Сын т?р?ысынан ойлау ар?ылы бастауыш сынып о?ушыларыны? шы?армашылы? ?абілетін арттыру


Сын тұрғысынан ойлау арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру
Аймуханова Асел Мухаметхалиевна
Қарағанды қаласы № 3 гимназия
Бастауыш сынып мұғалімі
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы талаптарына сай ұрпақ тәрбиелеуді, оқытуды жоғары деңгейге көтеруді талап етіп отыр.Бұл-үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат.Шығармашылық- адмның өзін-өзі тануы, ізденуі.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгерістер енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.[4]
Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға тәрбиелеу. Шығармашылық-бұл тіршілік көзі.Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап,бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. [2]
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын,құралдарын психология мен педогогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.
Репродуктивті іс әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.
Шығармашылы-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер.
Философияда қабілеттерді тұлғаның белгілі бір әрекетін орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. [5]
«Шығармашылық » сөзінің этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге сыйады. Философиялық сөздікте «Шығармышылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар жоғары сападағы жаңалық ашатын іс- әрекет» деп түсіндіреді.[1]
Шығармашылық жұмыс баланы ойлай білуге үйретеді. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйрету керек. Алғашқы әріп тани бастағаннан-ақ танымдық,логикалық қабілеттерін дамыту мынандай тапсырмаларды орындаудан басталады.
Қай әріп жоқ ?
Күр...к, дәр..., қ...з, домб...ра, сағ...т.
Түсіп қалған буынды тап
Ал..., тақ..., балық...,жұмыс....
Қандай сөз жетіспейді
Жасұлан ...оқушы.
Оқушылардың ізденімпаздықпен жұмыс істей білуі, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде қолдану, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге ұмтылу, оқушылардың дербестігін қалыптастырудың алғы шарттары болып табылады. Шығармашылық дербестік өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен- өзі пайда болмайды, ол мақсатты оқу қызметінің нәтижесі және өз кезінде шығармашылық тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады. Мұнда басты назар аударатын мәселе-оқушылардың ауызша, жазбаша тілінің өз ара ұштастырыла отырып, соған сәйкес жұмыстың ауызша, жазбаша түрінде көрініс табуын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Әдебиеттік оқу сабағында шығармашылық тапсырмаларды мынандай ретпен беруге болады
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Мәтін бойынша мақал құрастыру.
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу.
Өлең, мақалдар құрастыру.
Кейіпкерге мінездеме беру.
Логикалық ойлауын дамытатын тапсырма беру.
Образға кіру.
Енді осы тапсырмалардың ішінде образға кіру тапсырмасына тоқталайық. Әңгімедегі кейіпкерлердің орнына өздерін қойып, жансыз заттарға жан бітіріп, жануарлардың орнына өздерін қойып,сөйлетуге үйрету.
Қазақ тілі сабағында
Сын есімді өткен кезде беруге болатын тиімді тапсырмалар. Сөздің әрбір дыбысына сөз тудыру жұмысы. Тақтаға «Әсет қандай оқушы? » деген сөйлем жазылады. Әсет сөзінің әрбір дыбысына Әсеттің бойындағы жақсы қасиеттерді жазғызу.
Ә - әдепті, әділетті, ... .
С – сыпайы, сергек, ... .
Е - ..., ..., ... .
Т - ..., ..., ... .
Енді осы тірек сөздерді пайдаланып, «Әсет» деген тақырыпқа мәтін құрату. Осы мәтіннен сын есімдерді тауып, астын сызу.
Дүниетану сабағында
Дүниетану сабағында «Су», «Судың қасиеті» тақырыптарын өту барысында оқушылар топқа бөлініп, тәжірбиелер жасалады. Төмендегідей кластер құрылады.
Түссіз Мөлдір Сұйық


СУ


Жабысады Ағады Жұғады

Сабақты қорыту барысында әр топқа тапсырма беріледі.
І топ Ой толғау жазады.
ІІ топ Сурет салады
ІІІ топ Бес жолды өлең шығарады
Математика сабағында
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармышылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған уйреткен жөн.
Шығармашылық
Іс-әрекет

Зейін Есте сақтауы Интелектісі Ойлауы
Зейінді дамытуға бірнеше тапсырмалар орындауға болады.
Цифрларды өсу ретімен санау
Кему ретімен санау
Тақ және жұп сандарды өсу, кему ретімен санау
Топпен жұмыс істеу
«Топтастыру» стратегиясы
Геометриялық фигуралардың сәйкесін тапқызу


Шығармашылық оқушының танымдық қабілеттеріне мотивациялық тұрғыдан басшылық жасау нәтижесінде туындайды.
Шығармашылыққа үйрететін сабақтар – жаңа технологияларды қолдану болып табылады. Сондықтан Егемен еліміздің келешегі жас ұрпақты тәрбиелейтін мектептер өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны, білім берудің түрлі жолдарын бүгінгі талапқы сай жаңартуға ұмтылуы заңдылық. [3]
Пайдаланған әдебиеттер
Бастауыш мектеп журналы № 5,6 2008
Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1,2 2008
Қазақстан мектебі журналы № 4 2009
Математиканы оқытудағы методикалық көмек М.Сәтімбаева
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева Алматы 2000
\s