10 класс открытый урок по казахскому языку на тему Біржан — Сара айтысы


Сабақтың тақырыбы : Біржан мен Сара айтысы
Сабақтың мақсаты : а) Біржан мен Сара айтысын оқытып, мағынасан ашу,талдату;
ә) өзіндік ой,пікір айта білуге жетелеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту;
б) поэзия арқылы оқу білімге үндеу,отансүйгіштікке,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап, деңгейлеп оқыту
Сабақтың көрнекілігі : кітаптар, тірек сызбалар
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
а) Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген тапсырманы сұраймын . Оқушыларға өткен тапсырма бойынша бірнеше сұрақтар қоямын.
Біржан сал өмір сүрген кез туралы не айтасыңдар?
Біржан салдың қай әнін білесіңдер?
«Біржан сал және ән өнері» деген тақырыпта өз ойларыңды айтыңдар?
Біржан салдың шәрірттері деп кімдерді айтасыңдар?
Бүгінгі күн биігінен Біржанға қандай баға беруге болады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру.

Біржанның Жетісудың ақын қызы Сарамен айтысы қазақ поэзиясының асыл қазыналарының бірінен саналады.
Халық Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жас ақын, әншілер оның әнін пір тұтып ұстаз деп таниды.
Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарлығапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан-Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.
Е.Брусиловский өзінің операларында Біржан әндерін кеңінен пайдаланды. М.Төлебаев "Біржан-Сара" операсында әншінің шығармаларын толығымен пайдаланды. Біржан- қазақ халқының музыка мәдениетінің алыбы.

Екеуара жұмыс: Біржан мен Сараның айтысын рөлге бөліп оқиды
.
Білімді бекіту: Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын. Түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.
Білімді бағалау:
Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Біржан мен Сараның айтысын оқи отырып , мінездеме жазып келу.