Химия п?нінен Кальций саба? жоспары 9-сынып


«Қаракөл орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Химия пән мұғалімі: Сәнтәй Мангінұр
9- сынып
Сабақтың тақырыбы: Кальций
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кальцийдің физикалық, химиялық қасиетімен таныстырып, табиғатта таралуын айтып, қолданылуын түсіндіру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың сабаққа қызығушылығын дағдыландыру
Тәрбиелік: ұқыптылыққа тәрбиелеу
Сабақ типі: Аралас сабақ
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың жүргізуддің әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап
Көрнекілігі: слайд
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі: 3 минут
Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар?
Оқушы: Сәлеметсіз бе ?!
Мүғалім: Кезекші оқушы сынып сабаққа дайын ба?Сабақта кім жоқ ?
Оқушы: Сынып сабаққа дайын. Бүгін оқушылар түгел.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 15 минут
1. Қазақстанда қандай қара металл, бағалы және сирек металдар өндіріледі?
Ж: қара металдан - темір; ал бағалы металдан – алтын, күміс, платина; ал сирак кездесетін металдан – ванадий, рений, молибден, уран өндіріледі.
2. Металдар Қазақстанның қазба байлықтарының металлогендік картасын жасаған кім?
Ж: Қаныш Сәтбаев.
3. жер қыртысында ең көп тараған металл?металлургия нешеге бөлінеді?
Ж: Алюминий. Металлургия түсті және қара болып екіге бөлінеді.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
Магний гидроксидін балқытқанда г қатты зат алынды. Бұл қандай зат? Теориялықпен салыстырғандағы шығымдылығы қанша?
Ж: Бер:шешуі:
m (Mg(OH)2)=116г 116 г x г
m (қатты зат)=65 г Mg(OH)2 = MgO + H2O
__________________ 58 40
т/к:-?
x = 116·40/58
x = 80 г = 65г·100%/80г
= 81,25%
IV. Жаңа сабақты түсіндіру барысы
Атом құрылысы кальций сілтілік металдардан кейін тұр, II топтың негізгі топшасында орналасқан. Реттік нөмірі 20 сондықтан электрон саны да 20, протон саны-20, нейтрон саны да 20. сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар, сол себепті электроннан оңай айырылып тотықсыздандырғыш болады. тотығу дәрежесі тұрақты +2 және II валентті болып келеді.
Физикалық қасиеті Кальций сілтілік жер металл. Ол сілтілік металдарға қарағанда қаттылау, металдық жылтыры бар, оңай балқитын, жеңіл металл. Ақ күміс түсті.ауамен тез әрекеттесіп жұқа ақ қабықша түзеді.
Табиғатта кездесуі Жер қыртысындағы мөлшері бойынша 5 – орын,
массасы бойынша 3,6%. Тау мен сары топырақты қазбалар кальций тұздарынан тұрады.Теңіз бен өзен суларында кальций ион түрінде кездеседі. Кальций - өсімдік пен жануар организмінің құрамына кіреді. Адам организмінде 1kг-ға дейін болады. Табиғатта көп тараған қосылысы-CaCO3,
Атаулары формулалары
Кальций карбонаты CaCO3
Гипс CaSO4 ·2H2O
Фосфорит Ca3(PO4)2
апатит Ca5(PO4)3OH
флюорит CaF2
Кальций Қазақстанның барлық жерлерінде дерліктей тараған.
Химиялық қасиеттері
Жай заттармен әрекеттесуі
Сa + Cl2 → СaCl2 2Сa + O2 → 2СaO
Сa+ S → CaS 3Сa + N2 → Ca3N2
Күрделі заттармен әрекеттесуі
Сa + Н2SO4(сұйылт) = CaSO4 +H2↑
4Сa+10HNO3(сұйылт) = 4Ca(NO3)2+N2O+ 5H2O
Ca + 2HCl = CaCl2 + H2↑
Сa + Н2O = Ca(OH)2+H2↑
Кальций және оның қосылыстары жалынның түсін қызыл кірпіш түске бояйды –бұл кальцийге сапалық реакция болып келеді.
Алынуы өнеркәсіпте кальцийді тұздарының балқымасын электролиздеу арқылы алады: CaCl2 Ca + Cl2
Қолданылуы кальцийді тотықсыздандырғыш қасиетіне бола өнеркәсіпте сирек және бағалы металдарды (Ti, V, U, Be)алу үшін қолданылыды.
Сa + BeO = CaO +Be
V. Жаңа сабақты пысықтау
Кальцийге қандай химиялық реакциялар тән?
Ж: қосылу және орын басу реакциялары тән.
Ca CaOCa(OH)2CaCI2CaCO3CaO жүзеге асырыңыздар:
2Сa + O2 → 2СaO
СaO + Н2O = Ca(OH)2+H2↑
Ca(OH)2+HCI=CaCI2 + Н2O
CaCI2 + Н2CO3 = CaCO3 +2HCI
CaCO3 → СaO +CO2
VI Үй тапсырмасын беру қайталау және есеп.
VII Бағалау сабақ аяқталды сау болыңыздар!