Коучинг на тему: «О?ыту мен о?уда?ы диалогтік о?ытуды? ма?ызы».


Коучинг – сессия
Мақсаты Коучингке қатысушыларға «диалогтік оқытудың» маңызын, оқу мен оқыту үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқыту туралы ұғымдарын қалыптастыру және тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды саралауға бағыттау. Диалогтің маңызын ашу.Әңгіме түрлерімен таныстыру. Оның оқу процессіндегі маңыздылығын көрсету. 
Күтілетін нәтиже 1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастырады.3. Білім алу тәжірибесіне диалогті әдістер енгізіледі.4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.6.Әңгіме түрлерінің айырмашылық біліп, тәжірибеде қолдана алады.
Негізгі идеялар Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы
Дереккөздер. Презентация  «Диалогтік оқыту»
Материал мен жабдықтар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, А.Әлімов "Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері", компьютер, флипчарт, бейнеролик.
«Оқыту мен оқудағы диалогтік оқытудың маңызы». Өткізген 1 деңгейлі мұғалім Мантаева А.К.Өткізілген күні: 22.10.2015ж.
 
Кезеңдері. Уақыты Коуч іс-әрекеті. Мұғалімдер іс-әрекеті.
Психологиялық ахуал орнату 3 мин - Кішкентай кездеріңізде сіздерді қалай еркелетуші еді? (1-2 пікір тыңдалады).- Ал енді Сіздер бір-біріңізге қарап бір-біріңізге еркелететін сөз айтыңыздар. Қатысушылар бір-біріне еркелететін сөздер айтады.
Топқа бөлу. 3мин Әріптер арқылы топқа бөледі З,К,Д әріптері арқылы топқа бөлінеді. 
Тақырыпты ашу «Кроссворд» әдісі Д-іздегенде табылатын қасыңнан (дос) И- онсыз тігіс тіге алмайсың (ине) А- Құрамында темір көп (алма) Л-қыздардан құралған топтың аты (лашын) О-не отбасынан басталады? (отан) Г-ортамызда отырған ағлышын тілінен сабақ беретін жауапкершілігі мол ұстаз( Гүльмира)
 
5мин Коуч тақырыпты ашу үшін мұғалімдерге кроссвордты шешуді тапсырады.  Мұғалімдер кроссвордты шешеді
«Миға шабуыл»  10мин 1.Диалог дегенді қалай түсінесіз? 2.Сіз өз сабағыңызда диалогті қолданасыз ба? 3. Сіздіңше, сіздің сөйлеу уақытыңыз бен оқушының сабақтағы сөйлеу уақытының пайыздық көрсеткіші қандай?
4.Сіз оқушыға сабақ үстінде сыныптасымен сөйлесуіне жиі мүмкіндік бересіз бе?
5.Сабағыңызда оқушылар бір-біріне сұрақ қоюға жиі мүмкіндік бересіз бе?
6.Сіз сабағыңызда оқушылар сұрақ қою үшін қандай жағдай жасайсыз? Ол үшін қандай әдістерді пайдаланасыз? 7. Егер сабағыңызда оқушыларыңыз өз орныныда отырмаса өзіңізді қалай сезінесіз?   Мұғалімдер пікірлерін білдіреді.
«Диалогтік оқыту» таныстырылымы.  10мин Коуч  «Диалогтік оқыту» таныстырылымын көрсетіп, диалогтік оқыту маңызы, әңгіменің 3 түрі, диалогтік оқытудағы сұрақ түрлерінің маңызы туралы айтады.  
«Салат рецепті»  20мин Жеке тапсырма:
1.қағазға бір салаттың рецептін жазып қасыңдағы адамға оқып бер. 2.бұл тапсырманы орындағанда не байқадыңдар?3.бұл әңгіменің қай түріне жатады?
4. Енді әрқайсыңыз салатқа қосатын өз ингредиентіңізді айтып топпен бір салат жасаңыздар. Неге осы затты салатқа қостыңыз, соны түсіндіріңіз.
5.сұрақ: Жасалынған жаңа салаттың пайдасы мен дәмділігін дәлелдеңіздер.Сұрақ: Әңгіменің қай түрі пайдаланылды? Коуч  кумулятивтік әңгіменің зерттеушілік әңгімеге айналғанына басымдық береді.  1.Топтың әр мүшесі салат түрін жазып оны топқа оқып береді. 2.жауапӘркім өз рецептін оқыды, қалғандары оны мұқият тыңдады3.Жауап:-Кумулятивтік әңгіме 4.Топтың мүшелері айтқан заттарды қосып, топпен бір салат жасайды.(қосылған заттың пайдалы қасиеттерін, құрамындағы витаминдері туралы айтады) 5.Әр қосылған заттың пайдалы қасиетін айтады.Жауап: Зерттеушілік 
Сергіту сәті  5мин Бір адамды далаға шығарып тақырып бойынша сөз жасырады, сыртқа шыққан адам 3 сұрақ қойып сөздің не екенін табады.
 
 Ролдік ойын.
 15мин «Достық, ынтымақтастық» тақырыбына әр топ алған әріптеріне сәйкес әңгіменің 3 түріне ролдік ойын көрсетеді.
Зерттеушілік әңгіме әңгіме дебат кумулятивтік әңгіме түрлеріне ролдік ойын көрсетеді.
Бейнеролик көрсету  5мин Коуч бейнероликті көрсетіп мұғалімдер пікірін сұрайды Мұғалімдер пікірлерін білдіреді.
Қорытынды.
   5мин Коучингті сын тұрғысынан ойлаудың «5+5+1» әдісімен аяқтайды.бүгінгі коучинг туралы 5 сөйлем жазыңыз.Оны 5 сөзге қысқартыңыз.Тағы 1 сөзге дейін қысқартыңыз Стикерге жазады. Соңғы сөзді дауыстап оқиды.
Рефлексия 4мин «Бес саусақ» әдісі Сократтың айтқан «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ. Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын,мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей аламын» деген сөзімен коучингті аяқтаймын.
Рефлексиялық сұрақтар Күні: 21.10.2015ж
Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы диалогтік оқытудың маңызы».
Не болды? Қалай болды? Қандай мақсатта өткізілді?


«Оқыту мен оқудағы диалогтік оқытудың маңызы». тақырыбында коучинг өткіздім. Мақсатым коучингке қатысушыларға «диалогтік оқытудың» маңызын, оқу мен оқыту үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі ретінде диалогтік оқытуды тәжірибелеріне енгізу әдістерінің жолдарын меңгерту. «Маған ұнаған әріп» әдісімен топқа бөлінді.Бейне жазбаны көріп, әр топ ойларын жеткізді. «Кроссворд» әдісімен топта талқыланып коучинг тақырыбын өздері тапты. «Миға шабуыл» арқылы мұғалімдерді ойландырып , диалогтік оқытудың маңызы туралы өздері бір шешімге келгенше сұрақтар беріп жетелеп отырдым. Жеке тапсырма және топқа тапсырма арқылы әңгіменің түрлері (зерттеушілік, кумулятивтік, дебат) «салат жасау» арқылы дәлелденіп, зерттеушілік әңгіменің пайдалылығын өз бастарынан өткізіп сезіне білді.Сабақта әңгіменің зерттеушілік түрін қолданғанда оқушылардың шығармашылық ізденісі артатынын түсіне білді.
Маған не ұнады? Не сәтті өтті? Неге? Қандай дәлел көрсетуге болады?
Маған ұнағаны мұғалімдерде үйренуге деге құлшыныстың жоғарылығы. Топтық жұмыс жасағанда бірін-бірі тыңдап,пікірлесіп, қорғау жұмысына байланысты сұрақтар берулері. Бүгін жас мұғалімдер бойында өздеріне деген сенімділігі артқанын байқап қуандым. «Өз көзқарасымды білдіре алдым, тобыма көмектескеніме, пайдамды тигізгеніме көңіл-күйім көтерілді»- деп кері байланысқа жазғанын оқып , бойларындағы өзгеріске қуандым. Бұл да болса еңбегімнің еш кетпегенінің дәлелі. Күннен күнге мұалімдердің үйренуге деген құлшынысы менің жұмысқа деген құлшынысымды арттырды.

Не сәтсіз өтті? Қандай қиындықтар болды? Неге? Нәтижесі қалай болды? Кейбір мұғалімдеріміздің сабақтары болуына байланысты, коучингтің қысқартылуы. Мектеп екі ауысымда оқитындықтан мұғалімдердің сабақ кестесі сәйкес келмей жатыр. Бұл шешімін табатын мәселе, уақыт өте орнына келеді. Бірақ жоспарланған жұмыс толық меңгерілді. Мұғалімдер коучингте үйренгенін өз тәжірибесінде қолданатын болады.
Мен не істедім немесе осы қиындықтарды жою үшін не істеймін? Келесі коучингті топ мұғалімдері түгел қатыса алатындай уақытқа белгілеуім керек. Оны алдын ала хабарлап айтамын. Коучинг тақырыбын алдын ала хабарлап өтініш білдірген мұғалімдерге коучинг өткізуге жағдай жасау.
Мақсатқа жеттім бе? Нәтиже қалай болды? Нені өзгертуім керек? Үдерісті жақсарту үшін тағы не істеуге болады? Мақсатқа қол жеткіздім. Мұғалімдер өзгеріске дайын болып сабақта диалогтік оқытуды қолдана біледі.Сабақта қолдануға ыңғайлы екендігін кері байланыста берді. Зерттеушілік әңгіме түрін сабақтарында қолданудың тиімділігін түсініп, оны қолданатындықтарын айтты. Тәжірибеде қолданғандығын көруім керек. Сонда тақырыптың қаншалықты түсінікті болғанын көремін.