Ашы? саба? Ілмек инемен ойыншы?тар то?у


Қ.Дүтбаева атындағы Атырау Гуманитарлық колледжі
Технология пән бірлестігі жетекшісі: Бергалиева Батима Бергалиева
Сабақтың тақырыбы: Ілмек инемен ойыншықтар тоқу. Сабақтың мақсаты: Біліктілік мақсаты: ілмек инемен тоқу әдіс-тәсілдерін үйрету технологиясын сызбаны түсініп , тоқи білулерін меңгерту. Дамытушылық мақсаты: жұмыс барысында оқушының шеберлігін, ой өрісін, көркемдік талғамдарын арттырып, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту. Тәрбиелік мақсаты: өз бетімен жұмыс жасауға бір-біріне көмектесуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, сұлулыққа, тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі : теориялық баяндау, сарамандық, сұрақ-жауап. Керекті құрал- жабдықтар: ілмек, ине, әр түрлі тоқуға бұйымдар, шартты белгілер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстіндегі түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін меңгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай, тоқу өнері басқа да істер сияқты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Сондықтан да әр адам киген киімнің қазіргі сән үлгісіне сәйкес бола отырып, қайталанбас әсем ерекшелігін, даралығын таныта білуге тырысады. Міне осыған орай бізге көмекке келген өнердің бірі тоқыма .Тоқымамен айналысқанда адам жеке басына аса қажет нәрсені жасау үшін тоқымайды: осы тоқу үстінде түрлі түсті бояулар әлемінің үйлесімділігін, алуан түрлі сән үлгілерін таңдап, түрлі тоқу әдістерін менгеруі адамның талғамын, шеберлігін, ой-өрісін жетілдіріп, көркемдікті сезіну қабілетін дамытады. Соған орай тоқу өнері басқа да істер сияақты үйренуді, ізденуді қажет етеді. Қазақ қолөнершілері тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. 
Негізгі шалулар.
1.Тізбек( цепочка). Ілмек ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады. Осылайша қайталана береді.
2. Қысқаша шалу.(полу столбик). Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізеді.
3. Жай шалу( столбик без накида) Ілмекті тізбектегі 3 шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап Шалып алады да, содан соң жіпті тағы орап оны ілмектегі екі шалудан өткізеді.
4. Нық шалу.(прочный столбик) Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3 шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағыда орап, Енді оны ілмектегі 3 шалудан өткізіп алады.
5. Бос жіп қосылған шалу.( столбик с накидами). Шалудың биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіпті орап, бұрынғы Қатардағы не тізбектегі 4 шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, оны ілмектегі шалумен бос жіптен 2 шалу өткізеді,жіпті тағыорап, оныда ілмек Тегі соңғы 2 шалудан өткізеді