Коучинг «О?уда?ы жа?а т?сілдері: диалогтік о?ыту»


Бөгенбай батыр атындағы қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтаналина Күләш Боранбайқызының «Оқудағы жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту » тақырыбы бойынша қысқа мерзімді коучинг жоспары
07.11.2014
1 апта 1-сабақ
Сабақ тақырыбы: «Оқудағы жаңа тәсілдері: диалогтік оқыту»
Жалпы мақсат: Диалогтік оқытуды түсіну. Берілген тапсырманы бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 42-46 б
1_L2W2D2
Оқу нәтижесі Тапсырмаларды орындау барысында топтарда бірлескен жұмыс жүргізу арқылы диалогтік оқытуды игеріп, мәнін ашу. Тиімді топтық қарым-қатынасқа түсуі,ынтымақтастықта болуы,уақытты ұтымды пайдалану.
Түйінді идеялар: Диалогтік оқытудың түрлерін анықтау , диалогтік сұхбаттасу өзара іс-қимылдың тиімді түрі екенін ұғыну.
Сабақта қолданылатын материалдар: Стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Коучинг
АКТ
1. Сұрақ-жауап
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
5. Пікір-талас
Дерек көздері: Дидактикалық материалдар, журнал, үлестірмелі карточка.
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, постермен жұмыс, қорғау, кері байланыс.
Оқуға арналған тапсырма: Диалогтік оқыту жөніндегі нұсқаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
II.«Көңіл күйді көтеруге байланысты » тренингін ұйымдастыру.
Бір-біріне қарама-қарсы тұрып, бір-бірімен амандасып, тілек тілеу.
Қатысушы мұғалімдер бір-біріне қарама-қарсы тұрып, амандасады, тілектер айтады.
III. Топқа бөлу

Түстер арқылы топқа бөлу. Түстер (қызыл, сары, жасыл, көк) арқылы төрт топқа бөлінеді .
IV. Топтық жұмыс «Диалогтік оқыту деген не?» флипчатқа әр топ өз ойларын салу, жазу т.б. Топ мүшелерінің қорғауы, бір-біріне сұрақ қоюы тапсырылады. Әр топ постермен жұмыс жасайды. Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды. Бір-біріне қолдау көрсетеді.
V. Сергіту сәті Сергіту сәтін өткізу. Интерактивті тақтада бала түрлі қимылдар жасайды,соны қайталайды. Интерактивті тақтадан көрсетілген қимылды қайталау арқылы жасау.
VI.Тиімді сұрақтардың қойылыуының маңыздылығы. Әр топқа тапсырма беру.
1-топ. Үй тапсырмасын тексеру барысында қойылатын сұрақтар.
2-топ. Жаңа сабақ түсіндіру кезіндегі сұрақтар.
3-топ. Сабақты талқылау кезіндегі сұрақтар.
4-топ. Сабақты қорытындылау кезіндегі қойылатын сұрақтар. Әр топ берілген тапсырмаға байланысты дайындалады. Топ мүшелері жұмыстарын қорғайды. Басқа топ мүшелері тыңдайды, сұрақ қояды. Бір-біріне қолдау көрсетіп отырады.
VII. Ақпарлама «Блум түймедағы»
Power point арқылы сұрақтардың түрлері туралы мағлұмат беру. «Блум түймедағы» арқылы тиімді сұрақтардың қойылуын білу.
VIII. Презентация Диалогтік оқыту туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. Диалогтік оқыту туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.
IX. Рефлексия
«Бес саусақ»
-Менің көңіл-күйім...
-Қиындық туғызған мәселе...
-Мен үшін сәтсіз болды...
-Айтатын дегенім...
-Маған ұнағаны...
Стикерге сабақтан алған әсерлерін «Екі жұлдыз, бір тілек» жазу. Ақ қағазға саусақтарын салып, әр саусақтағы тапсырмаларға жауап жазады.
Сабақтан алған әсерлерін жазады.