О?ушыларды? жас ерекшеліктеріне с?йкес о?ыту ж?не о?у модулі


Баймурзина Гулден Кадирбаевнаның Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша өткізген коучинг сабағының жоспары.
 25.10.2014ж 8 апта6-шы күнКоучинг тақырыбы: Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру
Жалпы мақсат:  Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу арқылы оқу-оқыту,сапасын жақсарту мақсатында жас ерекшеліктерге қарай тапсырмалардың маңыздылығын ұғындыруСілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 79-83 б.
Әдістемелік нұсқау 
Оқу нәтижесі: Балалардың  табысты оқуы үшін  пәнге деген қызығышылығын оятады, 
оқушылардың  сенімділігін аттырады. Сапалы білім алуына жетелейді.
Негізгі идеялар: Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:  
Слайд-презентация,стикерлер, журнал,мәтін,видеосабақ, жас ерекшелікті анықтайтын
түрлі заттар,6 телпек.
Оқыту әдістері: Жаңа әдістер,сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі,мәтінмен жұмыс,алты телпекпен жұмыс
анаграмма, «дейін-кейін»  әдісі, «есте сақта!» ойыны
 
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқауМұғалімдерге арналған нұсқаулықТапсырмалар: Топтық  талдау, рөлдік ойын, салыстыру,пікір алысу,мәтінмен жұмыс, зерттеу,6
телпекпен жұмыс
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекетіІ. Психологиялық ахуал туғызу (2 мин) Коучтың іс-әрекетіКөтеріңкі көңіл орнату және топтау үшін түрлі смайлик артына жасырылған топтау сөздерін ұйымдастырамын. Мұғалімдердің  іс-әрекетіЖасырылған сөздер арқылы (жас ерекшелік
терге қатысты)топқа бөлінеді:
1-Бастауыш сынып
2-Жасөспірімдік кезең
3-Жеткіншектік кезең
Ұйымдастыру кезеңі«Дейін- кейін» стратегиясыӘр топқа бір-бір журнал тастап,тек сыртына ғана сипаттама жазуды тапсырамын.  Мұғалімдер  журналдың сыртын сипаттайды.(негізінен біз баланың сыртына
ғана сипаттама бермей,ішкі жан дүниесіне,
жас ерешелігіне,дарындылығына да назар
аудару керек екендерімізді ұғады.)
        Коучтың іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекетіАнаграмма
  Парақшаларға жазылған адасқан әріптерден құралған сөздер таратылады  Ол сөздерді тез,әрі дұрыс тауып,мағынасын ашқан топ қолын көтереді(олар тақырыпқа
қатысты ) 
  Коучтың  іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекетіПрезентация
Бейне сюжет  Белгілі бір шақтық кезеңге тән анатомиялық-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерді әдетте жас ерекшеліктер деп атайды.
Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдердің өсіп-жетілуін мынадай кезеңдерге бөлу қабылданды:
1) төменгі сынып шағындағы кезең
(7 жастан 11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік кезең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең (15 жастан 18 жасқа дейін).Олардың жеке ерекшеліктеріне тоқталып өтемін.
Тақырыпқа қатысты үзінді бейне сюжет көрсетіледі.
Мұғалімдер мұқият тыңдай отырып,
өздеріне керегін түртіп алады.
Видеоматериалды талдайды. Алған
мәліметтерге сүйене отырып, қай жас ерекшелікке келетіндігін тауып,
фактілерді келтіреді,өз пікірлерін
ортаға салады, бір-бірінің жауаптарын толықтырады
  Коучтың  іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекеті«Есте сақта!» ойыны Ортаға түрлі мектепке қатысты бұйымдарды көрсетемін.
Бұл ойынды тақырыппен байланыстырып,өз топтарына қатысты заттарды табуға тапсырамын. Мұғалімдер қанша және қандай
заттар көрсетілгенін есте сақтау
керек!
(Мысалы: Бастауыш сынып-ойыншық,қалам,дәптер...
Жасөспірімдік кезең-сотка,айна,атлас..
Жеткіншектік кезең –бояу,наушник,
ҰБТ кітапшалары...)
  Коучтың  іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекетіМәтінмен жұмыс Әріптестерімнің тапсырмалармен қаншалықты жұмыс жасайтындығын бағалау үшін  түрлі мәтіндер таратып, олар қай буынға жататындығын сұраймын. Олар мәтіннің мағынасын ашып,
олардың құрылымына және
мағынасына қарай қай жас ерекшелікке жататынын ажыратады.
  Коучтың  іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекетіСергіту Белсенді тақтадан әдемі да,қызықты тақырыпқа байланыста әуен мен би қосылады
  Мұғалімдер олардың қимылдарын қайталап,
бой сергітіп алады.
  Коучтың  іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекетіАлты
телпекпен
жұмыс Жалпы тақырыпқа өз көзқарастары мен коучингке берер бағасын білу мақсатында әр топқа екі тапсырмадан,яғни алты телпек таратамын
Практикалық жұмысты  қанша мұғалім меңгергенін бақылаймын
Ақ телпек:Коучингтен жас ерекшелікке байланысты
не түйдіңіздер?
Қара телпек:Сіздерді жас ерекшелікке
қандай мәселелер толғандырады?
Қызыл телпек:Осы коучингтен алған көңіл-күйлеріңіз ....
Сары телпек:Коучингтен өздеріңізге қандай
материалдар ұнады?
Жасыл телпек:Жас ерекшелікке байланысты алған білімдеріңіз сіздердің шығармашылық деңгейлеріңізді толық көрсете алды ма?
Көк телпек:Білім беруде психологиялық жас
ерекшеліктің сіздің жеке және кәсіби өмірлеріңізге не береді?
  Коучтың  іс-әрекетіМұғалімдердің  іс-әрекеті«Дейін-кейін» стратегиясыКоучинг сабақтың мұғалімдер үшін қаншалықты сәтті болғанын бақылау  үшін, тақырып бойынша не білгені туралы алдарындағы «кейін» бағанасын толтыруды сұраймын. Инсерт кестесіне стикермен пікірлерін
жазып қалдырады
Білемін Білгім келеді Мен үшін жаңа ақпарат Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру – бұл модуль талантты  және
дарынды балаларды оқыту тақырыбымен тығыз байланысты, себебі екі модуль де оқушылардың
қанағаттандыруға бағытталған сараланған оқытуға болып отыр. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес
беру және оқу балалар дамуында оқудың қолжетімділігі дәрежесін анықтайтын кезеңдеріне қатысты
білім беру мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулімен тығыз байланысты. Әртүрлі
жастағы балаларда байқалатын метасана (тұлғаның өзін-өзі тануы және өз когнитивтік үдерістері мен
қарастыру) деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогті ынталандыру стратегиясы
әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі
№5 орта мектеп
«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру»
( коучинг )
Өткізген:Баймурзина Г.К

2014-2015 оқу жылы