План урока школьного тренера Представление учителей об идеальном учителе


Апта 3 Күні: 03.10.2016 Тренер: Изеева Л.А. Өткізілген орын:орыс тілі кабинеті
Сабақ тақыры
бы: 1-сабақ: Мұғалімнің мінсіз мұғалім туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
2-сабақ: Оқушылардың пікірі бойынша құзырлы мұғалімнің сипаттамасы қандай? Мұғалімнің оқушылардың жеке ерекшеліктері туралы қалыптасқан ұстанымдарын зерттеу.
Жалпы мақсат: Мұғалімдер өздерінің тәжірибесі негізінде сапалы оқыту мен оқудың үлгісіне талдау жасайды.
Оқу нәтижесі Мұғалімдер мінсіз оқушы мен мінсіз мұғалімнің анықтамасын береді және сапалы оқыту мен оқудың нақты критерийлерін әзірлейді.
Түйінді идеялар: Сапалы оқытудың тұжырымдамалық негіздерінің күрделілігін және көп мағыналылығын түсіну; сапалы оқытуды анықтау үшін әдетте қолданылатын критерийлерді сын тұрғысынан ойластыру. «Сапалы оқыту» ұғымының мазмұны туралы тұжырымдама түсіндіруге күрделі және маңызды. «Сапалы оқытуды» анықтау үшін жиі қолданылатын көздер жеткіліксіз.
Сабақ барысы:
1-сабақ
Тренердің әрекеті Тыңдаушылардың әрекеті
9.00-9.05 1. Ынтымақтастық ахуал «Сыйлық» ойыны:
Ойынға қатысушылар шеңбер қүрып түрады. Қазір сіздер бір-бірлеріңізге, яғни өзіңіздің сол жақта түрған көршіңізге (сағат тілімен) сыйлық сыйлайсыз. Көршіңізге қандай сыйлық жасайсыз, сыйлықты үнсіз (вербалды емес) ым-ишара арқылы көрсетіп бересіздер. Сіздің көршіңіз нендей сыйлық сыйлап жатқанын түсінетіндей жасау керек. Барлығы сыйлықтарын алып болғанша ештеңе айтылмайды. Барлығы үнсіз жасалады.
Талқылау:
1. Көршіңіз Сізге кандай сыйлық жасады деп ойлайсыз?
2. Қандай сыйлықты сыйлағанын сіз тез түсіндіңіз бе?
3. Сізге сыйлық ұнады ма?
4. Қандай әсерде болдыңыз?
2. Сурет-пазлдармен топқа бөлу Қарым-қатынастың белсенді стилі орнығады, әрі қарай ашық сөйлеуге, өзіндік «Мен-тұжырымдамасын» айқындауға, өзін-өзі тануға, өзінің және өзгелердің психологиялық ерекшеліктерін анықтауға көмектесіп, оларға талдай жасай алуды дамытады.
Сурет-пазлдармен топқа бөлінеді.
9.05- 9.15 Миға шабуыл:Муғалім туралы жазылған қандай шығармалар оқыдындар? Шет ел мектептеріндегі қақтығыстар. Атап өту. Бізде ше?
Бейнеталдау.Ұқсастығы көп пе,әлде алшақтық па? Атап өтеді. Салыстырады. (Бейнеталдау әдісі пайдаланылады.)
9.15- 9.55 Проблемалық ситуация
Барлық топқа тапсырма : Ағылшын жазушысы Брейт Уэйттің «К учителю с любовью» атты романынан үзінді таратылады. Сұраққа жауап алады: -Брейт Уэйт қандай болуға тырысады? Шағын топта ойласып Мұғалім қандай болу керек екенін айта алады . Әр топ парақшаға сөздерді жазады.-Романның сонында оқушылар оны сыйлап құрметтейді
9.55-10.00 Бейнеролик «Любимые фразы учителей» Бейнероликті тамашалайды.
10.00-10.25 Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл
«Мінсіз мұғалімге» тән қасиеттер Постер қорғау
10.25-10.30 Рефлексия «Алма ағашы» Сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек.
Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі.» Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ.» Таңдаған алмаларын алма ағашына іледі.
2-сабақ
Ұйымдасыру: (5 мин) 1.Жағымды психологиялық хал-ахуал қалыптастыру. Сергіту сәті: «Телепат» ойыны.
10.45-11.10 Шағын топтарда талқылау әдісі:
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін зерделеу. (Білім платформасын қара)
Әр топтқа парақ таратады. Тапсырмамен таныстырады: (Карточкаларды талдау)
Әрқайсысында мұғалім мен оның рөлі туралы бір дәйексөз болуға тиіс 22 карточка болатындай етіп осы парақты шаршыларға кесіңіз.
Топтың әрбір мүшесі төрт карточка – өздері толық келісетін көзқарас жазылған екі карточка және өздері үзілді-кесілді келіспейтін көзқарас жазылған екі карточка таңдауға тиіс.
Содан кейін топтың әрбір мүшесі өз тобының мүшелерімен таңдауы туралы ақпаратпен бөлісуге тиіс. Олар өздері қандай карточканы және не үшін таңдағаны туралы айтады.
Топтың басқа мүшелері айтылған пікірлермен келісетінін немесе келіспейтінін түсіндіре отырып талқылауға тиіс. Шағын топтарда мұғалімдер теориялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Талқылайды, пікірлермен бөліседі.
Сұ Сұрақтарға жауап береді:
Жақсы мұғалімнің қасиеттері қандай?
Мұғалімнің өз тәжірибесі туралы ойланғаны маңызды ма?
Сіздің ойыңызша, мұғалімнің өз мектебіндегі тәжірибені өзгертудегі рөлі қандай?
11.10-11.55 Жоғары белсенділікті талап ететін жаттығу
Слайд-шоудың көмегімен тыңдаушылар тобын зерттеуші Хэтти әзірлеген халықаралық жобаның деректерімен таныстыру. Деректермен танысады.
«Гаухартас» тапсырмасын орындайды.
12.00-12.10 Рефлексия «Мен үшін ... ең құнды болды, себебі ...»
Кері байланыс