Саба? жоспар Кальций ж?не магний


«Бекітемін»
МДОІЖО: Қайырқұл Ш.С
Күні: 06.02.16 - 09.02.16
Сабақтың тақырыбы: Кальций және магний
Судың кермектілігі, оны жою жолдары. Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары
Мақсаты:
Ca мен Mg-дің қасиеттері мен сипаттамаларын және судың кермектілігі, оны жою жолдары. Сілтілік металдар мен сілтілік жер металдарының табиғи
қосылыстарының Қазақстандағы кен орындары туралы толық меңгеру.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Көрнекілігі: ергіштік кестесі, слайдтар
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі
- оқушылармен амандасу
-сабаққа келмей қалған оқущыларды белгілеу
ІІ. Үйге тапсырмасы /сұрақ-жауап/
ІІІ. Жаңа сабақ
II топ элементтерінің жалпы сипаттамасы;
2. Ca мен Mg-дің атом құрылыстары;
3. Табиғатта таралуы;
4. Физикалық қасиеттері;
Химиялық қасиеттері;
Қосылыстары;
Алынуы;
Қолданылуы;
Қорытынды;
S-элементтер- металдар класының маңызды өкілдері. Олардың ұқсас қасиеттері атом ядросы мен валенттік электрондардың әлсіз байланысуымен түсіндіріледі. Бірақ сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар санының әртүрлі болуы жай заттардың физикалық қасиеттері мен элементтердің химиялық белсенділігінің әртүрлілігіне себепші болады.
Физикалық қасиеттері:
Кальций-күмістей ақ түсті жеңіл металл. Оның тығыздығы-1,55 г/см3. Кальций ауамен әрекеттесуі нәтижесінде түзілген оксид қабықшасымен лезде қапталады,сондықтан оны сілтілік металдар сияқты керосин қабатының астында сақтайды. Кальций-едәуір қатты металл,балқу t=840 С.
Магний-ақ түсті металл,ауамен жанасқанда бірден жұқа және тығыз қорғаныш оксид қабықшасымен қапталады,сондықтан да мөлдір емес. Тығыздығы-1,74 г/см3, балқу t=651 С. Ол алюминийден 1,5 есе, мыстан 5 есе жеңіл, сондықтан ол-ерекше маңызды конструкциялық материал. Mg пластикалығы басым, жеңіл созылады және иіледі.
Ca мен Mg-дің табиғатта таралуы.CaБорӘк тас MgАсқазан ауруларын емдейтін дәрілердің құрамына Mg кіреді.
CaКөкөністердің құрамына Ca кіреді.Құрамында кальцийі бар тағамдар. CaТіс пастасының және опа-далаптың құрамында Ca кездеседі.Химиялық қасиеттері:
1)Кәдімгі температурада сілтілік металдар галогендермен әрекеттеседі:
Mg+Cl2=MgCl2
2)Қыздырғанда кальций ж/е магний күкіртпен,азотпен әрекеттеседі:
Ca+S=CaS
3Mg+N2=Mg3N2
3)Кальцийді ауада қыздырғанда жанады:
2Ca+O2=2CaO
4)Сутек ағынында қыздырғанда кальций гидриді түзіледі:
Ca+H2=CaH2
5)Кальций сумен шабытты әрекеттесіп,одан сутекті ығыстырып шығарады:
Ca+2HOH=Ca(OH)2+H2
Қосылыстары:
CaS04∙2H20 — гипс;
MgC03∙CaC03 — доломит;
MgC03---магнезит;
MgS04 — ащы немесе ағылшын тұзы;
Бекіту
Ca→ CaO → Ca(OH)2 → CaCl2 → CaCO3
1) 2Ca+O2=2CaO
2) CaO+H2O=Ca(OH)2
3) Ca(OH)2+2HCl=CaCl2+2H2O
4) CaCl2+Na2CO3=CaCO3+2NaCl
Кальций және магний оксидтері мен гидрогсидтеріне негіздік қасиеттер тән. Бұл элементтердің өзара айналымы табиғатта кальций мен магнийдің айналымын тудырады және көптеген геологиялық процестерді жүзеге асырады. Осы өзара айналымның арқасында кальций және магний қосылыстары адам өмірінде маңызды рөл атқарады.

Үйге тапсырма:§3.1 №5 тапсырма