Химия п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: Кальций ж?не оны? ?осылыстары (9 сынып)


Тақырыбы: Кальций және оның қосылыстарыМақсаты:
1) Оқушыларға кальций және оның қосылыстары жайлы физикалық – химиялық қасиеттерін, табиғатта кездесуі, өнеркәсіпте алынуы, қолданылуы тұралы мәлімет беру. Оқұшылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртутас көзқарас қалыптастыру.
2) Кальций және оның қосылыстарының, биологиялық маңызы, қолданылуы туралы оқушылардың түсініктерін кеңейтіп, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы пәнге деген қызығушылығын, таным белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру; 
3)Денсаулығын сақтауға, ағзаның кальций қажеттілігін қанағаттандыруға үйрету арқылы салауат-тылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді игеру
Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ Кіріктіру нысаны; Химия ғылымы, биология, география, физика, халықтық педагогика және медицина Сабақтың формасы: Топтық, ұжымдық , жеке оқушымен жүмыс. Сабақта қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, түсіндіру Пәнаралық байланыс: Көрнекі құралдар мен жабдықтар: “периодтық жүйе” кестесі, “ерігіштік кестесі”, сызба - нұсқалар, Реактивтер, құрал-жабдықтар: лабораторлық тұрғы, сынауықтар, спиртшамы, қысқыш, пипетка, шырпы, бор, су, химиялық стакакан Сабақ кезеңдері: І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасу Кезекшімен жұмыс жасау Оқушыларды сабаққа дайындау ІІ. Үй тапсырмасын тексеру : “Металдардың адам өміріндегі және табиғи ортадағы маңызы” тақырыбы бойынша химиялық диктант; Тайқазан қашан және қай жерде құйылған? Тайқазанның құрамында қандай металдар болған? Адам ағзасында қандай металдар бар және олардың атқаратын қызметтері? “Қ. Сәтбаевтың Қазақстан металлургиясына тигізген үлесі” тақырыбында хабарламалар тыңдау;ІІІ. Жаңа білімді меңгеру кезеңі  : Балалар! Біз металдар және олардың жалпы қасиеттері, адам өміріндегі маңызы туралы білімде- рімізДі пайдадаланып кальций элементін зерттеуіміз керек.Өткен сабақта мен кальций елінің құрылысы, қасиеттері, қолданылуы және биологиялық маңызын зерттеуіні әр ауылға бөліп бергенмін. Енді осы ауыл өкілдеріне сөз кезегін берейі:
Кальций құрылысшылар ауылы Кальций деген күміс түсті металмын, Өмір бойы керегіңе жете алдым. Менмін – ақ бор, әктас, мәрмәр, ғанышпын, Тіршілікке қажет металл аталдым. Жануардың бақалшағы, қаңқасы, Жер бетінің минералды әр тасы. Сан құрылыстың сәулеті, негізі, Қаланады менен ғана ойланшы. Кальций периодтық жүйеде- 4-период, ІІ-топтың А топшасына орналасқан Сілтілік - жер металл . Кальцийдің қосылыстары табиғатта кең таралған. Жер қыртысындағы мөлшері бойынша бесінші орында турады, массасы бойынша 3,6%. Табиғатта кальцийдің қосылыстары кез келген жерде кездеседі, тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан құралған. Адам организмінде 1кг-ға дейін кальций болады, ол сүйектің , тыс эмаліның, қанның құрамынында болады. Атомының құрылысы 40Са20 20р 20п 20е. Кальцийдің атомының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар: 20 Са )2е )8е )2е . Сыртқы қабатындағы 2е валенттік электрондарға жатады.
Тарихшылар ауылы
  Кальцийдің табиғи қосылысы – әкті ғалымдар көп уақытқа дейін жай зат ретінде санап келді. 1808 жылы ағылшын химигі Г. Дэви аздап ылғанданған сөндірілген әкті элекролиздеп, сынап катодына  амальгама түрінде түрінде бөлінген бұрын белгісіз металл бөліп алды, оған латынша “кальций – Calx”  - әк деген атау берді.
Әктас қалай пайда болды? Маржандардың әктен түзелген қаңқаларынан теңіз, мұхиттарда, су астында үйінді пайда болады. Қаңқалар үйіндісінен жартас - риф және шеңберлі жартас - атолл түзіледі. Әк алуға көбінесе рифтегі көп қармалауышты маржандардың қаңқалары пайдаланады. Бор бор дәуірінде түзілген, тау жер бетінде тұтас жота болып көтерілген. 
Географтар ауылы
Кальций белсенді металл болғандықтан табиғатта тек қосылыстар түрінде кең таралған. Кальций табиғатта таралуы бойынша бесінші орында тұрады. Кальций жер қыртысында көптеген қосылыс тар түзеді. Ең көп таралған қосылыстарының бірі- кальций карбонаты СаСО3 Ол алуан түрлі мине- ралдар түзеді: Бор, мәрмәр, әктас, ұлутас, кальцит, маржандар, т.б. аралас минералдар. Бұлар -дың көбісі бағалы болып есептеледі. Кальций табиғатта мына қосылыстар күйінде кездеседі: СаСО3 –әктасы (мәрмәр), МgCO3 . CaCO3 - доломит, CaSO4 .2H2O – гипс, Са3 РО4 – фосфорит, СаҒ2 –балқытқыш шпат, 3Са3 (РО4 )2 . СаҒ2(СаСІ2)- апатит. Қазақстан жерінің бәрінде дерлік кальций қосылыстары кең таралған. Фосфориттің ең ірі кең ор -ны Жамбыл облысындағы Қаратау тауларында, Ақтөбе облысындағы Шілісайда бар. Бағалы қызғылт түсті ұлутас Маңғыстауда ,гипс Жамбыл облысында, цементке қажетті балшық Шымкент, облыстарында өндіріледі.
Физиктер ауылы
Кальций – күміс түстес, ақ, жеңіл металл. Оның тығыздығы 1,54г/см3. Кальций ауамен тез әрекет -тесіп , тотығу өнімдерінен тұратын кеуектеу жуқа ақ қабықшамен қапталады, сондықтан кальцийді керосин қабатының астында сақтайды. Кальций – қатты металл, оның балқу температурасы 851оС.
Алхимиктер ауылы
Кальций белсенділігі бойынша сілтілік металдардан кейін тұрады. Қосылыстарындағы тотығу дә -режесі тұрақты +2. Кальций әртүрлі бейметалдармен әрекеттеседі. Са + S = CaS кальций сульфиді 3Са + N2=Ca3N2 кальций нитриді Ауада қыздырғанда тұтанады, ал таза оттекте ашық жалынмен жанып, кальций оксидинің бөлшек терінен тұратын ақ түсті түтін түзеді: 2Са + О2= 2СаО кальций оксиді. Кальций белсенді металл болғандықтан күрделі заттармен де әрекеттеседі. Са + 2Н2 О =Са(ОН)2 + Н2 Кальций және оның қосылыстары жалынның түсін кірпіш қызыл түске бояйды.
«Қызыл крест» ауылы
. Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады. Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек,  Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әр- бір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций эле -ментінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтай -ды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шеге- ді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәсе -лен, көшеде құлап қалу) сынық- қа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқа -ның беріктігін сақтайтын негізгі ағ -за жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. Айтпақшы, кальций ағзаға сіңімді бо -луы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.. Адам ағзасын кальциймен қамтамасыз етудің ең қолайлысы – сүт пен балық және солардан жасалатын тағамдарды пайдалану.
ІҮ. Бекіту кезеңі .“Зерек болсаң, шешіп көр”
“А” тобы
Са(НСО3)2 құрамындағы кальцийдің массалық үлесін табыңыздар.
“В” тобы50г әктас ыдырағанда неше грамм кальций оксиді түзеледі?
“С” тобы
Өнімнің шығымы 75%болса, 10 кг сөндірілмеген әк алу үшін әктастың қаншасын өрттеу қажет? 
• Бекіту сұрақтары
 Кальций элементінің периодтық жүйедегі орны.
 Кальцийді ашқан ғалым.
 Кальцийдің физикалық қасиеттерін сипатта
 Кальцийдің маңызды қосылыстарының атауы, формулалары   және қолданылуы.
  Сабақты қорытындылау,оқушыларды бағалау.
• Үйге тапсырма: § 32, 33 , 148 -бет № 5.7 тапсырмалар 152-бет №6 тапсырма