанды. Қане қошемет білдірейік.
1-ші жүргізуші:Ендігі сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. (Марапаттау)
2-жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.Қалауын тап, қар үстіне
қада гүл, 1- жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа жыл.Сан тілектің бастамасы ғана бұл.
Фарзана: 1-ші тілек тілеңіз «Бірлік бекен болсын ! » -деп .
Дидар: 2-ші тілек тілеңіз «Елге ырыс қонсын ! »- деп .
Тамила : 3-ші тілек тілеңіз «Ұлысым аман болсын! »- деп.
Досжан : 4-ші тілек тілеңіз «Тыныш заман болсын ! » -деп .
Мирас : 5-ші тілек тілеңіз «Бақ құсы ұя салсын ! » - деп.
Азамат: 6-шы тілек тілеңіз «Алаштын бағы жансын ! » - деп .
Ата-ана : 7-ші тілек тілеңіз «Мешін жылы қазақты жарылқасын , Айы тусын – оңынан , Жұлдызы тусын – соңынан » .
Хормен
Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын !
2-жүргізуші : Кел жаңа жыл,
игілік боп, иба бопЖер бетіне кереметті жина көп1-жүргізуші: Ақ қауырсын қанатына қайғы емесТүтін емес, рауан нұры жинап от.Жаңа жылдарың құтты болсын!!! 2-жүргізуші:Жүздерің әрқашан жарқын, көңілдерің шат, өмірлерің думанға толы болсын. 1-жүргізуші: Жаңа жыл шаттығы мәңгілік тарқамасын! Осымен думанды кешіміз тәмам . Қош сау болыңыздар!!!