Т?рбие са?аты Т?рлет, Наурызым!


№5 орта мектеп
Төрлет, Наурызым!
Сынып: 8 «Б»
Сынып жетекшісі: Қадырбек Г.Қ.
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы:  Төрлет, Наурызым!Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы және дүниежүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын үйрете отырып, “Наурыз” қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.Түрі: тәрбие сағатыКөрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакат, слайдтар, ұлттық киімдер, ұлттық  тағамдар .Тәрбие сағатының жүрісі:І.Бөлім Наурыздағы салт-дәстүрлер ІІ.Ән, би.ІІІ.Сұрақ – тапсырмаларІV.Ұлттық дастархан мәзірі 
1-жүргізуші. Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп, Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып. Жақсылыққа жаршы болған НаурызымСен өмірдің көктемісің мәңгілік.
2-жүргізуші. Қауышып қайта оралған наурызға,Ерніміз әрез тиді сары уызға.Науалап нәр құйылып, нұр жүгірді,Ағарып бара жатқан қанымызға.Қақ жарып әділдіктің қара қылын,Келдің бе гүлге оранған Жаңа Жылым.«Ақтабан щұбырынды-Алқакөлмен»Жалғашы Арал, Семей аралығын.
1-жүргізуші. Жаңа жыл, кел, төрлет,Ел достығын өркендет.Мол болсын ырс,құт,Болсын елде тыныштық.Құтты болсын Наруыз той,Құлпырып тұр қыр мен ой.Күн мен түні теңелді,Жер шуаққа кенелді.
2-жүргізуші. Қырдан бүгін бу ықты,Қуды жерден суықты.Құтты болсын мерекең,Наурыз айы туыпты,Әне, Наурыз келеді.Құлпырады жер енді.
 
Наурыз: Көкпеңбек дала, туымдай аспан көгілдір,Көк кілем төсеп, көк койлек киген өңір дүр,Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,Жадырап қалар көңілді күндей көңіл бір.Кел Наурызға, пейілін көр қазақтың,Бұл күн біле білгенде ғажап тым!Ақ ұсынған ақ шәлілі әжелер,Наурыз күн-білі білгенге ғажап тым!
Әжелер шығып шашу шашады. 
Наруызды арнайы безендірілген таққа отырғызады.
2-жүргізуші.
І бөлім.Наурыздағы салт-дәстүрлер.Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырғанТәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырғанСалт-дәстүрді ардақтайық ағайын.Қазақ атты үлкен-кіші балдырған.
көрініс.
1-жүргізуші. Дана халқымыз «Батамен – ел, жаңбырмен жер көгереді» деп бекерге айтпаған ғой. Қанекеи, Наруыз тойының ақ батасын сұрайық.Асан ата: Ақ мол болсын,Қайда барсаң жол болсын,Төрт түлік ақты болсын.Ұлыс береке берсін,Бәле – жала жерге енсін.Ұлы халқым тоқ болсын,Көйлектері көк болсынҚайғы-уайым жоқ болсын.Қуаныштарың көп болсын.
Данияр мен Бекзат күй тартады
2-жүргізуші.
ІІ бөлім. Ата-салтың қазағың.Наурыз: Бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.1-жүргізуші. Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,Оның сырын ашқанға жұрт қызығар.Жауаптарын таба ма екен балалар,Сол себептен (сіздерге қоятын сұрақтар бар).
Сұрақтар :1) Наурыз төл дегенді қалай түсінесің? (Наурыз төлі)2) Наурыз көже қалай жасалады? (7 немесе 9  тағам түрі)3) Наурызша деген қандай мағына береді?(Наруыз айында жұп-жұқа қиықша қырбық жауған қар4) Сүттен жасалатын тағамды ата?(құрт, ірімшік, қатық,қаймақ т.б)5) Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?(наурызкөк)6) Наурыз айында бірінші өсетін  өсімдік? (бәйшешек)Тапсырмалар:1) Наурыз күні дастархан үстінде қандай тағамдар болуы керек? (Жауабы: Наурыз көже, бауырсақ, жеті нан, қазы-қарта т.б.)2) Жыл басының алғашқы сүті қалай аталады?(уыз)3) Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?  (Жауабы:  21 наурыз) 4) Ертеде жеті жігіт жеті шырақ жағып, ауылды аралайды екен. Неліктен? (Жауабы: Жаманшылық ескі жылмен кетсін деген ниетпен жеті шырақ жағып ауылды аралаған.)5) Наурызнама – деген не?(шат – шадыман, ойын-сауық ) 6) Ұлттық ойындарды ата? (алтыбақан,ауыдарспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек,тоғазқұмалақ)
1-жүргізуші: Жандарбектің орындауында Наурыз әні
2-жүргізуші: Уа халқым!Қазір өздеріңізге ақ батасын беріп, өнегелі өсиетттірін айту үшін ел басына күн туып, ерлер етігімен су кешкен, жау жағадан алып, бөрі етектен шалған алмағайып заманда халықтың бірлігімен тұтастығына ерең еңбек сіңіріп, түнектен шығар дол нұсқап көшбасшысы болған өз бабаларымыз асу бермес Төле би, қазып айтқан Қазыбек би, әділ үнді     Әйтеке билеріміз келе жатыр. 
Төле би:  Сұрасаң бата берейін,                Үстем болсын мерейің!                Ықыласпен қол жайсаң,                Ақ тілекті төгейін,                Дастарханың мол болсын,                Абыройың зор болсын!Қазыбек би: Өрендерің ер болсын,                      Көре алмаған бағыңды,                      Сындыра алмаған сағыңды                      Бетін басып жер болсын!
Әйтеке би:   Жарылқа Алла қабыл ет,                      Жарылқаудың қамын ет!                      Ізет, абырой, бақ-дәулет                      Қызыр қарап, бақ қонып                       Жақсылық үшін қызмет ет!
1-жүргізуші: Берген баталарыңыз қабыл болсын!
Наурыз: Қайран елім,білсейші осы нарқыңды,               Байлық деп пайдасы жоқ ойыңды.               Алатаудай болсадағы асыл тас.               Кімнен сатып ала аласың салтыңды?!
ІVбөлім.Ұлттық дастархан мәзірі 1-жүргізуші:                        Наурыз шаттық әніміз,                        Салтанатты сәніміз.                       Ән салып жас-кәріміз.                       Би билейміз бәріміз. (қыздар би билейді)
2-жүргізуші:                      Наурыз құтты болсын,                      Дендеріміз сау мықты болсын!                     Наурыз тойы келе берсін,                     Барлық халық бақытты бола берсін!                     Еліміздің несібесі көп болсын.                     Халқымыз көбейіп тоқ болсын!                     Қош сау болыңыздар халайық,                      Көріскенше күн жарық болсын!
Қорытынды: Сонымен кешіміз өз мәресіне жетті.Келесі сөзді әжелерімізге берсек. Назар қойып тындағандарарыңызға рахмет. Сау саламат болыңыздар.
№5 орта мектеп
Жыл басы - Наруыз!
Сынып: 7 «В»
Сынып жетекшісі: Жұмағұлова Ж.М
2016-2017 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы:Жыл басы - Наурыз! Мақсаты:1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт - дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт - дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.Көрнекілігі:Буклет, кестелер, шарлар, қанатты сөздер, үнтаспа.Ұйымдастыру.1 - жүргізуші.Бағыма көктемменен еніп едіңІздедім шуағыңнан көңіл емін.Бір мезгіл жоғалғаным табылғандайШаттанды шашуыңнан төңірегімКөркейтсін баспасын да даланы мұңТербетсін табиғатты дана жырыңҚош келдің төрімізге төрлет бүгін!2 - жүргізуші:Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді!Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман - есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын!
1 - жүргізуші:Жүріңдер Наурызға басып аяқ,Қалыс қауым болмасын некен саяқ.Ән шырқап, би билейтін қауым болып,Тұрмайық, уақыт келді өнерді аяп. (қыздар қазақ биі)2 - жүргізуші:Уа жараңдар, жараңдар!Көңілің баро алаңдарАта менен анаң барҮлкен кіші ағаң барНаурыз тойы басталдыБәрің бері қараңдар!1 - жүргізуші:Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші. Әр ауыл наурыз мерекесін өзінше тойлайды. Ендеше біздер Иманбай ақсақалдың ауылындағы наурыз мерекесі қалай өтіп жатыр екен. Соны тамашалайық. Бізбен бірге борлыңыздар.(Ауыл бейнесі. Ортада стол, Ата, немересі, келіні)Немересі: Ата осы Наурызтөл деген не?Ата: Балам - ау Наурызтөл дегеніміз, Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал - жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.Немере: Рахмет Ата келесіде біліп жүретін боламын.(Жастар келеді: Айжан, Жазира, Тұрарбек, Сағатбек, Ақжелең, Жанель) Аталарына көріседі.Тұрарбек: Ата наурыз мерекеңіз құтты болсын. Наурыздан наурызға аман жетейік. Сізге көрісіп кетуге келдік.Ата: Ия балам өркенің өссін!Көрісу деген Қазақстанның батыс облыстарында кең үрдіс алған. Жыл сайын наурыздың 14 - інен бастап жазылмаған заң бойынша жасы кішілер үлкендерге көрісе барып, батасын алады. Бұл әркімнің өз үйінен басталады. Таңертең тұра салып, әке - шешеңе, үйдегі өзіңнен үлкен адамдарға қол беріп амандасасың. Олар: «Жас қайырлы болсын, өмірің ұзақ болсын, әлі талай көрісуге жазсын!» - деп бата береді.Айжан: Ата мерекеңіз арнап бір ән шашу дайындап келдім. Соны орындап берейін.Ән: «Шақырады көктем» орындайтын: Мусағалиева Айжан(Келіні көже ұсынады) Әңгіме айтып отырады.(Пошташы жігіт келеді. Рольде Амангелдиев Ерболат)Ерболат: Ассалаумағалейкүм атай!Мерекеңіз құтты болсын! Жылдағы дәстүр бойынша ауыл әкімінің сізге арнаған құттықтамасын ала келдім. Біздің жұмысымыз осы. Алысты жақындатып, жақсы тілектерді жеткізушіміз.Ата: Ия балам рахмет! Қандай жаңалығың бар. Айта отыр.Келіні: Дәм алыңыз.Пошташы: Алып отырмын. Алда үлкен сайлау келе жатыр. Үлкен дайындық жүргізілуде. Алда тек еліміз аман болсын, қариялар сіздер ақылшы болып жүре беріңіздер.Ата: Тілегің орындалсын. Аман жүр.(Пошташы кетеді.)Ата: Әңгімелеріңді айта отырыңдар.Жүрген жерлерің аман ба?Жанель: Ата біз сіздің мерекелік көңіл күйіңізді көтеруге келдік. Мен де жан құрбыларымнан қалыспай бір әнімді орындап берейін.Ән: Наурыз - думан. Орындайтын: Жолдасова ЖанельАта: Әй, келінжан бүгін біздің үй үлкен думанға айналдығо. Айғаным құдағайды шақырып, немеремізді бесікке салдыртып алайық.Келіні: Ата менде соны ойлап отыр едім. Бәрі дайын болады. Әй қайным сен құдағиға барып кел, мен қыздармен бесіктойға дайындық жүргізейін.1 - жүргізуші:Өздеріңіз байқағандай Ұлыстың Ұлы күні – жаңа күн дегенді білдіреді. Сондықтан бұл күн жаңалық, қуаныштан басталады.2 - жүргізуші:Жаңалықтарды ел жұртымыз құптап, қуанышымызға ортақ болды. Иманбай ақсақалдың ауылыда тек жақсы жаңалықтарға толы екен. Бәріміз бірге бесік тойын тамашалайық.1 - жүргізуші:Құт береке, Наурыз айым келді деп,Жер түледі, жасыл желек желбіреп,Айналайын ата мекен кең далам.Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.2 - жүргізуші:Аспанымда ақша бұлттар аунайды,Наурыз тойы көңілімді баурайды.Тебіренген табиғат та мәз мейрам,Аңқылдаған қазағымнан аумайды.(құдағай келеді)Бәрі көріседі.Ата: Құдағай мына ауыл жастары мені құттықтауға келіпті. Соны пайдаланып көрші Думан ақсақалды да шақырттым, немеремді бесікке салдырайын деп жатырған жайымыз бар. Сізді арнайы шақыртып жатырмын.(барі жиналып отырады, баланы әкеледі)Ата: Немеремнің атын қоюды Думан ақсақалға жолдап жатырмын. Думанның алдына баланы апарады.Думан: Сенің атың Наурызбек. Үш рет қайталайды.Әкеңнің аты Қадырбек.Атаңның аты Иманбай.Анаңның аты Айғанша.Бақытты бол.(Келіні Айғаным құдағайға баланы апарады.)Ата: Құдағай немерем сізге тартсын деп бесікке салуды ұсынып жатырған жайымыз бар. Қолыңыз жеңіл болсын құдағай. Рахмет құда.(бесікке салу дәстүрі)Әлди - әлди ақ бөпем, орындайтын: Айғаным құдағай.Ән: Шілдехана. Орындайтын: Байғалиев МақсатАта: Құдағай, Думан ақсақал. Бүгін жастар жиналып қалыпты. Біздер Қадырбай ақсақалға барып көрісіп қайтайық. Келіңдер наурыз бата берейін. Жастар «Бастаңғы» жасасын.Құдағай: Барсақ барайық наурызбен құттықтап қайтайық.1 - жүргізуші: Бастаңғы дегеніміз қазақ халқында үлкендер үйде болмағанда жастардың жиналып қызықты отырыстар ұйымдастыруы.1 - жүргізуші: Түрлі - түрлі ұлттық ойындарды ойнауы.Арайлым: Ал қане жастар бастаңғымызды бастайық. Қазақтың көптеген ұлттық ойындары бар. Солардың бірі «Сақина салу» ойыны. Қане бастайық.(Жастар жиналады. Арайлым сақина салып жүреді.)Қане менің сақинам кімде екен, ортаға шық. 1 - 2 рет ойнату керек.(Мерей ұсталып қалу керек.)Әсия: Қане айыбыңды қалай өтер екенсің?Мерей: Наурызда ән айтпай, би билемей кету айып болар. Қазақтың ұлттық биіне айналып жүрген «Қаражорға» биін билеп берейін.(Бәрі билейді.)1 - жүргізуші: Өздеріңіз тамашалағандай, көрісу,2 - жүргізуші: бесікке салу, ұлттық ойындар жыл сайынғы наурыз мерекесі сайын аталып өтіледі.1 - жүргізуші: Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады.2 - жүргізуші: Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?1 - жүргізушңі: Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:Дүние – үлкен көлЗаман – соққан жел.2 - жүргізуші: «Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір - бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.1 - жүргізуші: Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.2 - жүргізуші: Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді - дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.1 - жургізуші: Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе ырыздығы кем болады дейді.2 - жүргізуші: Көже пісіріп, қазан - ошақ басында жүргендерді шақырып, ақсақал аталардан бата сұрайық.Көже істеген келіңдер,Көпке жаққан елшіл бол!Бата беруҰлыс оң болсын! Ақ мол болсын!Қайда барсаң жол болсын!Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын.Ұлыс береке берсінПәле - жәле жерге енсінҰлыс күні кәрі - жас,Құшақтасып кәрі - жас,Жаңа ағытқан қозыдай,Жұмырасып өріскен,Шалдар бата беріскенҰлыс күні қазан толсаОл жылы ақ мол боларМенің берген бұл батамАлланың құлағына шалынсын! Әумин! (Рахаттың орындауында күй)1 - жүргізуші.Жарқырасын Атыраудай жеріміз!Асып - тасысын байлығымыз, кенімізЕл сүйсініп дәулетіне елімнің,Малға толып жатсын барқыт беліміз!2 - жүргізуші:Тойла бүгін тауларым мен боз далам,Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.Мереке боп келген бүгін Наурызым!Береке бол ешқашанда тозбаған!1 - жүргізуші:Осымен оқушылар ұйымы дайындаған «Жыл басы- Наурыз» атты мерекелік кешіміз аяқталды.2 - жүргізуші:Наурыздан – наурызға аман есен жете берейік! Сау болыңыздар.