Натрий ж?не калий ?осылыстары


№211 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Орынбаева Кенжегүл МаханбетқызыСабақтың тақырыбы: §63 Натрий және калийСабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодты жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен
металдың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы
білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрийдің, калийдің
өздеріне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрийдің,
калийдің қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам
өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдыларын
бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: Сілтілік металдар туралы білімдерін кеңейтіп, интерактивті
әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін,ой- өрісін,зейінін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау
қасиеттерін дамыту, жеке жумыс істеуге тәрбиелеу. Білімін
қолма-қол көрсете алу қасиеттерін ашу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық
кестесі, ғаламтор сайттары, маркер тақтасы, стикерлер.
Сабақтың құрылымы:
Оқушылар өз еріктерімен 4 топқа бөлінеді. Өр топ өз жетекшілерін сайлап алады. Әр топқа жекеленген тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды оқулықтан, ғаламтор сайттарынан слайдтар дайындау арқылы немесе маркер қағаздарына түсіру арқылы қорғап шығулары керек. Топ мүшелері түгел қатысуы керек. Топтарыдың дайындығына 10 минут беріледі. Әр топта жеке компьютер бар және бағалау парағы беріледі.
Сабақтың жоспары:
Зерттеушілер тобы:
Натрий және калий элементерінің ашылу тарихы, жер қыртысында
таралу аймақтары, қосылыстары.
198691588265250825145415
382079580645
Дэви Гемфри (1778-1829)
1807 жылы ағылшын химигі Дэви қатты күйдіргіш калиді электролиздеу арқылы калийді бөліп алды және оны «потассий» (лат. potassium; бұл атау әлі күнге ағылшын, француз , испан, португал тілдерінде қолданылады). В 1809 жылы Л. В. Гильберт «калий» (лат. kalium, араб. аль-кали —ПОТАШ)


Калий
-6667550800
Калий бос күйінде кездеспейді. Ол сильвинит
KCl•NaCl, карналлит KCl•MgCl2•6H2O, сондай-ақ
кейбір өсімдіктердің күлдерінде K2CO3 (поташ)
кездеседі. Калий барлық өсімдіктердің құрамында
кездеседі.

Натрий
432000016212900
Біздің планетамызда таралу бойынша натрий барлық
элементтердің ішінен алтыншы орынды алады. Оның
үлесіне жер қыртысы массасының 2,64 %-ы
тиесілі. Мұхит суларында шамамен 2,8 % натрий
хлориді бар,ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да
жоғары. Біздің елімізде көптеген тұзды көлдер мен
тас тұздарының (галит) шөгінділері бар. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып табылады. Оның ең мол қоры – Каспий ойпатынды, Арал маңында, Ертіс өзенінің жағалауында. Қазақстанда Алматы, Қызылорда облыстарында мирабалитті Na2SO4*10H2O ірі кен орындары бар. Іле ойпатында және Балқаш маңында содалық көлдер бар, оларда (судың құрамында) натрий карбонаты Na2SO3 болады.
1457744672200
Физиктер тобы:
Натрий және калий элементтерінің Х.Э.П.Ж орны, атом құрылысы,тотығу
дәрежелері, валенттілігі және физикалық қасиеттері жайлы мәлімет
-365760216535 ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРЫЛЫСЫ e =11 P =11 N =1223 0+112Na8____1s21s22s22s22p62p63s100 дайындау.

30632407620 e = 19 P = 19 N = 2039 0+192К8181s21s22s22s22p62p63s23s23p63p64s14s13d000
Натрийдің физикалық қасиеті:
Сынаппен сұйық құйма амальгама түзеді
Балқу температурасы 97,83,қату температурасы 886
Керосиндеауада NaOH қабықшасымен қапталады,жылтырлығын жоғалтады
Ақ күміс түсті металл,жұмсақ(пышақпен кесіледі)
-2944619943126375867346800
Калийдің қолданылуы
Құймасы атомдық реакторларда сұйық металдық жылу тасымалдағыш ретінде қолданылады;
Тыңайтқыш ретінде пайдаланамыз;
Оның қосылыстары жалынды күлгін түске бояйды;
Натрий мен калийдің ұқсастықтары
Суда женіл, оңай балқиды.
Ауада олар оңай тотығады.
Иілгіш, жұмсақ, созылғыш болып келеді.
Сұйық күйінде электр мен жылуды жақсы өткізеді.
Техника қауіпсіздік ережелері
Натрий және калиймен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет. Оларды қолмен ұстауға болмайды, теріні күйдіреді. Қалдықтарын су құбырларына немесе қоқыс салатын кәрзеңкеге тастауға болмайды, өйткені тұтанып жанып, тіпті қопарылуы мүмкін.
Биологтар тобы:
Натрий және калий элементтерінің тірі ағзадағы рөлі, маңызы жайлы деректер әзірлеу.
Натрий және калий тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гармонда, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, Na, Mg, Cu, Fe, Zn. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.
Адам ағзасында орташа есеппен 140г калий және 100 г натрий кездеседі. Тамақпен бірге біз күнделікті 1,5 г-нан 7 г-ға дейін калий және 2 г-нан 15 г-ға дейін натрий иондарын қабылдаймыз. Na+ иондарына деген қажеттіліктің жоғарылығы сондай оларды тамаққа арнайы салу керек (ас тұзы түрінде).
Биологиялық рөлі
Натрий - оны адам ас тұзына қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса, солай пайдалана бергеннің жөні жоқ.Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола кетеуі мүмкін. Сондықтан да тұзды аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты яғни, диетаны тек дәрігерлердің уйғаруымен пайдалануы керек. Натрий ағзадагы осмос қысымын реттеп тұрады.

345735919038005933901041200

1084999969520036638541032800

2140585-200660

3646349762000774114860200

Биологиялық рөлі
Калий — маңызды биогенді элемент, әсіресе өсімдіктер әлемінде. Топырақта калий жетіспесе өсімдік өте нашар дамиды. Өнім түсімі азаяды, сондықтан 90 % өндірілген калий тұздары тыңайтқыштар түрінде қолданылады.
3965108-35845100403608-33209300
2401570191346547485141605


6104038512600
40180761035200
Химиктер тобы:
Бұл элементтердің химиялық қасиеттері туралы айту, алу жолдары, қолданылуы. (Тәжірибе көрсету)
Натрий,калий, өзге сілтілік металдар сияқты типтік металдық қасиеттер көрсетеді. Өте белсенді, электрондарын оңай береді.
Күшті тотықсыздандырғыш болып табылады.
Алынуы
Натрий,калийді басқа сілтілік металдар сияқты балқытылған хлоридтерден немесе сілтілерден электролиз жолымен алады.:
2NaCl = 2Na+ + Cl20 2KCL = 2K+ + Cl2o
Na+ + e- = Na K+ + e- = K
2Cl- - 2e- = Cl2 2Cl- — 2e- → Cl2
4OH- - 4e- = 2H2O + O2 4OH- — 4e- → 2H2O + O2
Химиялық қасиеттері
2Na + S = Na2S
2Na + H2 = 2NaH
2Na + O2 = Na2O
2Na + 2H2O = 2NaOH + H2↑
9465572768800
2K + 2H2O= 2KOH + H2
2861346-35740900
KOH + Na = NaOH + K
Әр топ өз тапсырмаларын 3-5 минут қорғайды.
Бағалау:
I топ II топты
II топ III топты
III топ IV топты
IV топ I топты
Бағалау “Екі жұлдыз, бір тілек” және топ басшыларындағы бағалау парағы арқылы жүргізіледі.
Сабақты бекіту: Сабаққа “аудармашы” қатысып отыр. Ол кісіге түсініксіз жайттарды толықтырып, түсіндіріп беруіміз кажет.
Аудармашы:
Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуімізде өткір, кез-келген адаммен оңай араласатын ашық - жарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді, тындырады деп өсек айтады. Мінезі толмай онша маңызды жүйеге істемейтін Латиф деген ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жолады, қазір тұрмыстық көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл шаруашылығында оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай “жігітім” дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді, өздері автоматпен сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайыным кім?
Формуласы берілген заттардың аты қалай аталады?
NaCl —
KCl —
NaNo3—
KNO3 —
NaOH —
KOH —
K2SO4 —
Na2SO4 —
Na2SO4*10H2O —
Na2SO3 —
NaHCO3 —
KCLO3 —
KMn O4—
Әр топқа “аудармашыдан” хат келеді. (Электронды пошта арқылы есептер беріледі)
Өзін өзі бағалау. Электронды оқулық арқылы тест жұмысын беру. Жауабы бірден анықталады.
Рефлексия
Сабақ туралы өз ойларын, жеке топ жайлы ойларын қорытып “смайлик” немесе қысқаша сөйлем арқылы көрсету.
Үйге: §6.3 оқу №7 есеп