Ата-аналар жиналысы Та?ырыбы: Ата-ананы? ба?ыты-балада


Ата-аналар жиналысы
Тақырыбы: «Ата-ананың бақыты- балада»
Тәрбиеші: Жетписова Г.Т
Мақсаты: Ата – ананың отбасындағы қадірі, бала тәрбиесіндегі орны, балабақша, ата – ана, ұстаз болып бірігіп білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу жөнінде ой қозғау.
Көрнектілігі: Слайд, отбасына байланысты нақыл сөздер, үй тапсырмалары.
Жоспары:
1.Тренинг: «Сәлемдесу»
2. Пікір талас.
3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»
4. Ситуациялық сұрақтар.
5. Ертегі құрастыру.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата – аналар!
Бүгінгі балабақшамен отбасы арасындағы бірлескен «Ата – ананың бақыты – балада» атты пікірталасымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі елдің болашағы. Балабақша баланың тәрбие , білім алар алғашқы баспалдағы. Бүгінгі өткізіліп отырған іс – шара баланы өмірге бейімдеуде, тәрбие беруде, ата – ана, қоғамның, білім ордаларының алар орны дайында ой қозғамақпыз. Осы бағытта балабақшада ата – анамен бірлесе жүргізілген жұмыс түрлерін жіктеп айта кетуге болады (Слайдтан көрсету)
1.Тренинг:»Сәлемдесу»
Мақсаты: Ата – ананың қарым – қатынасын қалыптастыру.
Шарты: Қатысушылар сәлемдесе отырып, әр – түрлі амандасу түрлерін сөзбен және қимылмен көрсетеді. Ойын қызықты болу үшін түрлендіруге, басқа ұлттардың сәлемдесулерің қолдануға болады.
Ескерту:Сәлемдесу түрін екінші адам қайталамауы керек.
2.Пікір талас
Тәрбиеші: «Адамның бақыты балада», «Бала – адамның бауыр еті» - дейді.Осы бір даналы сөзді негізге ала отырып өз ойымызды ортаға салсақ. Отбасындағы бақыт дегенді қалай түсінесіздер? (Ата – аналардың жауабы).
Тәрбиеші: «Тәрбие – тал бесіктен» - дейді халқымыз.Осы орайда отбасындағы тәрбие ұстанымы туралы ой пікірлеріңізді білсек. (Ата – аналар отбасындағы тәрбие қағидалары туралы өз ой – пікірлерін ортаға салады).
Тәрбиеші: Балалардың бойына ұлтымыздың әдет – ғұрыптары мен салт – дәстүрлерін сәбилік шағынан сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу – біздің қоғамның басты мәселесі. Бұл туралы ойшыш Абай « Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата – анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан» деген екен.Осы орайда баланың мінез – құлқының қалыпта суына қандай жағдаулар әсер ету мүмкін? «Ата – аналардын пікірі».
3.Үй тапсырмасы: «Мәуелі бәйтерек»
Шарты: Отбасы суретін модульдеу. Ол үшін алдын – ала берілген тапсырмаларды орындап келген ата – аналар ортаға шақырылады.Олар кезекпен өздерінің отбасы туралы әңгімелеп береді.
4.Ситуациялық сұрақтар
5.Ертегі құрастыру.
Қатысушылар 5 – 6 адамнан топтасып ақ параққа өзіне ұнаған затын, аңдарды т.б бір – бірден бейнелейді. Ен соңындағы қатысушы сол сурет мазмұны бойынша өзіне суретін қоса отырып, ертегі құрастырып әңгімелейді.
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, сіздермен бірге ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынас түрлерін жан – жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтын жылулықтың мекені. Ошағымыздың түтіні түзу болу үшін «Тілек шамы» жаттығуын бірлесе отырып жүргізейік. Бір – бірімізге мына шамды ұсынып, кездесуден алған әсерлеріңізбен бөлісейік. Тренинг барысында айта алмай қалған ойларыңыз болса, ортаға салуларыңызды сұраймын.
«Тілек шамы» жаттығуын ұйымдастыру.
Тәрбиеші: Баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруда олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс – әрекетін мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне – өз талап қоя білуге тәрбиелеу – адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз адамгершілігімізде болуы керек. Игі қасиеттерді бала бойына дарыта білсек – еңбегіміз де жемісті болмақ.