Теректі орта мектебінде 2016 жылды? 28.11-03.12.16 к?ндері аралы?ында «?рт-тілсіз жау» та?ырыбында?ы апталы?ыны? ?тілуі туралы м?лімет.



"Теректі орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
2016-2017 оқу жылы
Теректі орта мектебінде 2016 жылдың 28.11-03.12.16 күндері аралығында «Өрт-тілсіз жау» тақырыбындағы апталығының өтілуі туралы мәлімет.
Теректі орта мектебінде 2016 жылдың 28.11-03.12.16 күндері аралығында «Өрт-тілсіз жау» атты апталық өткізілді. Аталған апталықты өткізуге жоспарланған барлық іс – шаралар толық атқарылды және өз нәтижелерін көрсете білді. Апталық барысында 5 – 11 сыныптар арасында әрбір сынып жетекшілері өмір қауіпсіздігі сабағын өткізді, өрт қауіпсіздігі туралы мағлұмат берді және өрттің қаншалықты адам өміріне, қоршаған ортаға қауіпті екен айтты. Оқушыларды негізгі іс-шара өткізудің мақсатымен таныстырды, қоғамның назарына өрт салдарынан бала өлімі мен жарақаттану проблемасы балаларды қараусыз қалдыруынан болатындығын жеткізді. 29 қараша күні «Өмір қауіпсіздігін сақтаудың қарапайым жолдары» тақырыбында қабырға газеті шығарылды. 30 қараша күні мектеп директоры Н.Ластоверов және АӘД пәні мұғалімі М.Шорин, «Жас өрт сөндірушілер» жасағы мен 2-11 сыныптар арасында, мектеп қызметкерлеріне; өрт сөндіру құрал-жабдықтарымен таныстырды, дабыл құрылғысы мен оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырды және өткізді. Оқушыларға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, улағыш газбен уланудың алдын алуға шаралар өткізуге ерекше назар аудару қажет екенін айтты.
3 желтоқсан күні бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруларымен «Оттың пайдасы мен зияны» тақырыбында пікір сайыс өткізілді. Бастауыш сыныптардың оқушылары осы тақырыпты талқылағанда, әр оқушы өзінің пікірімен бөлісті және неге отпен ойнамау керек екендігін айтты. 03 желтоқсан күні ТЖО Х.Асхар атқарылған іс-шаралар туралы инфорурок сайтына мәліметін жүктеді.
Орын: Х.Асхар
Тел. 4-80-12