Т?рбие са?аты, Тазалы? — саулы? кепілі 4 сынып


Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Подстепный ауылы
Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
3-деңгей бойынша сертификатталған
бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі: Т.М.Бейбитова
Тәрбие сағаты:
14986061595Тазалық – саулық кепілі
0Тазалық – саулық кепілі


Тексерілді:
Уақыты:
Тәрбие сағатының тақырыбы: Тазалық – саулық кепілі
Мақсаты: 1. Оқушылар тазалықтың адам денсаулығы үшін, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін түсіндіреді, әңгімелей алады.
Көріністі сахналау арқылы тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке бағытталады.
Оқушылар топта өзара әңгіме құрастырады, өз пікірлеріне тұжырым жасай алады
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд – суреттер, нақыл сөздер, топ атауларыСабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық дайындықҚуанамын мен де,Қуанасың сен де,Қуанайық достарым!Арайлап атқан күнге!Мұғалім:- Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі біздің 4 «ә» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Тәрбие сағатымыздың тақырыбын анықтау үшін ең алдымен сөзжұмбақ шешіп көрейік:
1. Адам денсаулығына зиянды заттардың бірі -- (темекі)
2. Үсті –басы кір баланы қандай дейміз? - (салақ)
3. Пайдалы сөзіне қарама-қарсы сөз ---- (зиян)
4. Тазалық сақтамаған бала қандай болады? - (ауру)
5. Тазалықтың досы - (сүлгі)
6. Таза жүретін баланы қандай бала дейміз? (ұқыпты)
7. Тап-таза, кіршіксіз сөзіне мәндес сөз - (аппақ)
Ерекше торкөзде бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы шығады. Тазалық
Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: « Тазалық – саулық кепілі» деп аталады.
Балалар, тәрбие сағатымызға қонақ келді, қарсы алайық. Міне, алғашқы қонағымыз да
келіп қалды (сыныпқа Кірқоймас кіріп келеді).Кірқоймас:- Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Кірқоймаспын. Мені сендер жақсы білесіңдер. Күнделікті ертемен жуынасыңдар, үнемі қолдарыңды шаясыңдар.Дәулет: - Сәлеметсіз бе, Кірқоймас! Жоғары шығып, төрге отырыңыз.Мұғалім:-Тағы да қонағымыз келді. Бұл бала қай бала?(сыныпқа таза, ұқыпты бала кіреді)
Жарқын: -Қарашы үстіне, өзіне,Бір кіршік түсті ме көзіңе?Альбина:-Тап-таза ақ қағаздай,Киімі мұнтаздай.Жарайсың, балақай!Дейміз біз мадақтай.Хор: Болайықшы осындай Таза бала (Мақсат): -Мен таза баламын. Кірқоймас екеуміз доспыз. Мен үнемі таза жүруді ұнатамын. (Осы кезде есік ашылады, сыныпқа кір қожалақ баланы сүйреп, екі тазалық секторлары кіреді.)Тазалық секторлары: (Тоғжан, Нурдаулет)-Осы сыныпқа Кірқоймас пен тазалық сүйгіш балалар келді деген соң, біз мына Жалқаубекті ертіп келдік. Бұған не айтасыңдар?Ансар: -Қарашы үстіңе,Өзіңе адам ба?Түсті не көзіңе?Бет-аузы кір айғыз,Бес батпан.
Рахман: -Мойнына күс қатқан,Тырнағы сояудай.Аяқ-қолы жарылған,Батпаққа малынған.Дильназ: -Ұят-ай, балақай,Дейміз бе мазақтай.Көрінбе ешкімнің көзінеЖүрме енді сен бұлай.Нұрдаулет: -Бақа, бақа бақ-бақ,Сені жүрсем мақтап.Бақа, бақа бақ-бақ,Жүру үшін мақтап,Болу керек аппақ.Жалқаубек: -Балалар, мені мазақтамаңдаршы. Мен қателігімді түсіндім. (жылайды)Тоғжан:-Тазалық керек басқа да,Тазалық керек шашқа да.Шашы таза, келісті,Болсаңшы анау баладай.Кірқоймас: - Балалар, Жалқаубек қатесін түсінді. Оған көмектесейік. Ол үшін менің көршілерім керек. Оларды шақыруға қалай қарайсыңдар?Оқушылар:  - Иә, шақырайық.Фарида: -Ертемен күнде сен,Қолыңа сүйкесең,Кетіп кір-ласың,Тап-таза боласың.Бұл не? (Сабын)Самал: -Шомылған баланы,Аймалап алады.Сипайды қолын да,Сипайды жонын да. Бұл не? ( Сүлгі)Кірқоймас: - Жалқаубек, міне сенде тазалыққа керекті заттардың бәрі болды. Енді не істейсің?Жалқаубек: -Мен жуынып, тап-таза болып жүремін. Кір болып жүру шынында да ұят екен. (Жуынуға кетеді)
Дәулет: Күнде бетін жумайды,
«Жу» десең-ақ тулайды.
Өз-өзінен өкпелеп,
Жатып алып тұрмайды.
Дейді ақырып:-Жолама!
Сондай бала бола ма?
Беті қандай кір еді!
Айниды адам жүрегі.
Көрсе осы бір кескінін
Күледі-ау жұрт күледі.
Сондай бала бола ма?
Сен де оған жолама! А.Шамкенов
Мерует: Салақ, салақ, салақсың!
Өз үйіңе қонақсың:
Таза емессің, кір-кірсің;
Ақ емессің, жолақсың;
Кейде қара күйесің;
Кейде қызыл далапсың;
Әй, салақсың, салақсың! Қ.Мырза Әли
Дильназ: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит-сәмпит шайнасаң.
Жылдам өсіп-өнеді,
Ауызыңды шаймасаң. С.Қалиев
Мақсат: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы-ақ.
Тұра алмайды дамылдап,
Микробтар тайғанап. С.Қалиев
Диас: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
Микробтар көңілі жай
Отырады түстеніп. С.Қалиев
Сабина: Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін. С.Қалиев.
Әли: Сия-сия портфелі,
Шимай-шимай дәптері.
Күнделік – кіл «екілік»,
Өзі ойнап жүр секіріп. Д.Байбеков
Бейнежазба көрсетіледі. Талдау: «Тазалық достары»
Береке: Су - өмір жүрегіДенсаулық тірегі.Шөлдесең, қанасың,Жуынсаң тазасың.Артур: Қоршаған ауаменШығып кең далаға.Шынық сен әрдайымКеремет ауада.Аружан:Тазалықты іздесең,Мөлдір судан аласың.Жиі - жиі жуынсаң,Аппақ таза боласың.Даяна: Тазалықты іздесең,Шампунь, сүлгі керегі.Бірі жуып шашыңды,Бірі сүртіп береді.Ербол: Тазалықты іздесең,Айна, тарақ керегі.Бірі тарап шашыңды,Екіншісі көреді.Жарқын:Тазалықты іздесең,Тіс пастадан табасың.Тістеріңді шөткеге,Тазалатып аласың.
Би: «Жалқаубек»
Мұғалім:- Балалар, тазалыққа, денсаулыққа байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз?
Тазалық – денсаулық кепілі.
Теледидар қарама
Көзің талар
Сағыз шайнама.
Аузың тозар.
Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.
Әуелгі байлық – денсаулық.
Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық егізі.
Көзің ауырса, қолыңды тый,
Ішің ауырса, аузыңды тый.
Көрініс: «Қоянның ауруы»
Қоян: Ой, тісім қақсап барады
Жанымды қоярға жер жоқ
 Мұғалім: - Балалар,  қараңыз  мына бір сұмдықты
Қоянға не болған?
Қоян  жылама, жылама.
Қасқыр: - Не болды жасырма, айтшы өзің
Неліктен ісінген бас – көзің?
Қоян: - Енді  не істеймін?
Тісімнің  ауырғаны қоймай  тұр.
Қасқыр: - Онда  дәрігер  шақырайық
Дәрігер дәрімен емдейді
Ауырса адамды, аңды да емдейді
Кәдімгі мейірімді дәрігер
Шақырсақ  қалай келмейді.
Дәрігер: - Кәне, аузыңды аш көрейін,
Кәмпит жесең көбірек
Тісің жүрер мазалап
Не  жесең де күнінеЕкі  рет  жу тазалап.
Қоянға  ұқсап тістерің ауырмас үшін
Тістеріңді  күнде жуып, күтіп жүріңдер.
Слайдтармен жұмыс жүргізіледі.
Мұғалім:
29692602616203045460337820269303533782020548603378201788160309245Адам денсаулығына жақын достар   не деп ойлайсыңдар? Спорт Денсаулық дене шынықтыру
Күннің көзі Су Таза ауа
Ендеше, топқа бөліне қояйық.
Ітоп: «Спорт»ІІтоп: «Күн»ІІІ кезең: «Сүлгі»Топтық тапсырмалар: І
Спортпен айналысқан адам қандай болады?
Тазалықты сақтамаған бала қандай болады?
Тазалықтың достарын ата.
ІІ топтық тапсырма:
А) Әр топ тазалық сөзінен сөз құрастырып шығарады.
Ә) Тазалық сөзінің әр сөзіне сын есім болатын сөз құрастырады.
Т- тәртіпті
А- ақылды
З- зерек
А- аппақ
Л- лайықты
Ы- ынталы
Қ- қайырымды
Қорытынды.
-Балалар, деніміз сау болу үшін,  таза болып жүрумен бірге тағы таңертеңгілік жаттығу жасап,
спортпен  шұғылдану  керек. Адамдар  әрқашан  қимыл- қозғалыста  жүрсе  біздің  ағзамыздағы  қан 
жүрісі  де  қозғалыста  болып  жұмысы  жақсарады.  Ауруларға  қарсы  тұра  алатын боламыз.  Денімізді сақтау  үшін  зиянды  әдеттерден  аулақ  болу керек.  Адам  денсаулығына  жақын дос та, қастар да бар. Соларды ажырата білейік. Үнемі тап-таза болып, тазалықты сақтасақ қана, бізге ауру жоламайды.
ӘН: « Дос болайық бәріміз»