«М??гілік ел» ?лтты? идеясы – о?ушы зердесінде, ж?мыс мазм?ны


Тақырыбы:
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – оқушы зердесінде
Иврай Роза
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы
Астана, көшесі -187, 16/4, 5-пәтер
8775 497 67 80
Мақсаты:
«Мәңгілік ел» идеясының мазмұнын ашып, мақсатын білу арқылы оқушы бойына бабалар армандаған, аңсаған тәуелсіз мемлекеттің халықтығын, ұлттығын, елдігін әспеттейтін, үлгілі үрдісін мақтан ететін, жалпыұлттық құндылықтарды сақтайтын тұлға қалыптастыру;
Білім-ғылымға өте қабілетті, табандылығымен, асқан шабытымен ерекшеленетін дарынды оқушы тәрбиелеу;
Міндеттері:
Көк тіреген көк тасқа өшпестей қашап жазып қалдырған қазақ елінің тарихи негіздерін зерттеу;
«Мәңгі», «мәңгілік» сөздерінің түп мағынасын табу, ашу;
Қазақстанды дамытудағы Елбасының стратегиясының «Мәңгілік елді» жасаудағы идеясын дәріптеу, насихаттау;
Оқушылардың ізденістері мен ұсыныстарын зерделеп, іске асыру;
Оқушы бойындағы Отансүйгіштік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи ескерткіштерді құрмет тұту қасиеттерін дамыту арқылы жаңашыл идеяларды өмірге әкелу;
Жұмыстың жаңашылдығы:
Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясының басты мақсаты- Қазақстанның дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылудағы жаңа саяси бағдары екендігін оқушыларға тереңінен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету;
Жұмыстың өзектілігі:
«Мәңгілік ел» идеясын қоғамдық жағынан кең тарату мен насихаттаудың бір жолы. Зерттеуде әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, Қазақстанның тәуелсіздігін, елдігін, еркіндігін мәңгі сақтау идеясы екендігіне көз жеткізу.
Ең бастысы - дарынды оқушыларды анықтау, оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Мектеп оқушыларының таным-білімдерін ғылыми деңгейге көтеру.
Мақсаттың орындалу кезеңдері:
І. Ақпаратты жинау кезеңі – қаңтар, 2015-мамыр – 2015
II. Сараптау кезеңі – қыркүйек 2016- желтоқсан 2016
ІІІ. Тәжірибелік кезең – қаңтар 2016 - наурыз 2016
«Біздің ата-бабамыз бірліктің, ынтымақтастықтың, өзара көмектің керемет үлгісін көрсетті. Қазақстан тарихының ең жоғары өсиеті осында жатыр»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
334899026924000276796526924000653415269240Мәңгілік ел идеясын зерттеу кезеңдері
Ақпаратты жинау кезең Сараптау кезең Тәжірибелік кезең
1. ҚР Ұлттық кітапханасы 1.ҚР Тұңғыш 1. Публикация
президенті музейі
2.Ақпараттық видео 2.Кездесу. Профессор 2. «Мәңгілік ел»
3. Көркем, деректі фильм Қаржаубай Сартқожаұлы брошюра
4. «Мәңгілік ел» тарихи 3. «Жас дарын»
журналы мектепішілік
ғылыми журнал
4. «Мәңгілік ел»
макетін жасау
Жұмысқа қатысушы: 5 сынып оқушылары
Мотивтендіру
Мұғалім жалпы зерттеу мәселесін ұсынады. Тақырыпқа қызығушылықты қалыптастырады. Тақырыптарды таңдап алу.
Жоспарлау кезеңі
Зерттеу жұмысына дайындық. Мұнда жұмыстың тақырыбы мен мақсаты анықталады, міндеттері мен шешу жолдары қарастырылады, іс-әрекеттің жоспары бекітіледі, топтардың ұжымдық іс-әрекеті келісіледі.
Әдіс – тәсілдерді, шығармашылық топтардың сұрақтары мен тапсырмаларын анықтау;
Әр топ ақпараттарды жинап, деректемесін анықтайды.
Ақпаратты жинау кезеңі
Оқушылар мәліметтер жинайды, әдебиет және басқа ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізеді. Алынған нәтижені мұғалімнің көмегімен сараптайды, ал мұғалім бақылап, қорытынды жасайды.
Сараптау кезең
Оқушылардың жинақтаған материалдарын саралап, сұрыптап нәтижесі іріктеледі. Мұғалімнің көмегімен өз тараптарынан ой қорытады.
Тәжірибелік кезең
Қорытынды жасаған топтар, оз ойларын тәжирибеге жинақтап, іске асырады. Яғни, мақала жазып, жарыққа шығарады. Брошюра жасап, мектеп оқушылары мен қоғамдық жерлерде насихат жұмыстарын жүргізеді. Мектепішілік ғылыми журнал шығаруды қолға алады.