Натрий ж?не оны? ?осылыстары (8 — сынып)


Күні: 09.04.2016ж
Пәні: химия
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: §65 Сілтілік металл – Натрий.
§66 Натрийдің қосылыстары
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Натрийдің табиғатта кездесуі, негізгі қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы түсінік бере отырып, натрий мен оның маңызды қосылыстарының екі жақты қасиет көрсететін мәнін ашу.
2. Тәрбиелік. Сабақтың мазмұны бойынша алғырттыққа, өз бетінше жұмыс жүргізулеріне, ізденімпаздыққа және өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық. Оқушылардың зейінін,танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру, тұлғалық қасиеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: жаңа материалдарды меңгеру
Сабақтың әдісі: түсіндіру, есеп шығару, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеев кестесі, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, түгелдеу
Оқушылардың құрал – жабдығын тексеру
Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Оқушы білімін «Иа немесе жоқ» сұрақтары арқылы тексеру:
1. ІА тобының элементтері “галогендер” деп аталады.
2. Сілтілік металдар ІА топ, І кіші периодта орналасқан.
3. Сілтілік металдарға Li, Na, K, Cu, Ag, Au жатады.
4. Басқа металдармен салыстырғанда сілтілік металдар – химиялық белсенді нағыз типтік металдар.
5. Сілтілік металдардың валенттігі тұрақсыз.
6. Бейорганикалық заттар жәй және күрделі болып бөлінеді.
7. Периодтық жүйеде 22 бейметалл бар.
8. Сілтілік металдар қатты, қиын балқитын металдар.
9. Сілтілік металдарды пышақпен оңай кесуге болады.
10. Сілтілік металдарды керосинде сақтайды.
11. Сілтілік металдар +1 тотығу дәрежесін көрсетеді..
12.Сілтілік металдардың атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар.
13. Франций жер қыртысында кездеседі.
14. Сілтілік металдар-күшті тотықсыздандырғаштар.
15. Сілтілік металдар жылу және электр тоғын өткізбейді.
16. Металдар І,ІІ,ІІІ топтың негізгі топшасында орналасқан.
17. Бейметалдар - s - элементтер
18. Күрделі бейорганикалық заттардың 4 типі бар.
19. Сілтілік металдар галогендермен әрекеттісіп ионды қосылыстар түзеді
20. Сілтілік металдар – р-элементтер

ІІІ. Жаңа түсінік беру.
Натрийдің периодтық жүйедегі орны:
Натрий – ІІІ периодта, I топтың негізгі топшасында орналасқан. Реттік нөмірі 11, ядросында 11 протон мен 12 нейтроны бар. Ar =23. Натрийдің электрондық формуласы: Аl + 11 )2e )8e )1e; 1s22 s2 2 p63 s1
Натрийдің тотығу дәрежесі тұрақты + 1 – ке тең.
Ашылу тарихы:
Натрий – «натрон», «сода», «сілті» деген араб сөздерінен шыққан. 1807 жылы ағылшын химигі Гемфри Дэви сілтіні балқытып, электролиздеу арқылы ашты. Натрийдің көмірқышқылды тұзы өте ерте кезден – ақ кір жууға пайдаланған. Оның гидроксиді белгілі болған, оны сілті деп атаған.
Алынуы:
Натрий өте белсенді тотықсыздандырғыш ретінде өзінің сыртқы электронын оп – оңай беретіндіктен, оған сол электронды қайта қосу тым қиынға түседі. Сондықтан бос күйдегі натрий ХІХ ғасырдың басында электр тогы қолданыла бастаған кезде алынды. 1807 жылы ағылшын ғалымы Дэви металл күйдегі натрийді натрий гидроксидінің балқымасын электролиздеу арқылы бөліп алды. Басқа сілтілік металдарды да осы күнге дейін олардың қосылыстарының балқымасын электр тогымен ыдыратып алады:
2NaCl → 2Na + Cl2↑
Табиғатта таралуы:
Натрий – планетамызда таралуы бойынша барлық элементтердің ішінде 6 орын алады. Жер қыртысының 2,64% құрайды. Натрий белсенді элемент болғандықтан табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Ол жер қыртысында ас тұзының, далалық шпаттың және граниттің құрамына кіреді. Тау жыныстары мүжілгенде натрий ерімтал қосылыстары түзіледі, олар сумен бірге теңіздер мен мұхиттарға жетеді. Мұхит суларында 2,8% шамасында натрий хлориді болады, ішкі теңіздерде оның мөлшері одан да жоғарылайды (мысалы, Өлі теңізде 7,9% NaCl бар)
Қазақстанда көптеген тұзды көлдер мен тас тұзының қоры кездеседі. Олар натрий хлоридін өндірудің көзі болып саналады. Осындай қорлар көбіне Каспий маңы ойпатында, Арал теңізінің жағалауында, Ертіс өзенінің бойында кездеседі.
Қазақстанда мирабилит (глаубер тұзы) деп аталатын минералдың Na2SO4*10H2O кен орындары көп. Олардың ірілері Алматы, Қызылорда облыстарында шоғырланған.
Іле ойпаты мен Балқаш көлі маңында содалы көлдер көптеп кездеседі, оларда натрий карбонаты Na2CO3 мол.
Натрийдің табиғи қосылыстарының ең маңыздысы – натрий хлориді NaCl адамға өте қажет. Ол адам мен жануарлар қорегінің қажетті құраушысы болып саналады. Тірі организмде натрий ионы қан плазмасында, клетка құрамында болады, сөйтіп, клетканың қызметіне сай алуан түрлі процестерге қатынасады. Натрий жетіспесе бұл процестер бұзылады. Сондықтан адам көп терлегенде оған аздап тұз қосқан су ішу ұсынылады.
Физикалық қасиеті:
Na басқа да сілтілік металдар сияқты, иондық кристалдық тор түзеді. Натрий иілімді әрі жұмсақ. Ол пышақпен оңай кесіледі, созылады. Натрий судан жеңіл, тығыздығы 0,97г/см3. Ол оңай балқиды: tбалқу = 97,70С. Сұйық күйде жылу мен электр тогын өте жақсы өткізеді, сондықтан оны ядролық реакторларда жылу тасымалдағыш ретінде жиі пайдаланады. Жарықтың әсерінен натрий өз электрондарын оңай бөліп шығарады.
Сілтілік металдардың бәрі керосин қабатының астында сақталады, өйткені олар ауада бірден оксидтердің татымен қаптала бастайды. Осыған орай натрийге тән металдық жылтырды оны жаңадан пышақпен кескен жерінен байқауға болады.
Химиялық қасиеттері:
Натрий жай және күрделі заттармен әрекеттеседі
1.Сутекпен әрекеттесіп гидрид түзеді: 2 Na + H2 = 2NaH
Оттегімен әрекеттесіп оксид түзеді:
4Na +O2=2 Na2О
Галогендермен әрекеттесіп галогенидтер береді:
2 Na +СІ2=2 NaСІ
Күкіртпен әрекеттесіп сульфид түзеді:
2 Na +S= Na 2S
Cумен әрекеттесіп сілті түзеді:
2Na +2Н2О = 2NaОН+Н2 ↑
Қышқылмен әрекеттесіп, тұз және сутек газын түзеді:
2Na + 2HCl = 2NaСl + H2
Тұзбен әрекеттесіп, тұз және металл түзеді:
Na + AgNO3 = NaNO3 + Ag

Қолданылуы:

Маңызды қосылыстары:
Натрий қосылыстары: Натрий оксиді (Na2O), Күйдіргіш натр (NaOH), Тас тұзы (NaCl), Натрий сульфаты (Na2SO4), Глаубер тұзы (Na2SO4*10H2O), Натрий карбонаты (Na2CO3), Сода (Na2CO3*10H2O), Чили силитрасы (NaNO3)
Қосылыстардың атауы Оларды қолдану
Ас тұзы немесе натрий хлориді Тағамға салынады, консервілеуші зат қызметін атқарады.
Химия өнеркісібінде: натрий, хлор, натрий гидроксиді, сода алуға қажетті шикізат ретінде көп мөлшерде қолданылады.
Натрий сульфаты Шыны, сода өндіруге жұмсалады.
Глаубер тұзы немесе мирабилит Медицинада
Натрий карбонаты Сабын шылау, мата, былғары, фармацевтика өнеркәсібінде, шыны өндіруде
Натрий гидрокарбонаты немесе ас содасы Медицинада және түрлі нан өнімдерін пісіргенде қолданылады.
Натрий нитраты , чили силитрасы Азот тыңайтқышы ретінде пайдаланады.
Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:
Химиялық диктант:
1.Натрийді...жылы ... ашты.
(1807ж Г.Дэви)
2. Натрий қосылыстарда ... тотығу дәрежесін көрсетеді.
(+1)
3. Натрий ядросында ... протон, ...нейтрон болады.
(11р, 12n)
4. Натрийдің жер қыртысындағы массалық үлесі ...%
(2,64%)
5.Натрий...кездеседі.
(минералдардың құрамында)
6. Натрий сумен әрекеттесіп ... түзеді.
(сілті)
7.Натрийдің сыртқы электрондық қабатында ... бар.
(1е)
8.Мирабилиттің формуласы....
(Na2SO4*10H2O )
9. Натрий жалынды ... түске бояйды.
(сары)
10. Натрийдің салыстырмалы атомдық массасы ... тең.
(23)
Есептер сыры
1.Na2O құрамындағы натрийдің мөлшері неше пайыз?
2.9,2гр натрий сумен әрекеттескенде қанша гр натрий гидроксиді түзіледі?
3.Массасы 7гр натрий судың артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сілтінің массасын есепте.
4.Мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісіне 4гр натрий гидроксидімен әсер еткен. Реакция нәтижесінде қанша тұнба түзілгенін есептеңдер.
Сәйкесін тап:
Натрий хлориді NaHCO3
Натрий карбонаты NaNO3
Натрий сульфаты Na2CO3
Натрий гидрокарбонаты NaClНатрий нитраты NаОН
Натрий гидроксиді Na2SO4
Сандар сөйлейді
2,64 – жер қыртысындағы массалық үлесі
23 – салыстырмалы атомдық массасы
97,7 – балқу температурасы
6 – элементтер арасында таралуы
0,97 – тығыздығы
1807 – натрийдің алғаш ашылған жылы
Кестемен жұмыс
Химиялық
элемент Реттік нөмірі Тобы Периоды Атомдық
массасы Валенттігі Ме,
БМе Оксидінің формуласы Гидроксидінің формуласы
Na Химиялық
элемент Ядро заряды Электрон
саны Протон саны Нейтрон саны Электрон қабатының саны Сыртқы қабатында-ғы е⁻ саны Электрондық формуласы Тотығу дәрежесі
Na Химиялық
элемент Қатты-лығы Иілуі, созылуы Жылтыры Өткізгіш-тігі Қауіптілігі тығыздығы Сумен әрекеттесуі Қосылыс-тары
Na Дұрыс жауаптары:
Химиялық
элемент Реттік нөмірі Тобы Периоды Атомдық
массасы Валенттігі Ме,
БМе Оксидтің формуласы Гидроксидінің формуласы
Na 11 I A 3 (кіші) 23 I Me Na2O NaOH
Химиялық
элемент Ядро заряды Электрон
саны Протон саны Нейтрон саны Электрон қабатының саны Сыртқы қабатында-ғы е⁻ саны Электрондық формуласы Тотығу дәрежесі
Na +11 11 11 12 3 1 1s22s2 2р⁶3s1 +1
Химиялық
элемент Қатты-лығы Иілуі, созылуы Жылтыры Өткізгіш-тігі Қауіптілігі тығыздығы Сумен әрекеттесуі Қосылыс-тары
Na жұмсақ иілгіш, созылғыш бар өте жақсы күйдіргіш 0,97г/см3 шабытты NaCl NaOH

Кубизм әдісі
Натрийдің электрондық формуласы?
Натрийдің электрондық қабат саны?
NaH молекулалық массасы нешеге тең?
Натрий таралуы бойынша нешінші орында?
Глаубер тұзын қайда қолданамыз?
Натрий арабтың қандай сөздерінен шыққан?
Үй тапсырмасын беру:
Үйге §65,66 оқу және есептер жинағындағы
Қорытынды жасау. Бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушылардың белсенділігін бағалау. Сыныппен қоштасу.