Жастар арасында А?Т?-Ж?ТБны? темекі шегуді?, наша?орлы?тын алдын алу


Жастар арасында АҚТҚ-ЖҚТБның темекі шегудің, нашақорлықтын алдын алу
Қазіргі жаңа заманғы қоғам өмірінде басты мәселелердің бірі болып зиянды ішімдік,темекі және насыбай өнімдерін пайдалану, жасөспірімдер мен жастар арасында таралу жағдайы болып табылады. Осы мақсатта 2014 жылдың 13 қазан күні мектебімізде аудандық аурухана дәрігері Сахова Жанар Уразбайқызымен «Темекі ,насыбай шегудің және арақ-шараптың алдын алу» тақырыбында 8 –ші сынып оқушыларымен кездесу өтті. Қазақстанда соңы түрлі аурулар мен өлімге алып келетін, сондай-ақ тұтастай қоғам өміріне зиян келтірумен қатар, бірінші кезекте өзінің өмірі мен дамуына қауіп төндіретін ішімдік өнімдерін тұтынушы 12- 15 жас аралығындағы жасөспірімдер 18,1 % - ды, 15- 17 жастағылар 37%- ды құрайды. Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады және қылмыс жасауға итермелейді. Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Жалпы адам ағзасы зардап тек арақ-шараптан ғана емес, бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек. Темекі тартатын адам күніне орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады. Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі. Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады. Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық. Замандастар, Халықтың денсаулығы – ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі! Сондықтан біз жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін , ішімдік, темекі, СПИД нашақорлықтан бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық. Атамыз қазақтың «Бірінші байлық - денсаулық», «Денсаулық – терең байлық» деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынғандығы ұмытпайық ағайын! 
Мамандық жетістік мерейі
 Көпшіліктің адамы болыңыз,»-деп шығыстың ұлы ойшылы, асқан дарын иесі Әбу-Насыр Әл-Фараби айтқан осы бір даналық сөздер қай адамға болмасын ой салары анық. Иә, расында да, дүниеге «адам» деген атты арқалап келген әрбір пенде қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында «үш нәрседен жаңылыспасам» деген арман-тілекпен өмір сүреді емес пе? Соның бірі адамның тумысынан өзіндік қабілетіне, бейімділігіне байланысты өмірінде бір-ақ рет біржола таңдалатын мамандық мәселесі кім-кімді де толғандыратыны сөзсіз. Бір сәт ойлап қарасаңыз, өмірдің мағыналы болуында мамандықтың да өзіндік үлесі зор секілді. Биік мақсат, табандылық, өзіңе деген сенімділік, адалдық сынды асыл қасиеттерді өмірдің мағыналы болуының алғышарттары деп білсек, өзің сүйетін мамандықты биік талғаммен таңдап, жан-тәніңмен, күш-жігеріңмен орындау өмірдің бар мәнін келтіреді десе де болады.
    Ежелгі грек данышпаны Цицерон: «Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс,»-деп айтпақшы, адамның өз ынтасымен алдына талап-мақсат қойып, оны өзі таңдаған талпыныспен, ізденіспен игеруі өзіне де, өзгеге де, қоршаған ортаға да пайда келтірері хақ.
«Болашақта қай маман иесі боламын?» деген сауалға жауап іздеп, ойым сан-саққа жүгірген сәттерде шығыстың ұлы классигі Омар Һайямның:
Жүректің түріп құлағын,
Ойланып бір сәт қарашы.
Кімсің сен, қайда тұрағың,
Енді қайда барасың?-деп келетін адамға ой саларлық осы бір өлең жолдары еріксіз есіме түседі.
Иә, адам денесінің патшасы-жүректің әмірімен өзің сүйіп таңдаған мамандық, менің ойымша, адамды ешқашан тура жолдан тайдырмайды деп білемін. Шынында, мамандық таңдау – адам өміріндегі ең жауапты жа шешуші іс. Мен үшін ол – жаңа өмірдің табалдырығын аттауда өзіңе деген нық сенімділікті, жүректілікті қажет ететін алғашқы қадам, өмірлік шешім.
Балалық шағында адам баласының асу бермес арман-қиялында шек бола ма? Кішкентайымнан ақ халатты абзал жандардың жүректілігіне қарап дәрігер болуды, мейірім мол ұлағатты ұстаздың өнегесіне қарап мұғалім болуды, күміс көмей, жез таңдай әншілердің бойды билеп, көкейіңді кернеген әдемі әндеріне қарап әнші болуды көксеген арман иесі – мен де бүгінде болашақ маман ретінде өз таңдауымды жасап отырмын. Менің таңдауым – қиындығы мен қызығы қоса жүретін, жаңалықтың жаршысы журналист маманы болу.
«Еңбек атаулының бәрі де бағалы, өйткені ол адамды ізгілендіреді,»-деп орыстың ұлы жазушысы Л.Н.Толстой өз пікірінде келтіргендей, мен де журналистика саласының маманы болуды мақсат ете отырып, халқыма, туған жеріме адал еңбекпен қызмет етуді азаматтық борышым деп білемін. Егемендік алғанына  20 жылдан асқан тәуелсіз еліміз өркениетке бет бұрып, жарқын болашаққа алшаң басып келе жатқан шақта қай салада болмасын ел тізгінін ұстауға лайық, халық қамын ойлайтын, шебер де іскер мамандарды тәрбиелеу – мемлекетіміздің алға қойған басты міндеті. Бүгінде журналистика мамандығы – екінші билік басына айналған, жаңа заман талабына сай жаңарып та жасарып отыратын, өміршең мамандықтардың бірі. Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық тәлім-тәрбиені тереңінен сіңіруде мемлекеттік тіліміз бен ділімізді насихаттауда бесігімізді түзейтін берекелі істің бастаушысы болған журналистер қауымының еңбегі зор. Теледидарда көрерменнің, баспасөзде оқырманның, радиода тыңдарманның жүрегіне жол тауып, рухани, ұлттық маңызы зор іргелі жобаларды іске асырып отырған журналист мамандарға деген сұраныс бүгінгі таңда күннен-күнге артуда. Қуатты сөзбен қаруланып, келісті ой-пікірді жалау еткен тынымсыз еңбек иелерінің арасында өз тобынан оза шауып, бәйге алған, ақиқаттың астарын бүкпесіз баяндауда батылдық танытқан жігерлі журналистеріміз де аз емес. Мысалға алар болсақ, сондай журналистердің ішінде «КТК» телеарнасындағы «Астарлы ақиқат» бағдарламасын жүргізуші Дина Төлепбергеннің өткір тілді, өжет мінезін, «Жетінші арнадағы» «Нысана» бағдарламасын жүргізуші Бақыт Шойымбектің шындықты дөп баса айтатын шынайылығын, ана тілімізде сөйлеуге келгенде, кейбір қазағыңнан да асып түсетін өзге ұлт иесі Мая Веронскаяның қазақы да жайсаң мінезін неге үлгі тұтпасқа?
Журналист – қоғамның айнасы, өз дәуірінің үні, халқының сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтын, сөйте тұра көп сынға ілінетін кәсіп иесі. Көпке ұнамақ қиын, сондықтан телеарнада болмасын, баспасөзде немесе радиода болмасын жұртшылық назарын өзіне мейілінше аударуда, оның көңілінен шығуда қаншалықты барын салып, жан-тәнімен жұмыс жасағанымен, сол журналистердің сынға ұшырап жататын тұстары да кездеседі. Өйткені «сын түзелмей, мін түзелмейді» демекші, өмір бар жерде, өнер бар жерде сынның қоса жүретіні, сол сынның арқасында қоғамның дамитыны ақиқат.
Ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақтың ой-санасын бөгде елдердің жат дүниелерімен бұрмалап, батыстың түр-әлпеті түсініксіз, ойдан шығарылған кейіпкерлерін «идеал» етіп жүрген кішкентай бүлдіршіндеріміз үшін арналған бағдарламалардың саны саусақпен санарлық болатын. Осындай олқылықтарымыздың салдарынан келешекте бармағымызды тістеп қалмай, ұрпағымызға сапалы, тәрбиелік тағылымы мол телеөнімдерді ұсынуды басты мақсат еткен «Балапан» арнасының тұсауы кесілгелі біраз уақыт өтті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан бұл жаңа жоба әрбір қазақтың қаракөз баласы мен оның отбасы үшін маңызды оқиға болды. Тәуелсіздігі тұғырлы мемлекетімізде тек қана ана тілімізде сөйлейтін бірде-бір қоғамдық арнаның болмауы  демократиямыздың әлем алдындағы абыройына сын емес пе? Сондықтан да қоғамның бүгінгідей қарбалас әрі дүбара кезеңінде көрермен үшін, әсіресе, жастар үшін мазмұны жоғары телеөнімдер ұсынып отырған «Қазақстан» ұлттық арнасы қазақ телевизиясында жетекші рөл атқарып келеді және де осындай арналар әлі де болса қажет деп ойлаймын.
Мен қыры да сыры мол, сан-салалы журналистика мамандығының телеарна саласында қызмет етуді алдыма мақсат етемін. Алты Алаштың абыройын алдағы уақытта одан әрі асқақтата түсетін ұлттық телеарналар қатарын көбейтіп, бәсекеге қабілетті елдер арасынан ойып тұрып орын алатын, өзгеге үлгі болатын журналистика саласының жарқын болашағын жасасам, жандандырсам деймін. Әрине, адамның мұндай арман-мұраттары тек саналы ізденіс пен сапалы білімнің нәтижесінде ғана жүзеге аспақ. Сол себепті асқан еңбекқорлық пен табандылықты қажет ететін журналист маманы болу үшін мен бүгінде аянбай ізденіп, осы салаға қатысты күн санап артып отырған тың жаңалықтар мен көпшілік көңілінен шығатын бағдарламаларға әр кез құлақ түріп жүремін. Көрікті келбетіме күтім жасап, көгілдір экранның сүйкімді кейіпкеріне айналу, сөйлеу мәдениетімді дамытып, ойымды мәнерлі әрі көркемдеп жеткізу, еңбектеген жас пен еңкейген кәріге дейін құшақ жая асыға күтетін тележобаларды дүниеге әкелу менің болашақтағы жоспарымда бар міндеттер деп жасқанбай да жасырмай, нық сеніммен айта аламын.
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кімде-кім өзіне біткен ыңғайына қарай қызмет етсе, өз басына да, әлеуметке де үлкен пайда келтірмек,»-деп өз заманының зиялы азаматы, бес арысымыздың бірі әрі бірегейі Ж.Аймауытұлы айтқандай, жүрек қалауыммен таңдаған журналист мамандығының арқасында мен талай-талай асу шыңдар мен биік белемтерді бағындырсам деймін. Өз мамандығының білікті де білімді  майталман иесі бола тұра, қызметінде тұрақсыздық танытып, қара бастың қамын ойлаған, құр даурықпа, еліктегіш, мансапқорлық қасиетке ие адамнан мемлекеттің дамуына пайда келмесі анық. Сондықтан жұмыр жүрегі «Елім!» деп, «Жерім!» деп соққан әрбір ұлтжанды азаматтың Отан алдындағы парызы мемлекетінің өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосу болмақ. Мен, болашақ журналист, ел қамын ойлауды ерте жастан көңіліме тоқып, көкейімде сақтауды жөн санаймын.
Наурыз жыл басы
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланыпкеледі. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату" ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын. Біздің 79 гимназияда Наурыз мерекесін қарсы алу дәстүрге айналған. Мерекеге арналған қабырға газеттерінде "наурыз" тарихы жазылып, өлең-жырлардан үзінді беріледі. Сахнада наурыз мерекесіне арналып көріністер қойылады. Гимназияда "Ұлыстың Ұлы күніне" арналған мереке ерекше қуанышты өтеді. Жүректер жылыуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету.Көрнекілігі: газет, мақал – мәтелдер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі Барысы;Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата – аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекеміз келіп қалды. Мерекелерінің құтты болсын!Наурыз  «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біщдің ата – бабаларымыздың, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!1 – жүргізуші: Наурыз келсе, құт келгені, халайық!Есік ашып, шашу шашып,Ел боп қарсы алайық.2 – жүргізуші: Той пердесін ашайық,Тойға шашу шашайық.Той шашуға тойыңдар,Бұдан кейін ойын бар.Шашу шашылады.1 – жүргізуші: Уа, жараңдар, жараңдар!Көңілің бар алаңдар.2 – жүргізуші: Ата менен анаң барҮлкен – кіші ағаң бар.1 – жүргізуші: Наурыз той басталды.Бәрің бері қараңдар!2 – жүргізуші: Жүріңдер Наурызға басып аяқ,Қалыс қадам болмасын некен – саяқ.Ән шырқап  би билейтін қауым болып,Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.1 – оқушы: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,Жап – жасыл боп кетті дүние жаңғырып.Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.2 – оқушы: Наурыз тойың, Наурыз тойың,Құтты болсын халайық.Күй төгілсін, күй төгілсін,Шырқап әнге салайық.Хор; « Наурыз той»3 – оқушы: Барыс жылы кел төрлет,Ел достығын өркендет.Мол болсын ырыс, құт,Болсын елде тыныштық.4 – оқушы: Құтты болсын Наурыз той!Құлпырып тұр қыр мен ой.Күн мен түн теңелді,Жер шуаққа кенелді.5 – оқушы: Қыс өтіп, қар кетіп,Шырайлы жаз жетіп.Шаруаның кенелген,Мейрамы ежелден.Құтты болсын Наурыз!6 – оқушы: Ұлыс бақыт әкелсін,Әр күніміз жақсы болсын.Достығымыз берік болсын,Білім - өнер серік болсын,Ұлыс оң болсын, бестік баға мол болсын.7 – оқушы: Көктем жетті көл – көсір шуақ болып,Қыс барады қиылып жылап тұрып.Шатырында үйлердің Наурыз жүр,Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.Ән « Наурыз дүман»8 – оқушы: Бақта құстар сайрайды,Жайнап көктем нұрымен.Жаңа дәстүр жырымен,Ел наурызды тойлайды9 – оқушы: Күн мен түн теңелді,Жер шуаққа кенелді,Қуанышты ел енді.Наурыз келді салтымыз,Көгерсін деп халқымыз.Көшеге тал егеміз,Жарқырады күніміз,Жайқалып жас гүліміз.10 – оқушы: Малдар төлдеп қой қоздап,Сүттен бұлақ ағызған.Жаңа жылдың сипаты,Молшылыққа аңыз боп,Басталыпты наурыздан.Ән « Шақырады көктем»Наурыз қыз: Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.11– оқушы: Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені бұл кезде төрт түлек төлдеп, ақ молайған кез.12 – оқушы: Сондықтан да тойшылар бір – біріне « ақ мол болсын», « сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап қуаныш әкеліп, жақсылыққа шашады екен.1 – жүргізуші: Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайеді.Тапсырмалар:1. Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?1 – оқушы: Ананың сүті тәтті.Ананың қолы жұмсақ.Жаңбыр жаумасы жер жетім,Басшысы болмасы ел жетім.2. Қандай ырым мен тыйым сөздер білесіндер?2 – оқушы: Малды теппе,Ақты төкпе.3 – оқушы: Отты шашпа,Күлді баспа.4 – оқушы: Бүйіріңді таянба.Жағыңды таянба.5 – оқушы: Бос бесікті тербетпе.Бесікті ашық қалдырма.3. Жеті атаңды ата6 – оқушы: Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.4. Сүттен жасалатын тағамдарды ата.7 – оқушы: Айран, сүт, ірімшік, құрт, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт, т.б.5. Наурыз көже қалай жасалады?8 – оқушы: Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.6. Ұлттық ойындарды ата.9 – оқушы: Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге ілу, ақсүйек, тоғызқұмалақ, т.б.7. Жеті қазынаны ата.10 – оқушы: Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр  тазы, қыран бүркіт, мылтық.8. Үш алысты ата.11 – оқушы: Кәрі мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.Би: «Түркістан»12 – оқушы: Құт – береке Наурыз айым келді деп,Жер түледі жасыл – желек желбіреп.Айналайын атамекен, кең далам,Толықсиды нұрға балқып, елжіреп.13 – оқушы: Аспанымда ақша бұлттар аунайды,Наурыз тойы көңілімді баурайды.Тебіренген табиғатта мәз – майрам,Аңқылдаған қазағымнан  аумайды.14 – оқушы: Жатыр шалқып көңілім, шалқып әнім,Наурыз сыйлар қуаныш, бақыт нәрін.Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,Наурыз көжеге бәрің кел, бәрің, бәрің!Бата беруҰлыс оң болсын!Ақ мол болсын!Ұлыс бақты болсын!Төрт түлік ақты болсын.Ұлыстың ұлы күнінде,Ұлың онға қонсын,Менің берген бұл батам,Алланың құлағына шалынсын!Әумен!Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүріСабақтың мақсаты: а)Наурыз жайлы тамаша сөздер аңыз әңгімелер,наурыз мерекесіне оқушыларды қызықтыру.ә)Наурыз  мерекесінің мәнісін түсіндіру.б)Наурыз мерекесі арқылы еліне, жеріне деген сүйіспен шілігін арттыру.Сабақтың барысы;Мұғалім: Наурыз мерекесі тек қана қазақ халқының мерекесі емес, басқа халықтар, басқа мемлекеттер де тойлайды. Ол қандай мемлекеттер? Оқушы: Ертеде Иран патшасы Наурыз күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын сыйға тартады екен  деген де деректер бар.Тіліміздегі күні бүгінге дейін айтылатын “құлға бір күн азаттық” деген сөзде осы бір көне рәсімге қатысты болса керек. Мұсылман дініне дейін Күнге табынған Иран елдері Наурыз күнінде ш-дан басталатын жеті түрлі затты дастарханға қойған: шарап, шир(сүт), шырын, шекер, шербет, шам, шона. Ежелгі ирандықтардың түсінігі бойынша: шарап-өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шербет-ризалық, шекер – демалыс пен қонақжайлық, шам – отқа табыну, тарақ - әйел сұлулығы.Ежелгі түріктер Ұлыс күндері қарсаңында жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын тенге – жамбы атып жарысады. Егер кімде – кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамға бір күн патша болып, ел билеуге ерік береді. Наурыз жырында:Құл құтылар құрықтан,Күн құтылар сырықтан-деп босқа айтпаса керек.Ауғандарда Жаңа жылды мейлінше шаттық құрметпен қарсы алады. Ауған елінде “алғашқы түрен” - “кульбакаши” деп аталатын ғұрып бар. Ол бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді, ал соқаның соңынан сый – құрметі  мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына жеті түрлі аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-кешектер тігіледі, осыған орай бүкіл елде жаңа жыл “жаңа киім күні”-деп аталады.“Қызыр (Қадыр) ата” деген кім?Оқушы: Мұсылмандық аңыз - әпсаналар халықтық наным – сенімдерде   Қызыр образы кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады.“Қызыр” сөзі – жасыл, көк өңір дегенді білдіреді.Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан оның көктемгі Наурыз  мерекесімен орайластыруы тегін емес екенін байқауға болады.Халқымыздың мифологиялық түсінігі бойынша, 21-наурыз түні даланы Қыдыр аралайды екен. Сол себепті осы түні “Қыдыр түні” деп аталады. Қыдыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын ақсақал кейпінде көзге көрінетін, қиял – ғажайып персонаж. Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт береке, өмір сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол ұлыстың ұлы күнінде  әр елге келіп, әр шаңыраққа бата береді. Міне сондықтан әр үй  қыдыр атасының жолын күтіп, өздерінің жанын да, тәнін де, киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші сыртын, қора – қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман қауымы мұндай үйге  Қыдыр бата беріп кетеді деп түсінген. “Қыдыр қонған”, “Қыдыр дарыған” деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының рәмізі – Қыдыр ата даланы кезіп жүріп, назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат алтыда себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат үшке тұспа түс келеді. Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды  22-наурыз күнгі сағат  үшке тұспа-тұс келеді. Қыдыр баба аралап, самарқанның көк тасын жібітсе керек. Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Жаңа жылдың бірінші күнінде күннің қалай атқаны, оның түр-түсі есепшілердің үнемі назарында болады. Жұлдызшылардың тәжірибесіне сүйенсек Күн бұл таңда неше түсті болып атуы мүмкін.

Туған өлке тарихын білесін бе ?
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. Адамзат баласының татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.

 Тарих және қоғамтану негіздерін оқытудағы әдістемелік жаңалықтарӘрбір мұғалім шығармашылықпен жұмыс істеген жағдайда ғана еліміздің сапалы , дарынды азаматтарын тәрбиелеп шығаруға толық мүмкіндігі бар. Мұғалімдердің негізгі мақсаты мен міндеті — оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру арқылы әр тақырып-ты олардың санасына жеткізе білу. Сабақ барысын тиімді пайдалана білу мұғалімнен ерек-ше шығармашылық жұмысты, зерделі еңбектң талап етуі. Бұл – заман талабы. Өйткені , бүгінгі таңда білім берудің озық технологияларын меңгермейінше , сауатты әрі жан – жақты болу мүмкін емес. Жаңа қоғамның заматтарына сан қырлы саяси өмірдің соқпақ-тарымен сүрінбей өту үшін жан – жақты білім керек.Сорос қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту » бағдарламасынан үйренген оқыту стратеги яларын күнделікті сабақта қолданғаннан бері сабақтан көтеріңкі көңіл күймен шығамын , әрі мұғалімдік кәсібімнің маңызы көтеріле түскендей.Мен бұл бағдарламаны Мемлекет және құқық пәнін өткенде оқушыларды ойлай білуге сонымен қатар өз ойын тұжырымдап , көзқарасын толық айта білуге дағдыландыруға тырысамын.Себебі қоғамның алдына болашақ қазақстандықтардың бойына азаматтық қасиеттер-ді қалыптастыру міндеті тұр . «Азамат болыпсың ғой », «Нағыз азамат екен», «Азамат деп осыны айт» деген сөздерді күнде ести береміз. Шынында да қазақ халқы бұл сөзге ерекше бір мән берген , адамның іс – қимылына берілген баға есебінде ғана қолданған «Жігіт болып кетіпсің» немесе «Есейіп қалыпсың» деген сөздермен азамат сөзінің беретін мағынасы бірдей емес.Сонда азамат болу дегеніміз не, немесе Азаматтық қандай жағдайда танылады? Азаматтық – ақыл кіріп, өз бетінше ой қорытып, жеке көзқарасын қалыптастқанда ғана келетін өте құнды да жауапты қасиет.

Кішіпейімділік-кісілік белгісі
Кісі мен кісілік ұғымының екі түрлі мәнге ие екендігін былайынша қарағанда байыбына бойлап бажайлай бермейтініміз бар. Бірі - адам сөзінің синонимі болса, екіншісі - адам бойындағы жақсы қадір-қасиеттердің, өзгеге өнеге болар болмыстың айқындауышы. Ұлтымыздың тіл байлығына тереңірек сүңгіген жанның сүзіп алар маржаны да, ойыңды оятар  парасат-пайымға негізделген пәлсапасы да, жалғыз ауыз сөзбен кісінің тағдырын таразылап беретін тапқырлық тағылымдары да таңдай қақтырмасыңа қоймайды. Кісіліктің астарында азаматтық ұғымы тұрғандығын кейде зерделей бермейміз.
Кісілік - өресі биік, қастерлі  қасиет. Кісіліктің бет-бейнесі кішілік арқылы көрініс беретінін кейде байқасақ та көңілден жырақтатып алатынымыз жасырын емес. Осыдан барып жөнсіз кеуде қағу, өзінен басқаны бағалауды, құрметтей білуді өзін төмендететін іс-әрекет деп түсінетін, қара басын хан көтерудің, өзгелерден   оқшаулаудың қимыл-қарекетін қамдай жүруге жақын жандар тобыры топтан оқшауланып қалатынын байқап жүрміз. Сырт көзге өзін бөле-жара асқақ көрсетудің мұндай жасанды жолдары адамның абыройын аласартатыны аян. Менмен жанның жанынан жұрттың жырақтау жүретінін, ондайлардың бас қосқан ортасына сіңісе алмай шіркін болатынын сеземіз. «Ұлық болсаң - кішік бол» деген халқымыздың даналық тұжырымынан, есті ескертпесінен аттаудың ақыры абыройдың аяқасты болуына әкеп соғатынын жадымыздан шығару - жақсылықтың нышаны емес.
Кісілік - ар-ұятты ардақ тұтқан адамға ғана тән қасиет. Кісіліктің бастауы - адамдық пен адалдық. «Жақсыға жақын жүр» деп бекерге айтылмаса керек. Кісілік келбеті, көркем мінезі, жасымайтын жігері, орынды жерде қайтпайтын қайсарлығы, кісілігі басым, ірі мінездің адамы шапағат шуағын айналасына шашып жүретінін жұрт біледі. Ондай азаматтардың бедел-биігі аласармайды. Абырой - елдің құрметі десек, ол кісіге күш беретін құдірет. Осы мәртебені көтере алған, кісілігіне кіреуке түсірмеген адамның ғана басы сыйлы, бағы басым.
Кісілік - әділдікке, адалдыққа құл болу, көкірегінде көзі бар адамның еншісі, ақыл-ой мен парасаттың көрінісі. Дей тұрсақ та, қазіргі кезде ар-ұяттың ақшаға сатылатын, топастың таза талантқа тырнағын батыратын, кісімсіп күпінгендердің табан астында айы оңынан туатын, сырбаз мінез сабырлының  салы суға кетіп қуанышын жаспен жуатын жәйттердің жағымсыз жағы жанға бататынын жасыра алмайсың. Туралықтың тұлпарынан мәймөңкеліктің мәстегінің озып жүргені ойлы жан үшін өкініш. Арлының соры қайнаған, арсыздың түгі таймаған, жылпостың жүзі жайнаған,   сақаудың тілі сайралған, шешеннің тілі байланған, құлқынның көңілі жайланған,    жемқордың қолы майланған,     жуасты жүндеп жүрген, күштіні аяқтан шалып, күндеп жүрген мезгіл мерезінің ортасында өмір кешіп жатқанымыз ешкімге жұмбақ емес. Қадір ақынның тілімен айтсақ «күпі киген кемеңгерден макинтошты миғұланың» озып тұрған кезі.
Жөн сөзге жығыла білу де кісіліктің бір белгісі. Кісілік көзбен көріп, қолмен өлшенбейді. Терең оймен, адал армен, жайсаң жанмен, қастерлі қасиетпен бағаланып, байқалады. Адалдықтың аққуына мылтық кезеніп жүргендердің жоқ еместігі де көп жәйтті есіңе салады. Дүниеге бай, арға кедейлік адам басына қонақтаған қасіреттің ең үлкені. Менмендік пен ісіктік, қулық-сұмдық пысықтық, жеңіл мінездің жетегіне жегілу де кісілікке кереғар қарекет. Мұндайда сырбаз мінез, салиқалы ойдың сардары, артына арзымайтын рухани азық, ғұмырлық ғибрат қалдырған ақын Сейіл Боранбайұлының жырынан жырақтай алмайсың.
Бола қалсаң кеуде қақпа «мен» деп кіл,
Басқаның да ақыл сөзін жөн деп біл.
Ұлылықтың күтіп ұстап пырағын,
Кішіліктің дорбасынан жемдеттір. - Санасында саңылауы бар адамға мұнан артық астарлы ой мен алтынға бергісіз ақыл болмас сірә. Тек қорғасындай ойды көңілдің қалыбына құйып, кәдеге асыра білсек кісілігіміздің кілті қолымыздан түспесі кәміл.
Кісілігіне кісен салып, көрінгенді іштен шалып, жағымпаздықтан   тапқан оңай олжасына мұртын малып, ақыл-ойды қолдан арқандап алып, обал-сауапты ойынан алыстатқан адамға айтар сөзің алабөтен. Орамды ойы, жайлы сөзі, ұнамды үлгісі, ұқтырар ұлағаты, қиқымдай ғибраты болмаса жастарды былай қойғанда, ішетін асқа, мүжитін   басқа бола келген қартта да кісілік кемшін. Yрлеп ішіп, шайқап төгетін шайпау мінезден, байлықтың буына елітіп, маңайына мұрын шүйіре маңғаздық танытатын тарпаңдықтан кісілік шықпайды. Тоқшылықтың тақсіретінен кісілігінен қол үзіп қалып, адасып жүргендердің тағдыры аянышты. Қарнының   айтқанына көніп, айдауына жүргендерге, құлқынға басыбайлы құл болып, кіріптарлыққа      мойын ұсынғандардың дертіне дауа табу оңай емес.
Әттеген-айы сол, білегі көтере алмайтын шоқпарды беліне байлап жүргендер бар. Бұл даңғойлықтан дарыған дерт. Әлін шамалай алса да сырт көзге қарын қампайтып, жалын күжірейтіп, кісілігін кері мағынасы тұрғысынан көрсетуге әуес жандардың табиғи болмысынан тал түсте адасып жүргені    жанға жайсыз құбылыс екендігін сыншы болып отырған сырт аңғаратындығын ау-жайына ала бермейді. Ерсі әрекеттің, қисынсыз қылуаның, алдамшы сәттің арбауына түскендердің тағдырдан тартып жүрген теперіші аз емес. Оңтайлы отырыстың тұнығын лайлайтындар өзімдікпен ортаға қатысы жоқ өгей сөзін өңештеп, өлермендікпен сыналайтын адам кісілігін кірлетеді. Қолына менмендіктің піспегін алып, ұйыған ортаның сабасын шайқап жіберетін сабырсыздардың алар «сыбаға - сыйы» да өзіне лайық.
Шіреніп шырт түкіретіндердің бет-бейнесінен ішкі жан дүниесінің жағымсыз жақтары, былайғы жұртқа жиіркенішті жәйттері жарнамаланып тұратыны анық. Мұның аты - кісімсу, кісіліктің қас жауы, ісіктіктің ұрпағы. Андыздап, ауыздықпен алысып, сұйық сөзімен, асқатықсыз әңгімесімен аласұра алпарысатын, қыңырлығымен қыр көрсететіндерге не дерсің. Кісімсу - өзін өзгелерден оқшаулап озық көрсетуге деген тыраштанудан туатын жасанды мінез, мақтаншақтықтың машақаты, жалаң белсенділік. Кісімсіп қабақтан қар жаудырып, айналасына ызғарын шаша айбат шегетіндер де арамызда бар. Кісімсудің кеселіне шалдыққан мұндай жандардың ортасы– олқы, жаны – жүдеу. Ретсіз ісіктіктің кісілікке көлеңке түсіргеннен басқа қасиеті жоқ. Кісімсу - ардан айырылу, ұятты ұмыту.
Жан-жағына жағымды, орынды жерінде тура сөзін осып айтатын, жөніне ғана жығылатын жандарды ірі мінездің адамы дейміз. Әдемі айшықталған сипаттамаға ие болып жүрген жанның жұлдызы әрқашанда жарық әрі жоғары. Ірілік ұғымы екі түрлі мағынаға телінеді. Осы екеуінің ара-жігін ажырата білсек, ақиқаттан ажырамаймыз, табанымыз тура жолдан таймайды. Бұл  адалдықтың, ар-ожданның өлшеміне сай өзгелер тәлім алар өрнекті өнегесі бар, өзінің биік тұғырынан табылатын, елдің сый-құрметін еншілеген дара тұлғаға ғана жарасатын жағымды қасиет, мәрттік мінез. Іріліктің екінші жағы бұған қарама-қайшы, ісіп-кебудің ыстығына шарпылудан туындайтын, тәкаппарлық деген тілеп    алған аурудың арасында түсігі жоқ туысы. Адамдардың «қамын ойлап, аспанды жерге түсірмей тіреп тұратындар» да осылар.
Кісілік қасиетті толықтырушы, дем беруші күш – кішілік. Ол сабыр мен төзімнің, кішіпейілділіктің, байсалдылық пен байыптылықтың, ақыл мен абзал мінездің жиынтығы. Тау қопарар күш-қайраты, биікті   бағындырған ақыл-ойы мен терең танымы, жұрттан асқан жетістігі бола тұра ретті жерінде кішірейе білу, сөзге тоқтау, өзгелердің оң пікірімен санаса отырып, ортақ тоқтамға ат басын тіреу де саналылықтың,  сыпайылықтың, кішіліктің көрінісі.

Қазақстан Халықтар ассамблеясының 20жыл
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзімен айтсақ, қасиетті қазақ жерін татулықтың талбесігі етіп, бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы ел тәуелсіздігінің ең жауапты кезеңінде бірлігіміздің бастауы болсын деген ниетпен құрылған еді.
«Ассамблея елдіктің өлшемі, тұрақтылықтың тұтқасы болды», — деді Елбасы. Кезінде әртүрлі тағдырды мойындарына жүктеп, Қазақ жерінен басына пана, жанына сая іздеп келген талай ұлттың балаларының тағдыры ел иесі — қазақ халқының тағдырымен біте қайнасып жатыр, себебі біз бір елде тұрып жатырмыз.
Елбасы ұлтаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау мемлекеттің ұлттық саясатына және біздің әрқайсымыздың күнделікті іс-қимылымыздың нәтижесіне байланысты екендігін ұдайы нақтылайды. Ассамблеяның кезекті сессиясында татулықсыз, бірліксіз ештеңе болмайтынын Елбасы тағы ескертті: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екенін мықтап есте ұстаған абзал.
Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек.
Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес», — деді Елбасы. Халықтық әпсана бойынша, ырыс ынтымақ бар жерге ғана барады. Бірлік жоқ жерде тірлік болмайтыны тағы аян. Осы тұрғыда облыстағы этносаралық ахуалдың тұрақты болуына ассамблеяның үлесі зор. Облыстық статистика басқармасының 2013 жылдың 1 наурыздағы мәліметі бойынша, қазір Ақтөбе облысында барлығы 797 800 адам тұрып жатыр. Жекелей этностық құрам бойынша, оның 80 пайызы — қазақтар.       
Жалғыз Отанымыздың шаңырағының астында тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы ретінде жұмыс жасап келе жатқан ассамблеяның кезекті сессиясына Ақтөбе облысынан 14 адам қатысты. Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы, облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, Ассамблея мүшелері — облыс әкімінің орынбасары Сара Нұрқатова,  Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы атқарушы хатшылығының меңгерушісі Қыдырғали Ермұқан, хатшылықтың жетекші маманы Зәмзәгүл Бимағамбетова және бірнеше этномәдени бірлестіктердің төрағаларынан тұратын делегация жиырмасыншы сессияның төрт жүзден астам мүшесімен бірге Елбасының сөзін тыңдады. Бұл басқосу, шын мәнінде, салиқалы ойлар айтылып, тағдырлы шешімдер қабылданған шара болды.
Ассамблеяның ХХ сессиясына қатысып келген делегаттар былай дейді:    
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, Қазақстан тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитарлы мемлекет болғандығына биыл 22 жыл толады. Сол бір күрделі де қалыптасу кезеңінен бергі уақытта Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ішкі саяси тұрақтылыққа негізделген парасатты саясатының өміршеңдігін қазіргі заманғы даму толық дәлелдеп отыр. Тарихи тағдыры ортақ түрлі ұлт өкілдері тәуелсіз Қазақстанның іргесін бірге қаласты. Олардың арасында этносаралық келісімді жетілдіруде өткен айда 18 жылдығын атап өткен еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктердің ортақ құрылымы, азаматтық қоғамның ерекше институты — Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттар мен ұлыстардың алтын діңгегіне, біздің ұлттық игілігімізге айналды. Көп ұлтты және көп конфессиялы ел болып отырған біздегі толеранттылық пен кикілжіңсіз дамудың ерекше үлгісі бүгінде нақты қолданбалы сипатқа ие болып отыр.
Өткен аптада болған Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында жоғары мінберден айтылған сөздер осының айғағы. 
«…Осы жылдар ішінде Ассамблея кәмелет жасына жетіп, ұлтымыздың аса маңызды жалпыазаматтық институтына айналды. …Бейбітшілік пен тыныштық әр үйдің баға жетпес байлығына айналды. Біздер мен сіздер атқарған  жұмыстың, Ассамблея жұмысының басты нәтижесі, міне, осы! Бүгін біз Ассамблея — тұтастай Қазақстан халқы деп толық негізбен айта аламыз! Барлық он жеті миллион! Бүгін Ассамблея — тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің сенімді, берік іргетасы. Ассамблея тарихы — ел тарихы, халық тарихы», — деді Елбасы.
Елбасы Жолдауы - болашақтың бағыты Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану кафедрасының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына байланысты іс-шара өтті. Шараға кафедра оқытушылары мен студенттер қатысты. Кафедраның аға оқытушысы т.ғ.к., Г.А.Мейрманова баяндама жасап, Жолдаудаға міндеттерді атап өтті. Жиында И-11-1 оқу тобының студенттері И. Құрманиязов пен Н. Рахатов ииновациялық идеяларға байланысты өз ойларын айтты. Сондай-ақ, И-12-1 оқу тобының студенттері Ж.Сұлтанжан, Е. Қаналхан және Н. Қасамханқызы Жолдауға қатысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Кафедра оқытушылары үш тұғырлы тіл саясаты, EXPO-2017 халықаралық көрмесіне байланысты пікірлерін білдірді. Іс-шара барысында Елбасының 17 қаңтардағы «Қазақстандық жол – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауындағы барша қазақстандықтардың мүддесі тұрғысынан жауап беретін, нұрлы болашаққа бастайтын іс-қимылдар жоспары екендігі түсіндірілді. Елбасымыздың биылғы жолдауында да әлеуметтік мәселелер кеңінен қамтылды. Оның ішінде Елбасымыз дамыған елу елдің қатарына қосылуға бастайтын бір ғана күш – елдің бірлігі мен еңбек, білімге құштарлығы екендігін баса айтты. Жолдама айқын бағдар жарқын болашаққа нағыз халыққа қамқор, халықтың мүддесін орындауға бағдар беретін, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.Президент халықты батыл қадамға шақырып, биік мақсаттарды жетуге жол көрсетіп отыр.Еліміз дамуының негізгі мәселелерін қамтыан бұл маңызды құжатта Мемлекет Басшысы алда тұрған ауқымды міндеттерді анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарларды белгілейді.Елбасы ең бірінші қойған мәселесі – 2011 жылы қабылданған халықты жұмыспен қамту бағдарламасын кең іске асыру. Былтырғы жылы бұл бағдарламаға 60 мыңдай адам қатысса, 2020 жылы бір жарым миллион адам қатысады деп күтілуде.Сонымен қатар, алда тұрған ауқымды міндеттерді анықтап, ішкі және сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарларды белгіледі.Ұлт Көшбасшысы инновациялық-индустриялық даму бағдарламасының елеулі үлес бере бастағанын, ең бастысы экономиканың өсімі терең құрылымдарға бастау болғанын жан-жақты көрсетіп берді.Президент аймақтық саясаттың жаңа ұстанымын қалыптастыруды ұсынып: «Қуатты бизнес-қуатты мемлекет» қағидасын жариялады.Мемлекет басшысы күн тәртібіне халықтың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған әлеуметтік модернизция және әлеуметтік саясат мәселесін қойды.Жолдаудағы елімізді индусрияландыру, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарға медициналық көмек көрсету мен білім беру саласын жаңғырту, мемлекеттік тілді дамыту, ауылдарға сапалы ауыз су жеткізу жөніндегі пікірлер халықтың жүрегіне тікелей жол тапты. Өйткені бұл бағдарламалар әрбір Қазақстан азаматының өмірін жақсартуды көздейді.  Президент Жолдауы Қазақстан халқының әлеуметтік толысуының, оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісімі мен толеранттылықты нығайтудың Елбасы айналасына топтасуының негізінің бірі болып табылады.