Мектеп жасына дейінгі балаларды? тілін ойын ар?ылы дамыту (орта??ы топ)


Жылулық шеңбері: Армысың, алтын күн!
Армысың, Жер Ана!
Армысың, көк аспан,
Сәлеметсізбе!
Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? (Көктем)
Көктем неше айдан тұрады? (3 ай)
Көктем айларын атап беріңізші? (Наурыз, сәуір, мамыр)
Бүгін аптаның нешінші күні? (үшінші күні - Сәрсенбі)
Есік қағылып, Айдана келеді, амандасады, өзінің балабақшаға бармайтынын айтып, ертегілер, сурет бойынша сөйлем құрап, үйренгісі келетінін айтып көмек сұрап жылайды.
Сәлеметсіңбе, Айдана! Қош келдің! Жылама, төрге шық! Қазір біздің балалар саған көмектеседі.
Балалар, Айданаға көмектесемізбе? (Ия)
1. Жұмбақ шешу:
Орманға келе жатып, ата бір нәрсесін жоғалтып алып, кейін келсе, оны үй қылып алған, бұл қай ертегі? (қолғап)
Үй құстарын және қоянды алдаған қай ертегі? (айлакер түлкі)
Сүтін төгіп тастаған қай ертегі? (мақта қыз бен мысық)
Атасы мен әжесі дүкенге кеткенде, інісін алып, ұшып кеткен қай ертегі? (қаздар мен аққулар)
Әжесіне бәліш алып бара жатып, қасқырға кездескен қай ертегі? (қызыл телпек).
2. Дидактикалық ойын:«Кім тез сөйлем құрайды?»
Ойын шарты: Шешуін тапқан ертегілердің суретін тақтаға іліп, сол сурет бойынша сөйлем құру.
Мысалы: 1) Қызыл телпек әжесін туған күнімен құттықтады. 2) Мақта қыз үй жинады. 3) Мысық қатық төкті. т.б.
3. Қостілдік компонент: Қызыл телпек – красная шапочка, қаздар мен аққулар – гуси и лебеди, қолғап – варежки.
4. Дидактикалық ойын:«Қай ертегі жоқ?»
Ойын шарты: Тақтада ертегілердің біреуін алып тастап, жоқ ертегіні табу.
- Кім «Қолғап» ертегісіндегі кейіпкерлер туралы тақпақ біледі?
Аю:Ормадағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Қоян: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
5. «Қолғап» ертегісін сахналау арқылы көрсету.
Балаларды рөлге бөліп, бастарына ертегідегі кейіпкерлерінің бетпердесін кигізіп, өздері сомдап, кейіпкерлерді тура-кері санау. (ата, ит, қолғап, тышқан, бақа, қоян, түлкі, қасқыр).
6. Қимылды ойын: «Аңдардың жүрісі»
Ойын шарты: Ертегідегі аңдардың жүрісін қимылмен көрсету.
7. Дәптермен жұмыс.
1-тапсырма. «Қызыл телпек» ертегісін қорша.
2-тапсырма. Ертегідегі қолғапты боя.
3-тапсырма. Қаздар мен аққулар ертегісіндегі қаздардың санын таңбалап жаз.
8. Айдана қуанып, рахметін айтып, қоштасып кетеді.
9. Қорыту, мадақтау.
МдҰ №5 «Сәуле» балабақшасы
Тіл дамыту ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бойынша
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін ойын арқылы дамыту»
Орындаған:
«Айгөлек» тобының
тәрбиешісі А.Ж.Катбаева
Мамыр - 2015 ж.