БАЯНДАМА Та?ырыбы: «?осымшаларды? жазылу ерекшеліктері»


«Таран ауданы әкімдігінің тілдерді оқыту орталығы » КММ
 
«Іс жүргізудің негізгі мәселелері:
құжат рәсімдеу және аударма ерекшеліктері»
атты практикалық семинар
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Қосымшалардың жазылу ерекшеліктері»

Дайындаған: Оразбаева
Эльмира Кәрімжанқызы
Таран ауданы,
2015 жыл 17 шілде
Семинардың тақырыбы: «Іс жүргізудің негізгі мәселелері:құжат рәсімдеу және аударма ерекшеліктері» атты практикалық семинар
Семинардың мақсаты – ісқағаздарына қойылатын талаптар, олардың безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру және күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі ісқағаздарын сауатты жазып, сапалы жүргізуді үйрету.
Баяндаманың тақырыбы: «Тіліміздің құнын түсірмейік»
Еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан кейін етек-жеңімізді жинап, бар-жоғымызды түгендей бастадық. Бұл жағдайда ең бастысы мәселе ана тілін дамыту, қазақ тілін қайнар бұлақтың суындай таза ұстау болатыны сөзсіз.
Күнделікті қолданыстағы терминдердің де, жарнама мәтіндерінің де мағыналық, грамматикалық, стильдік және орфографиялық жағынан дұрыс жазылуы да, дұрыс айтылуы да маңызды. Бұл – сауаттылықтың жалпыға бірдей нормасы ғана емес, сөйлеу мәдениетіміздің деңгейін білдіретін өлшем. Көшедегі жарнамаларға, дүкен сөресіндегі қателерге көзіміз түскенде, тіліміздің қазіргі халіне мүсіркей қарауға мәжбүрсің.
Осындай жауапты кезеңде сөз қолданыстарына, тіл мәдениетіне және аудармаға өте мұқият көңіл бөліп отыру қажет сияқты. Енді оларды біріздендіру, реттеу, кейбір аудармалар жайында бірер сөз қозғасақ.
Қосымшалар сөзбен сөзді байланыстырып, толық мағына береді. Егер қосымша дұрыс жалғанбаса, онда сөйлемнің мағынасы жоғалады. Сол себептенде дұрыс қосымшаны жалғай білудің маңызы зор.
Қосымшалар түбір сөздің соңынан келіп, сөзбен бірге жазылады: аймақтар, салаға, жобаның, міндеттемеге.
Қосымшалар сөзге үндестік заңы бойынша сөздің соңғы буыны мен дыбысына үндесе жалғанады: даму-ға, болашақ-ты, қызмет-кер-лер-ді, мақсат-ы-на, аймақ-тық.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан көбінесе фамилия – ин, -ина қосымшасы арқылы жасалады. Мұнда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге – ин, - ина қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин – Нұралин, Алтынсары+ин – Алтынсарин.
- ов, - ев жұрнақтары арқылы жасалған тектерге қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан жіңішкелігіне қарай жалғанады: Ай-ман-ов+қа, Тә-жі-бай-ев+қа, Жү-ніс-ов+ке, Сей-дах-мет-ов+ке.
ҰМЫТПАУҒА ТЫРЫСЫҢЫЗ!
Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: институт+қа, курс+қа, автобус+тан, минут+тан, тур+дан, консулдық, минимум+дар, конкурс+тан.
Тапсырма. Төмендегі сөздерге септік жалғауларын жалғап түрлендіріп көріңіздер.
Атау септік Ілік септігі Барыс септігі Табыс септігі Жатыс септігі Шығыс септігі Көмектес септігі
Кім?Не? Кімнің?
Ненің? Кімге? Неге? Кімді?
Нені? Кімде? Неде? Кімнен? Неден? Кіммен? Немен?
аквариум форум градус тур ЕСКЕРІҢІЗ!
Ь,Ъ- белгілері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана жазылады: асфальт, вольт, руль, судья, премьер, съезд, разъезд, субъект. 1. Сөз (ь) жіңішкелік белгіге аяқталып, оған дауыссыздан(согласный)басталатын қосымша жалғанса, (ь) жіңішкелік белгі сөзде жазылады + : гастроль+ге, лагерь+ден, стиль+ге.
2. Сөз (ь) жіңішкелік белгіге аяқталып, оған дауыстыдан (гласный)басталатын қосымша жалғанса, (ь) жіңішкелік белгі сөзде жазылмайды - : лагерь+і - лагері, модуль+і – модулі, гастроль+і, гастролі, стиль+і – стилі, бюллетень+і – бюллетені, роль+і – рөлі.
Тапсырма. Берілген сөздерге дауысты дыбыстан және дауыссыз дыбыстан басталған қосымшалар жалғап жазыңыз.
(-ы, -і) (-ды, -ді)
Рояль+ Рояль+
Хрусталь+ Хрусталь+
Ансамбль + Ансамбль +
Мораль+ Мораль+
Бандероль + Бандероль +
Фестиваль + Фестиваль+
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!
1. Орыс тілі жұрнақтары (-ный) жалғанған сөздер қазақ тіліне аударғанда, жіңішкелік белгісі (ь) қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда сақталмайды: материальный – материал+ дық,
коммунальный - коммунал+дық,
нотариальный – нотариал+дық.
2. Ал жұрнақ жалғанбай-ақ, түбірдің өзінде л-дан кейін (ь) жіңішкелік белгісі келетін сөздерде бұл белгі сақталады:
Моральный – мораль+дық,
Артельный – артель+дік,
Акварельный – акварель+дік.
Тапсырма. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Социальный - ___________________________________
Натуральный - ___________________________________
Феодальный – ___________________________________
Функциональный - ___________________________________
КӨҢІЛ АУДАРЫҢЫЗ!
1. Сөз ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады: педагогтер, педагогі, округі, округтік, округке.
2. Орыс тілінен енген рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, льт, нкт, ркс, мск дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: рингке, танкіге, полкі, Омскіге, фактіге.
3. Бль, брь, кль, юль дыбыстарына аяқталатын сөздерге жіңішке қосымша жалғанады.
Диалог (-ы, -і) Анестезиолог (-ты,-ті) Монолог (-ты,-ті) Филолог (-ты, - ті) Хирург(-қа,-ке) Пудинг (-ы, -і) ЕСКЕРЕ ЖҮРІҢІЗ!
Сс, лл, мм, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына аяқталған орыс тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілінен қосымшалар жалғанғанда соңғы дауыссыз дыбыс түсіп жазылады:
Атау күйінде Қазақ тілінен қосымша жалғанғанда
Кросс Кросқа
Металл Металдан, металды
Грамм Грамдап, грамға
Съезд Съезге, съезі
Киловатт Киловатқа, киловаты
Тілімізді терісқақпайланған тіркестер мен дүмбілез сөздерден арылтпайынша жазу мен сөйлеу мәдениетімізді жөнге келтіре алмасымыз анық. Тілді құрметтеудің негізі – ой-санамыздың көрінісі сөзімізді тіршіліктің қай салада болмасын дұрыс қолданудан басталады, осыны жадымызда мықтап ұстағанымыз абзал.