Сынып са?аты Ата-ананы? ба?ыты балада


№19 орта мектеп

Тақырыбы: Отбасы бақыты бала деген.....
Сыныбы: 10 «ә»
Сынып жетекшісі: Қаналиева А.Т.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ата-ананың бақыты баладаСабақтың мақсаты:Ата-ана - отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері.Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.Сабақтың түрі:пікірталасСабақтың көрнекілігі: слайд, ата-анаға, бақытқа байланысты нақыл сөздер Қай елде, қай кезде болмасын, бала тәрбиесін ерекше дамытушы да, ілгері апарушы да-балалар, яғни бүгінгі ұрпақ-ертеңгі елдің болашағы . Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген екен. Осыған байланысты мектебімізде өткізіліп отырған іс-шара баланы өмірге бейімдеуде мектеп, мұғалім, ата-ана, қоғамның орны бөлек.
Олай болса «Адамның бақыты балада», «Бала - адамның бауыр еті» дейді. Осы бір атамыздан қалған сөзді басшылыққа ала отырып өз ойын ортаға салса чяч. Осы сұраққа жауап Абайдың 7 қара сөзінен бастағым келеді.Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар –тәннің құмары, бұлар болмаса , тән жанға қонақ үй бола алмайды.Және өзі өспейді, қуат таппайды.Біреуі - білсем екен дейді.Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығын, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай - керней болса,дауысына ұмтылып, онан ер жетіңкірегенде ит үрсе же мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «Ол немене?», «Бұл немене?» деп, «Ол неге үйтеді?», «Бұл неге бүйтеді?» деп,көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары,білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген ұлы Абай. Сондықтан өмірге келген баланың білсем,көрсем, үйренсем деген талпынысына шек қоймай үйретеміз.Енді оған тек қана ата-ана ғана емес қоршаған орта қоғам, мектептің ықпалы өте қажет.Сондықтан қоршаған орта, мұғалім , ата-ана болып өмірге келген баланың тәрбиесіне ат салысуымыз керек. Бала тәрбиесі қай заманнан да, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Қазақ халқының бойына ана сүтімен дарыған тәлім-тәрбиесінің өзіндік мектебі болды.Балаларға ұлтымыздың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін оның сәбилік шағынан бойына сіңіріп, ойына ұялату, сол арқылы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу - біздің қоғамның басты мәселесі.Бұл туралы ойшыл Абай «Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, бірінші ата-анасынан, екінші – ұстазынан, үшіншісі - құрбысынан» деген екен.Ұлы Абайдың өзі де бірінші ата-ананы қойып тұр.
Сондықтан мен тәртіптің ең тамаша мектебі - отбасы деген болар едім. «Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің» дейді халқымыз.Иә, ұрпақтың тәрбиесі - қоғамның болашағы және оған аса зор жауапкершілікпен қарау - әрбір саналы азаматтың борышы.Әрбір ата-ана өз баласының тәрбиелі де, саналы, мәдениетті, жүрген ортасына сүйкімді болу үшін алдымен тәрбиені өзінен бастағаны жөн, яғни оғаш қылықтармен баласына үлгі-өнеге көрсетпеуге тырысқаны жөн.Ұлы педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие баламен сөйлесумен, әңгімелесумен,оған ақыл-кеңес берумен ғана шектелмейді.Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуде,балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі,өнеге көрсетуінде» деген екен.Сондықтан жас кезінде баласына дұрыс тәрбие бере алмаған ата-ана кейін бармағын тістеп өкініп қалады.Ағашты қалай қисайтсаң солай өседі.Сондықтан балада ағаш сияқты. Қалай өсірсең солай өседі. Оның түзу жолмен жүріп білімді де саналы азамат болып өсуі біздің, яғни әрбір ата-ананың қолында дегім келеді. Мен өзімнің сөзімді К.Д.Ушинский : «Тәрбие дәрменсіз болмауы үшін ол халықтық болуы тиіс» -деген сөзінен бастағым келіп тұр, яғни әрбір ұлттың өзіндік дәстүрін, салтын сақтап,сол рухта тәрбиелеуге баса назар аудару қажеттігін ескерткен.Сондықтан жас ұрпақты Отанын сүюге,ол үшін аянбай қызмет етуге, елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуіміз керек.Әр баланың бойына ар-намыс пен туған жер,табиғаты, ана тілі, салт-дәстүрі, ата-бабаларының ерлік істеріне сүйіспеншілік сезімдерін балаларымыздың бойына дарыта білуіміз керек. Ұрпақ-болашақ! Ал осы ұрпақ , яғни адамзаттың болашағы жанұяда тәрбиеленеді.Бала дүниеге келген соң, енді ол өмірде өкінбестей,өкіндірместей өсуі керек.Әр балаға өзінің қоғамға керекті адам екенін жанұя қабырғасында түсіндіріп, санасына тоқыған жөн. ХV ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Локк: «Баланың ақылы да, жаны туғанда ақ қағаздай болып туады.Ақ қағазға қандай жазу жазса да, жазушының өз еркінде.Сол сияқты балаға тәрбие беру тәрбиешіден.Бала қалай тәрбиеленсе,соған көне береді» деген екен.Сондықтан ұрпақтң тәрбиесі өзіміздің қолымызда.Соны уысымыздан шығарып алмауымыз керек.Бақыт деген не өзі, білесің бе ?Апам марқұм айтушы еді бір есімдеАдамдардың барлығы бұл өміргеБақыт үшін жаралған деп күресуге.Бақыт деген қайда өзі, бақшада ма?Қына құсап шыға ма тасқа ғанаМейлі қанша тірнектеп жинасаң даӨмір бойы жетпейтін ақшада ма?Байлық шығар сол әлгі бақыт дегенСанаспайтын ешқандай уақытпененАуылда ма бақытым, қалада ма?Ешкім аяқ баспайтын далада ма?Көрінеме көзге сол бақыт өзіЖауындама басылған жаңа ғанаБоласың ба? Бақытты сонда ғанаБақыттымын деп ойлар кейбіреулерҚымбат бұйым ұстаса қолға дараБақыт па екен кең сарай үйің болсаҚызғанатын өзгелер күйің болсаБақыт сенің достым-ау өз үлесіңБақытыңа түбі сен кезігерсіңБар адамды сонда сен сүйсіндіріпБақыттысың қарашы дегізерсіңХалық даналығында:«Баланы 5-ке дейін патшаңдай көтер,15-ке дейін құлыңдай жұмса,15-тен кейін досыңдай сыйла,» - деген керемет ұлағатты сөзбен аяқтай келіп солай дейікІ, ІІ жүргізуші:және солай боларына сенейік.Ән. «Бақыт деген...»