Химия п?ніне арнал?ан саба?Натрий, калий ж?не оларды? ?осылыстары. .8 сынып


Сынып :8
Сабақтың тақырыбы: Натрий, калий және олардың қосылыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: периодтық жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдардың жалпы қасиеттері және s-элементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, оқушыларды натрий және калийдің өзіне тән қасиеттерімен таныстыру. Оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру арқылы білім мен дағдысын бір жүйеге келтіру.
Дамытушылық: 8 сыныпта сілтілік металдар туралы алған білімдерін кеңейтіп, интерактивті әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың өзара белсенділігін, ой-өрісін, зейінін дамыту.
Тәрбиелік: оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру, есте сақтау қасиеттерін дамыту, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. Білімін қолма қол көрсете алу қасиеттерін ашу. Экологиялық тәрбие беру.
Пәнаралық байланыс: биология, география, медицина, экология.
Сабақтың түрі: проект сабағы
Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызба, ватман, маркер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру (сыныпты 4 топқа бөледі)
ІІ. Қызығушылықты ояту:
44577004874260Құтыдағы хат. Теңіз суы арқылы құтыда хат келді. Хатта жұмбақ жазылған:
-1524004874260Біз ағайынды 4 жігітпіз, төртеуміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын ашық-жарқын жігіттерміз. Ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор.Мен аса жеңілмін, менің өзім ауыл шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Кәнтай мен Рәнтай «жігітім» дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Өздері минаралды тыңайтқыш, автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және менің ағайындыларым кім?
Жауабы: Сілтілік металдар. Жұмбақты оқып талдайды. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен оқушыларды таныстырады.
Топтастыру. а) Натрийдің физикалық қасиеттері........
ә) Натриймен жұмыс істегенде.......
б) Натрий сумен әрекеттескенде......
в) Натрийге период бойынша сипаттама..........
ІІІ. Мағынаны тану:
Натрийдің маңызды қосылыстары туралы мәлімет беру.
Ас тұзы NaСl: Тапсырма № 1. Сәйкестікті тап.
Атом құрылысы – Na+11) 2e)8e)1e
Электрондық формуласы – 1s22s22p63s1
І – топтың негізгі топшасы – сілтілік металдар
Ас тұы - NaCl
Натрийдің молярлық массасы – 23 г/моль
Глаубер тұзы – Na2SO4*10H2O
1807 ж Дэви – натрийді электролиздеп алды
Натрий - 1 валентті
Тапсырма № 2.Есептер шығару.
Табиғатта натрий қосылыстар түрінде кездеседі. Теңіздің жағасында натрий хлориді галиттер түрінде жиналады. Картадан Қазақстандағы тұзды көлдерді көрсетеді. Арал теңізінің экологиялық проблемасын талқылау.
0685800240030068580011430002743200
28575002857500Қолданылуы:
3429004000500

Тапсырма № 3. Тәжірибе орындау: Ас тұзының сапалық құрамын анықтау.
IV. Бекіту.
Кластерге қайта оралып, бұрыннан білген және осы сабақтан білген компоненттерді көрсетеді. Бүгінгі сабақтан не білдім? Бүгінгі сабақтан алған білімімді келешекте қайда қолдана аламын? Топтар класстерлерін қорғайды.

V. Бағалау.
VI. Үйге тапсырма: § 6.3-6.4. 158 бет – 5, 7 жаттығулар. Сабақта жасаған класстерлерді қосымша әдебиеттер арқылы толықтырып, компьютерлік дизайнмен көркемдеп жасап әкелу.