Открытый урок на темуДопты ойын?а ?осу,?ріптесіне беру,?абылдау ?дістері


Маңғыстау облыстық техникалық және кәсіптік білім берудің оқу-әдістемелік кабинеті
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК
«Жаңа педагогикалық технологияларды және әдістемелерді білу – оқытушылардың шеберлік көрсеткіші» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум
«Келісілген» «Бекітемін»
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық Маңғыстау облыстық ТжКББ колледжі директорының оқу-ісі оқу-әдістемелік кабинетінің
жөніндегі орынбасары: директоры:
_________________ Сариева Г.Н. __________________ Аманова К.К.
«____» _______ 2016 ж «____» _______ 2016 ж

Тақырыбы:Допты ойынға қосу,әріптесіне
беру,қабылдау әдістері
Пәні: Дене тәрбиесі
Дайындаған: Ширджанов Нурмухан
Тобы: ДтБ – 61, 1 – курс
Мамандығы: 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»
Біліктілігі: 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі»
Бейнеу – 2016 жыл
Өткізілетін күні : _____________________ Тобы : __________________
Өткізілетін орны : Колледж спорт залы. Уақыты : 45 мин.
Тақырыбы: Допты ойынға қосу,әріптесіне беру,қабылдау әдістері
Сабақтын мақсаты :
1. Білімділік: Волейбол ойын әдістері, допты ойынға қосу, әріптесіне беру, қабылдау әдістерін үйрету
2. Дамытушылық : Шапшандық , жылдамдық, ептілік сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелік: Сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау арқылы спортпен жүйелі айналысуға, салауаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: ысқырғыш,секундомер,волейбол доптары, слайдтар, видеороликтер.бағалау парқшалары, жұлдызшалар.
№ Сабақтың мазмұны . Жаттығулар.
Уақыты
Әдістемелік нұсқаулар
І
ІІІ
ІІІ Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу.
Рапорт тапсыртқызу.
Саптағы жаттығулар:
Оңға,солға, айналып бұрылу.
Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың үшімен,өкшемен,аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Жүгіру:
Арнайы жүгіріс жаттығулар жасау.
Тізені көтеріп жүгіру
Аяқты артқа лақтырып жүгіру
Түзу аяқты алға лақтырып жүгіру
Оң жағымен жүгіру
Сол жағымен жүгіру
Сол, оң аяқпен биікке секіріп алға қозғалу
Теріс қарап жүгіру
Жылдам жүгіру
Жалпы дамыту жаттығулар жүрісте жасау:
- Ж.Б: Қол құлыпта.
1-4 қолды оң жаққа айналдыру
1-4 қолды сол жаққа айналдыру
- Ж.Б: Қол құлыпта.
1.- құлыпты ашпай қолды алға жіберу
2.- Ж.Б.
3.- құлыпты ашпай қолды алға жіберу
4.- Ж.Б.
- Ж.Б: Қол иықта
1-4: иықты алға айналдыру
1-4: иықты артқа айналдыру
- Ж.Б: Оң қолды көтеру
1,2: қолды артқа сермеу
3,4: қолды ауыстырып сермеу
- Ж.Б: Қолды жан жаққа жіберу
1,2:қолдың үшін айналдыру
3,4: шынтақты айналдыру
5,6: қолды алға айналдыру
7,8: қолды артқа айналдыру
Жалпы дамыту жаттығулар бір орында жасау
- Ж.Б : аяқты ашып , қол белде.
1-4 басты оң жаққа айналдыру
1-4 басты сол жаққа айналдыру
- Ж.Б : аяқты ашып , қолды бүгіп кеуде алдында ұстау.
1,2: қолды түзетіп оң жаққа бұрылу
3,4: қолды түзетіп сол жаққа бұрылу
- Ж.Б : аяқты ашып , қол белде.
1-4 денені оң жаққа айналдыру
1-4 денені сол жаққа айналдыру
- Ж.Б: аяқты ашып , қол белде.
1. оң аяққа еңкею
2. екі аяқтың ортасына еңкею
3. сол аяққа еңкею
4. Ж.Б.
- Ж.Б: аяқты аласа ашып , қол белде
1-3 оң аяққа отыру
4. Ж.Б.
1-3 сол аяққа отыру
4. Ж.Б.
- Ж.Б: Оң аяқты алға жіберіп тірену
1-2 оң аяққа отыру
3-4 денені бұрып сол аяққа отыру
Негізгі бөлім
Ой қозғау.
Доппен ойналатын қандай ойын түрлерін білесіздер?
Жақсы,олай болатын болса бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы:Допты ойынға қосу, әріптесіне беру, қабылдау әдістерін үйрету.
Өздерің айтып өткендей доппен ойналатын ойынның түрлері өте көп,бүгін біз волейбол ойынының ережелерімен танысамыз.
Оқушыларды екі қатарға бөліп қарама қарсы тұрғызып жұппен жаттығу жасау.
(Топ басшыларын тағайындау)
Студенттерге жаңа тақырып бойынша жаттығулар жасату. (Бағалау түрі:Екі топ бір-бірін,өз-өздерін бағалау парақшасында бағалайды.)
Екі оқушыға бір доп, аралары 4-5 метр.
- өз үстіне екі рет көтеріп қарсы жаққа беру.
- өз үстіне төрт рет көтеріп қарсы жаққа беру.
-оң,сол жақпен тұрып беру.
- теріс қарап беру.
-допты бір біріне үстінен соғу,қабылдау
-допты бір біріне астынан соғу,қабылдау
Допты екі қолмен төменнен қабылдау

Қорытынды бөлім
І.Сапқа тұрғызу .
Бекіту сұрақтары: (Жұлдызша алу арқылы бағалау)
1.Допты ойынға қосу әдістерін орындап көрсет.
2.Волейбол алаңының өлшемі қандай?
3.Волейбол добының салмағы және көлемі қандай?
4.Волейбол торының биіктігі ұлдар және қыздар үшін?
5.Допты екі қолмен жоғарыдан беру, қабылдау әдісі қалай орындалады?
6.Волейбол ойыны кезіндегі алаңда әр командадағы ойыншылар саны?
7.Ойын неше кезеңнен тұрады және ұпай саны қанша?
8.Волейбол ойыны қай жылы және қай елде пайда болды?
9.Допты екі қолмен төменнен қабылдау әдісі қалай орындалады?

ІІ. Қорыту жасау, бағалау.
ІІІ. Ұйымдастырып қайтару.
12-15 мин
2-3 айналым
6-8 рет
5-6 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
6-8 рет
5-6 рет
5-6 рет
6-8 рет
25-28 мин
5 мин Студенттердің сабаққа қатысын тексеру,сапта тұру тәртібіне,спорттық киімдерінің болуына,сабақ өтетін орынның тазалығына назар аудару.
Арқаны түзу ұстау.
Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.
Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау
Сол иықтан алға қарау
Арқаны түзу ұстау
Құлыпты ашпай қолды түзету
Әр қадамға бір айналдыру
Әр қадамға бір сермеу
Асықпай айналдыру
Дұрыс көрсету

Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау
Тізені бүкпей орындау
Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау

дұрыс көрсету .
Қателіктерін айту,жою.




Үйге тапсырма беру
Бағалау критерийлері
І топ бағалау парақшасы
Кезеңдер
топтарПостер жасауБағалау Қорытынды баға
Жаттығу барысында өзін ұстауы Әдістерді орындауыҚозғалыс шеберлігі
Топтың белсенділігі І топ ІІ топ Бағалау дискриптерлері:
0 – жоқ; 1 – нашар; 2 – сәтті.